БірыңҒай көліктік жүЙЕ


Краснодар Ростов Астрахань Баку



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі1.94 Mb.
#124749
1   2   3   4   5   6

Краснодар Ростов Астрахань Баку


Нұсқа II

(ТЖ)


1236км

Нұсқа 1II

(ӘЖ)


1000 км

Сурет 1.2 – Бағдар сұлбасы


Жұмыстың орындалу тәртібі

1) Әртүрлі көлік түрлерін қолданумен тасымалдаудың үш мүмкіндік нұсқасын, тура қатынасты, сонымен қатар аралас қатынасты белгілеу керек. Бұл кезде тасымалданатын жүк түрін ескеру керек.

2) Шартты белгілерді пайдаланып, бағдар сұлбасын сызу, ал темір жол көлігінде ірі аралық қалаларды көрсету керек.

3) Тасымалдаудың әр бағдары бойынша орташа тасымал арақашықтығын есептеу.

4) Жүкағыны кестесін және эпюрасын салу.

5) Барлық бағдар нұсқасы үшін жүкайналымын есептеп табу.



1.2 Жүктерді жеткізу жылдамдығы мен уақытты есептеу
Жұмыстың мақсаты: жеткізу уақытының құрам элементтерін қарасытыру, жеткізу жылдамдығы мен уақытты анықтау тәртібі, осы көрсеткіштермен көлік түрлерін салыстыруды орындау, әртүрлі көлік түрлерімен жүктерді жеткізу жылдамдығын анықтайтын, себептерді анықтау.

Шартты белгілер:

Тжет – жеткізу уақыты, сағат;

Тқоз – қозғалыс уақыты, сағат;

Тб-с – операцияның бастапқы-соңғы уақыты, сағат;

Тбос – жолдағы жоғалтқан бос уақыты, сағат;

Та-ә – апарып-әкелу уақыты, сағат;

Lа-ә – апарып-әкелу арақашықтығы;

Vтex – техникалық жылдамдық, км/сағат;

Vжет – жеткізу жылдамдығы, км/сағат.

Негізгі формулалар

Кез-келген көлік түрі үшін жеткізу уақыты былай есептелінеді:

Тжет = Тқоз + Тб-с + Тбос + Тбасқа. (1.2)

сонда:


Тқоз. = 1 / Vтex (1.3)

мұнда Vтex – техникалық жылдамдық, км/сағат;

Тбос – автомобиль көлігінде – бұл жүргізушінің дем алу, пунктерде ауысуға кеткен бос уақыт; өзен көлігінде – шлюздеуге кеткен уақыт.

Темір жол көлігінде – техникалық станцииядағы Tt.c. бос уақыт (егерде осы жол торабында бар болса) және аралық станциядағы бос уақыт Тп.с..

Тт.с = 2  К, (1.4)

мұнда К – жол торабындағы аралық қалалар саны, яғни техникалық станциялар саны, бір техникалық станциядағы бос уақыт 2 сағатқа тең.

Тп.с.қоз./3 (1.5)

Темір жол, өзен және әуе көлік түрлері үшін, егерде олар автокөлікпен қарым қатынаста болса, онда жеткізу уақытына қоймадан магистралды көлік түріне апаратын уақыт пен магистралды көлік түрінен пунктке дейін әкететін уақыт енеді; автокөліктен магистралды көлікке және керісінше жүкті тапсырыс ету уақытыда Ттап. енеді..

Сонымен апарып әкелу уақыты мына формуламен анықталынады:

Та-ә= lа-ә / Vтех (1.6)

Темір жол, өзен және әуе көлік түрлері үшін:

Тжет = Тқоз.а-әб-сбостап. (1.7)

Автомобиль көлігі үшін:

Тжет = Та-ә + Тқоз. бос (1.8)

Жеткізу жылдамдығы мына формуламен есептелінеді:

Vжет= l / Тжет (1.9)

Тапсырманың орындау тәртібі

1) Барлық бағдар және көлік түріне жүктерді жеткізу уақыты мен жылдамдығын есептеу.

2) Әр бағдар желісінде көлік түрлерін салыстыруды орындау.

3) Берілген көлік түріне жеткізу жылдамдығын қамтамасыз ететін, себептерді сипаттау.

4) Көлік түрлері бойынша тасымалдау арақашықтығымен жеткізу жылдамдығы байланыс графигін құру (әр бағдардан Vдост және l мәндерін таңдап).

Тапсырманы орындау үшін берілген деректер:

Қозғалыстың техникалық жылдамдығы, Vтех км/сағат;

ТЖ-38 – 42 км/ сағат;

АК-38 – 40 км/ сағат;

ӨК-10 – 16 км/ сағат;

ӘК- 800 - 950 км/ сағат;

ҚК - мұнай - 3 км/ сағат;

Газ - 6 км/ сағат.

Жүктерді апарып әкелу кезіндегі техникалық жылдамдық, Vаәтех:

- автомобиль көлігімен — 27км/ сағат;

- темір жол көлігімен - 30км/ сағат.

Бастапқы-ақырғы операцияны орындау кезіндегі бос уақыт (көлік құралының 1 циклдағы жұмысы) t б-с, сағат:

AК - 2,5 сағат;

ТЖ - 48 сағат;

ӨК - 25 сағат;

ӘК - 4 сағат.

Бір көлік түрінен басқа көлікке жүкті тапсыру уақыты Ттап., сағат - 24 сағат.

Жолдағы бос уақыт, Тбос. , сағат:

Автомобиль көлігінде аралық пунктердегі бос уақыт әрбір 200 км сайын 0,5 сағатқа тең деп алу керек;

Темір жолда аралық стансалардағы бос уақыт қозғалыс уақытынан 1/3 құрайды; бір техникалық стансадағы бос уақыт – 1 сағатқа, станса саны аралық қалалар санына тең;

Өзен көлігінде - шлюздеуге кеткен уақыт шығыны 1,5 - 2,0 сағат.

1.3 Көлік жұмысының негізгі техника-пайдаланушылық көрсеткіштерін есептеу
Жұмыстың мақсаты: бұл бөлімде студент әртүрлі көлік құралдарын пайдаланудың техника-пайдаланушылық көрсеткіштерін анықтауды үйрену керек, соның ішінде:

- әр бағытқа тасымалдауды орындау үшін қажетті, көлік циклі (ездка) санын есептеуді;

- жүрісті пайдалану көрсеткішін есептеу; әрбір көлік түрімен берілген жол торабында тасымалдау кезінде 1 циклге (ездка) кеткен орта уақытты есептеуді;

- вагон, кеме және автокөліктің тәуліктік жүрісі мен пайдаланушылық жылдамдығын есептеуді;

- тонно-километрде вагон, кеме және автокөліктің сағаттық өнімділігін есептеуді;

- жол телімі және көлік түрлері бойынша бастапқы құрамды пайдалану көрсеткіштерін салыстыруды;

- қорытынды жасауды.

Шартты белгілер:

c – жүк көтергіштікті пайдалану еселігі;

qn – көлік құралының номиналды жүк көтергіштігі, т;

Lжалпы, Lжүк – көлік бірлігінің жүкпен және жалпы жүрісі, км;

Zmin, Zmax – минималды және максималды тасымалдау көлеміне сәйкес келетін бағыттағы ездка саны;

Тн – нарядтағы уақыт, сағат;

Tmin жет , T жет max - минималды және максималды тасымалдау көлеміне сәйкес келетін бағыттағы жеткізу уақыты, сағат;

Тқоз. min , Тқоз. max - «минималды» және «максималды» бағыттағы қозғалыс уақыты, сағат;

Тбос - «минималды» бағыттағы жолда тұратын бос уақыт, сағат;

Vпай. – пайдаланушылық жылдамдығы, км/сағат;

1тәу. – тәуліктік жүріс, км.

Теориялық мағлұмат

Тасымалдауды орындау үшін қажетті көлік циклінің (ездка) саны мына формуламен анықталынады:

Zе=Q / qn   (1.10)

Ездка санын теңестіру кезінде, бағдар желісінде тура және кері бағытта жүктерді тасымалдау үшін қажетті бос жүріс болмайды. Сондықтан жалпы жүріс жүкпен жүретін жүріске тең, яғни

Lжалпы = Lжүк = Zе  2  1 (1.11)

Егерде бір бағытта Zmax ездка орындалса, басқа бағытта Zmin ез­дка, онда ездканың бір бөлігі тура және кері бағытта бос жүріссіз орындалады Zmin + Zmax = 2 Zmin, ал қалған ездка (Zmax + Zmin) бос жүріспен. Сондықтан жүрісті пайдалану еселігі мына формуламен есептелінеді:

жүк = Lжүк / Lжалпы (1.12)

Темір жол және өзен көлігінде бос жүріс еселігі есептелінеді

бос = 1-жүк = (Zmax - Zmin) / 2Zmax (1.13)

Әрбір бағдар телімінде көліктің кері бос жүріс циклі және бос жүріссіз жүру циклі болғандықтан, олардың орындалуына кеткен уақытты бөлек санау керек, содан кейін орта өлшем мөлшерін есептеу керек.

Бос қайтпаған жүрістің бір цикліне кеткен уақыты былай есептелінеді:

жүк = 1 болғанда tц1 = Тжет max + Тжет min (1.14)

Бос қайтқан жүрістің бір цикліне кеткен уақыты былай есептелінеді:

жүк=1/2 болғанда tц2 = Тжет max + Тжет min + Тбос min (1.15)

Пайдалануда автокөлік-сағат, вагон-сағат, кеме-сағат Чпай., сағат:

1/2<жүк <1 болғанда Чэ = Zmin tцl + (Zmax - Zmin) tц2 (сағат) (1.16)

Бір циклге жұмсалатын орташа уақыт:

teпай. / Zmax (сағат) (1.17)

Пайдаланушылық жылдамдығы мен тәуліктік жүріс мына формуламен жүргізіледі:

а) автомобиль көлігі

Vпай. = 2 l / tц (1.18)



Lтәу. = Vпай.  Тн (1.19)

б) темір жол, әуе және өзен көлігі

Vпай. = 2 l / tц (1.20)

Lтәу. = 24  Vпай. (1.21)

Тонно-километрде автокөліктің, вагон мен кеменің сағаттық өнімділігі мына формуламен есептелінеді:

Wpсағ = qн  c l / tц (ткм/сағат) (1.22)

Тапсырманың орындалу тәртібі:

1) Әр бағытта берілген тасымалдауды орындау үшін қажетті көлік циклінің (ездка) санын есептеу.

2) Жүрісті пайдалану көрсеткішін есептеу.

3) Әр көлік түрінде берілген жол телімінде тасымалдау кезінде 1 циклге (ездка) кеткен, орташа уақытты есептеу.

4) Автокөліктің, вагон мен өзен кемесінің пайдаланушылық жылдамдығы мен тәуліктік жүрісін есептеу.

5) Тонно-километрде автокөліктің, вагон мен кеменің сағаттық өнімділігін есептеу.

6) Көлік түрлері және телімдер бойынша бастапқы пайдалану құрам көрсеткіштерін салыстырып, қорытынды жасау.

Тапсырманы орындау үшін берілген деректер:

Көлік бірлігінің номиналды жүк көтергіштігі qн, т:

- автокөлік – таңдалған маркасына сәйкес Қысқаша автокөлік анықтамасы бойынша анықталынады;

- темір жол вагоны - 70 т;

- өзен кемесі - 1500 т;

- әуе ұшағы - 40 т.

Нарядтағы автокөлік уақыты Тн = 10 сағат. ТЖ, ӘК, ӨК жұмысын тәулік бойы деп алу керек. Жүктердің жүк көтергіштік пайдалану еселігін 13-01-05 прейскурант бойынша анықтау керек.

1.4 Көлік жұмысының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу

Жұмыстың мақсаты: бұл бөлімде студент жылжымалы құрамға қажеттілікті (көлік бірлігінің пайдаланушылық және тізімдік санын); көлік жұмысының экономикалық көрсеткіштері және оларды табуға капиталды қаржы бөлуді анықтай білулері қажет.

Шартты белгілер:

Nпай. – көлік құралының пайдаланушылық саны, дана;

Nтс - көлік құралының тізім саны, дана;

в – көлік құралының пайдалану еселігі;

Ц1 – жылжымалы құрам құны, мың тг;

КВпсжылжымалы құрамға қаржы бөлу, мың тг;

КВпу – тұрақты құрылғыға қаржы бөлу, мың тг;

Сэ – пайдаланушылық шығын, мың тг;

Стұрақты – тұрақты шығын, мың тг;

Сауыт. – ауытқымалы шығын, мың тг;

ЗПж – жүргізушінің еңбек ақысы, тг;

Сас – 1 автосағат жұмысына кеткен шығын нормасы, тг;

АЧн нарядтағы автосағат, сағат;

Lжалпы – жылжымалы құрамның жалпы жүрісі, км;

Скм - 1 км-ге кеткен шығын нормасы, тг;

т, ткм - т және ткм-дегі еңбек ақының тарифтік мөлшері.

Теориялық мағлұмат

1 Берілген жүк көлемін тасымалдау үшін көлік құралының пайдаланушылық санын мына формула бойынша есептейді:

Nэ = Р / Тн  Wp сағат  Дк, дана (1.23)

мұнда Дк – 1 жылдағы жұмыс күн саны, 365 күнге тең;

Wpсағат – көлік құралының сағаттық өнімділігі (ткм).

Ал локоматив санын мына формула бойынша есептейді:



, (1.24)

мұнда - локомативтің тәуліктік өнімділігі, ткм, 500000 ткм.

2 Көлік құралының тізімдік саны мына фор­муламен есептелінеді:

Ncn = Nпай. / в , дана (1.25)

мұнда в – көлік құралын пайдалану деңгейін шағылыстыратын еселік.

3 Жылжымалы құрамға қаржы бөлу былай анықталынады:

KBnc = Nтс  Ц1, мың тг (1.26)

мұнда Ц1 - жылжымалы құрам құны, мың тг.

Жылжымалы құрамға қаржы бөлуден басқа, берілген деректерде көрсетілгендей, сыбағалы мөлшер бойынша есептелінетін КВпу- тұрақты құрылғыға қаржы бөлудіде ескеру керек. Жалпы қаржы бөлу былай анықталынады:

КВ = КВпс+ КВпу , мың тг (1.27)

Автомобиль және темір жол көлігі үшін тұрақты құрылғыға қаржы бөлу мына формуламен анықталынады:

, млн.тг (1.28)

мұнда НКВпу – 100 км жол құрылысының құны, млн.тг;

L – тасымалдау арақашықтығы, км.

Өзен және әуе көлігінде порттар және басқа өндірістік базалар құрылысының құны, жылжымалы құрам құнынан 65% алғандай:



(1.29)

4 Пайдаланушылық шығыны мына формуламен есептелінеді:

а) автомобиль көлігі үшін

Спай.ауыт. + Стұрақ. + ЗПж , мың тг (1.30)

Сауыт. – мына формуламен анықталынатын, ауытқымалы шығын

Сауыт.км  Lжалпы , мың тг (1.31)

Lжалпы – бір жылдағы автокөліктің жалпы жүрісі

Lжалпы=Lтәу.  Дк  в Nтс , км (1.32)

Стұрақ. - тұрақты шығын

Стұрақ.= Сас  АЧн, мың тг, (1.33)

АЧн – бір жылдағы атқарылған нарядтағы автосағат, автосағат

АЧн = Тн  Nтс  Дк  в (1.34)

ЗПж – жүргізушінің еңбек ақысы

ЗПж = (т  Q + ткм  Р)1,5, тг (1.35)

1,5 – барлық қосымша еңбек ақы, сый ақы, үстеме ақы түрлерін ескеретін еселік.

б) темір жол, өзен және әуе көлік түрлері үшін

С пай.= (Спо lпо + Сауыт.  Zжүк + Сбс + Сқоз. l) Q , мың тг (1.36)

мұнда Zжүк – барлық жолда 1 т жүкке келетін, жүк операциясының саны, дана

Zжүк = (Zmax+ Zmin) / Q = Ze/Q (1.37)

5 Тасымалдаудың өзіндік құны төмендегідей анықталынады:


а) 1 тонна тасылған жүкке, тг /т

Sт = Cэ / Q (1.38)

б) 1 ткм көлік жұмысына, тг/ткм

Sткм = Сэ / Р (1.39)

Тапсырманың орындалу тәртібі

1) Көлік құралының сағаттық өнімділік мәнін қолдана отырып, көлік құралының пайдаланушылық санын есептеу.

2) Көлік құралының тізімдік санын есептеу.

3) Қаржы бөлуді есептеу.

4) Тасымалдаудың нұсқасы бойынша пайдаланушылық шығынын анықтау.

5) Көлік жұмысының 1 ткм және 1 т жүкті тасымалдаудың өзіндік құнын анықтау.

6) Қорытынды жасау.

Тапсырманы орындау үшін керекті деректер:

Автокөлікті шығару еселігі в = 0,650;

Өзен көлігін шығару еселігі в = 0,90;

Темір жол жөндеуде вагон мен локомотив саны 15% болса, сонда в = 0,85;

Бір локомотивтің орта тәуліктік өнімділігі Wсут = 500 мың ткм.

Жылжымалы құрам құны, Ц1 мың тг:

тіркемемен автокөлік – 900 мың тг;

темір жол вагоны – 300 мың тг;

бір локоматив – 9 млн.тг;

құбыр – 4 млн.тг;

өзен кемесі – 6 млн.тг;

әуе көлігі – 300 млн.тг.

Тұрақты құрылғыға кеткен шығын (КВпу), яғни 100 км автокөлік, темір жол, құбыр жолын салу, мың тг:

Автомобиль көлігінде - 25 млн.тг;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет