Бірінші апта №1 дәрістің тақырыбы



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі18.75 Kb.
#454238
түріКонспект
1   2
Дәріс 1

Бірінші дәуір - математиканың туу, математикалық білім-дағдылардың, мағлұматтардың жиналу және қорлану дәуірі. Бұл жазба тарихқа дейінгі санаудан, алғашқы қауымнан басталып математика өзінің белгілі бір зерттеу пәні,мақсаты,әдістері, салалары бар дербес теориялық ғылым болып қалыптасқан (біздің заманымызға дейінгі VI- V ғасырлар) грек математикасына дейін созылады. Бұл дәуірде математикалық негізгі ұғымдар,сандар, фигуралар т.б. қалыптасады.

Екінші дәуір - элементарлық математика дәуірі – біздің заманымызға дейінгі VI- V ғасырлардан басталып біздің заманымыздың XVIғасырымен аяқталады. Бұл кезеңде математикада бүтіндей дерлік тұрақты шамалар қалыптастырылады. Математиканың арифметика, алгебра, геометрия және тригонометрия деп аталатын дербес салалары пайда болады.

Үшінші дәуір - айнымалы шамалар математикасының туу дәуірі.Бұл кезеңде математиканың негізгі нысанасы, объектісі – процестерді, қозғалыстарды зерттеп білу. Бұл дәуір XVII ғасырдағы Декарт, Лейбниц, Ньютонның ашқан математикалық жаңалықтарынан басталып XIX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды. Бұл аралықта математиканың бұрынғы салаларына аналитикалық геометрия, дифференциалдық және интегралдық есептеулер, дифференциалдық теңдеулер, ықтималдық теориясы сияқты физика – математикалық, техникалық және басқа жоғары оқу орындарында оқытылып жүрген қазіргі математиканың классикалық негізі болып саналатын көптеген салалар қосылады.

Төртінші дәуір - қазіргі математика дәуірі. Бұл XIX ғасырдың бірінші жартысында ұлы математиктер Н.И Лобачевский, Э. Галуа ашқан математикалық жетістіктерден басталады.Мұнда математика қамтитын кеңістік пішіндері мен сандық қатынастар мейлінше кеңейді, бұл тұста сандар ғана емес, вектор, тензор,спинор тәрізді және басқа тектес шамалар қарастырыла бастайды.Кеңістік туралы ұғымның шеңбері кеңейіп, әр түрлі геометриялар (евклидтік емес) ашылады. Алгебраның мазмұны бүтіндей өзгеріске ұшырайды. Математиканың көптеген жаңа салалары қалыптасады. Математиканың өзін тарихи, логикалық және философиялық тұрғыдан негіздеу мәселесі қолға алынады; есептегіш машиналар пайда болды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет