Бірінші апта №1 дәрістің тақырыбы



бет1/2
Дата02.01.2022
өлшемі18.75 Kb.
#454238
түріКонспект
  1   2
Дәріс 1


Бірінші апта
1 дәрістің тақырыбы: Математика бастамалары.

Дәрістің топтама-тәсімі ( тірек конспектісі немесе тезистер)

1.Математика және оның тарихы. Тарату.

2.Математиканың негізгі ұғымдарының қалыптасуы.

3.Ежелгі шығыс ғылымы.

4.Мысыр математикасы.

5.Вавилон математикасы.

Қазіргі ғылым, оның іргетасы – математика заманымыздың аса мәдени құбылысы, жалпы өркениетіміздің бөлінбес маңызды бір бөлігі болып отыр. Сондықтан да тек болашақ математика пәнінің мұғалімдері ғана емес, білім-парасатқа ұмтылған әрбір азаматтың ғылым тарихынан , әсіресе « ғылым патшасы» математика тарихынан белгілі бір дәрежеде хабардар болуы игілікті нәрсе.

Алайда, мәдениет тарихын баяндауға арналған еңбектерде математика тарихына осы кезге дейін жеткілікті көңіл бөлінбей жүр. Тіпті болашақ математика мамандарын дайындауды көздейтін университеттер мен педагогика институттарында да математика тарихы көп жағдайда өтілмей келеді. Математика тарихы жайлы оқу құралдары, көпшілікке арналған, кітаптар өте сирек кездеседі.Мәселен, математика тарихының төрінен орын алатын ұлы ғалымдар Евдокс, Евклид, Архимед және Аполлоний есімдері ежелгі грек мәдениеті тарихы кітаптарының көбісінде жоқ. Сондай-ақ әйгілі ақын Омар Хайямның математика, астрономия тарихындағы елеулі еңбектері жайлы мектеп мұғалімдерінің көбісі білмейді. Тіпті ұлы жерлесіміз данышпан әл-Фараби-дің математикалық ұрасына арналып, қазақ тілінде дүние жоқ деуге болады.

Ғылым тарихын зерттеп білудің ғылымның өзі үшін де маңызы зор. Көрнекті математика тарихшысы Поль Таннедің сөзімен айтсақ, тарихтың бірден-бір түпкі мақсаты тіпті де бекер әуесқойлықты қанағаттандыру емес, оны зерттеп білу, сайып келгенде, болашақты нұрландыру деген. Мысалы тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Ньютон XVII ғасырдағы физика-математика ғылымдарындағы ең көрнекті тұлға. Оның еңбектеріне қазіргі кездегі жаратылыстану ғылымдарының көп асаласы негізделеді. Ньютонның механикасы осы замандағы физикаға іргетас қалады, ол қазіргі астрономияның да негізін салушылардың бірі. Ньютон-жоғары математиканы жасаушылардың бірі. Алайда, ежелгі грек оқымыстылары-Архимед, Апполоний, Птоломей еңбектері болмаса, одан кейін шыққан Галилей, Коперник болмаса, Ньютон болмас еді. «Мен жұрттан алысырақ көремін, өйткені мен алыптардың иығында тұрмын»- деп Ньютонның өзі айтқан екен. Ал Ньютон болмаса, ұлы Эйнштейннің физикасы дүниеге келмес еді. Осындай сабақтастықтың заңдылықтарын зерттеп ашып, ғылыми жұртшылық пен қалың бұқараға жеткізіп отыру- ғылым тарихы мен ғылым тарихшыларының негізгі міндеті.кейбіреулер математика өте щабан дамитын, тіпті өзгермейтін ғылым деп қарайды. Бұл түбірімен дұрыс емес. Адамзат мұқтаждығын, қоғамдық прогресс талабын өтеу жолында математика ғылымы ұдайы дамып, кемелденіп келеді. Математиканың арифметика, алгебра, геометрия, математикалық анализ сияқты классикалық салаларына қоғам қажеттігін, прогресс талабын өтеу, сондай-ақ математиканың дамуының өзінің ішкі логикалық талаптарын қанағаттандыру барысында функциялық анализ, математикалық логика, математикалық статистика, кибернетика, хабарлар теориясы және толып жатқан жаңа салалардың қосылуы бұл айтқанымызды толық дәлелдейді. Бұл процесс қазір де толассыз жүріп жатыр. Математика өзінің туып, өрбу барысында тарихи дамудың ұзақ жолын басчып өтті. Екі нүктенің ең жақын ара қаықтығы түзудің кесіндісі болатыны туралы және ең бастапқы сандар жайлы өте қарапайым білімдерден басталған математика өзінің қазір нақты пәні мақстаы әдіс-тәсілдері бар аса күрделі абстракты ғылымға айналып отыр. «Екі жерде екі төрт» деген шындықты білуден бастап осы күнгі аспан денесінің қозғалысын алдын ала дәл есептеуге (мәселен, Галлей кометасының ртаекториясын), атом ішіндегі процестердің есебін білуге, саусақпен санау орнына қиялдан да ұшқыр тез есептегіш электронды машиналармен (ЭЕМ) санауға жету үшін адам баласына көп мыңдаған жыл уақыт керек болды.



Көрнекті математик А.Н Колмогоровтың таратуы бойынша математика тарихын шартты түрде төрт дәуірге бөлуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет