Біржылдық сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы



Дата09.05.2023
өлшемі32.24 Kb.
#473425
Дәріс 15


Дәріс 15 Гүл өсіру – мәдениеттіліктің айнасы Қала көшелерімен және мектеп аулаларын гүлді өсімдіктермен безендіру Гүлді-сәндік өсімдіктерді күтіп-баптау жұмыстары
Көгалдандыру ‒ қала, ауыл, т.б. елді мекендерде ауаны тазарту, көлеңкелеу үшін ағаш, бұта, гүл, көгал өсіру. Құрылыс аяқталғаннан кейін жүргізілетін көгалдандыру жұмыстары мекен жайларға әсем көрініс береді, шудан, күннен, шаңнан, т.б. қорғайды, санитарлық-гигиеналық рөл атқарады. Ғылыми деректер бойынша, белгілі бір аймақтың 15%-ы көгалдандырылса, шаң-тозаңның мөлшері 20%-ке кемиді, 35%-не өсімдік өсірілсе, шаң 50%-ке азаяды, ал 65%-не өсірілсе, шаң 95%-ке кемиді. Жол жағалауларына отырғызылған ағаш пен бұталар, гүлдер мен көгал ауадағы көмір қышқыл газды сіңіріп, ауаны отгегімен байытады, шуды азайтып, мекен жайды желден, күннен және шаңнан қорғайды. 1 га жасыл алқап 1 сағатта ауадан 8 кг көмір қышқьш газын бойына сіңіреді. Кейбір ағаштар өздері айналасына тарататын фитонцидтері арқылы ауадағы зиянды микроорганизмдерді жойып, оны адамның денсаулығына колайлы иондармен байытады. Мұндай ағаштар қатарына қылқан жапырақты қарағай, шырша, Сібір балқарағайы, т.б. жатады.
Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде міндетті түрде көгалдандырылатын алқаптың ауа райы, топырақ құрамы, жер бедері сияқты ерекшеліктері ескеріледі, суаруға қажетгі су көздері қарастырылады. Осы факторлар бойынша отырғызылатын өсімдіктер құрамы да анықталады. Орман ағаштары мен бұталар көшеттері, шөптесін өсімдіктердің жас өркендері мен тұқымдары әр аймақта орналасқан питомниктерден алынады. Осы себептен біз мына келесі өсімдіктерге тоқталайық.
Біржылдық сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы
Жұлдызшешек, левкой (Mattiola) [5]. Шыққан жері – Жерорта Теңізі. Сорттары гүлдеу мерзімімен, гүлдерінің түстерімен, олардың көлемімен т.б. ажыратылады. Жаздықтар тұқымын топыраққа отырғызғаннан кейін 3 айдан соң гүлдейді (мамыр); күздіктер – 4-6 айдан кейін (тамыз-қыркүйек); қыстықтар – 9-12 айдан кейін (жылыжайда өсірген жағдайда ерте көктемде гүлдейді).
Арыстанауыз, львиный зев (Antirrhinum) [5]. – жарық сүйгіш, суыққа төзімді өсімдік. Құрғақ ауа райында молынан суғару қажет. 400-ден астам сорттары белгілі, олар түсімен, гүлінің көлемімен және бұталарының биіктігімен еркшеленеді. Гүлінің түсіне әдетте сабағының төменгі жағында орналасқан жапырағының түсі сәйкес келеді.
Шырайгүл, петуния (Petunia) [5]. – Оңтүстік Америкадан әкелінген. Оларды балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жағалауында өсіруге пайдаланады. Бұл өсімдіктер жылу және жарық сүйгіш өсімдіктер, сондықтан оларды ашық топыраққа отырғызуға асығудың қажеті жоқ. 15 маусым айынан кейін отырғызған жөн. Қыржай аймақтарда маусым айынан қазан айына дейін гүлдейді. Сорттарын топтарға гүлінің мөлшеріне және өсімдіктің биіктігіне қарай бөледі.
Қырмызыгүл, календула (Calendyla) [5]. – біржылдық өсімдіктер. Гүлшоғыры – себетгүл сары-қызғылт түсті. Шілде айынан суық түскенге дейін гүлдейді. Гүлдеуін жалғастыру үшін және әсемділігін сақтап қалу үшін гүлдеп болған себетін алып тастау қажет.
Үрмебұршақ, декоративная фасоль (Phaseolus) [5]. және хош иісті бұршақ, душистый горошек (Pisum) [5]. – шырмалғыш бұрақты өсімдік. Үрмебұршақ гүлдері қызыл – сары-қызғылт, сирек ақшыл, асбұршақтың әртүрлі сорттарында – ақ түстен қара қошқыл түске дейін, көкшіл түстілері, көк және қызғылт, сары түстілері де кездеседі. Қаша бойына, террасаға салынады, шпагат жібіне жақсы шырмалып өседі. Үрмебұршақ жылу сүйгіш, бұршаққа қарағанда, сондықтан оны күнгей жаққа борпылдақ құнарлы топыраққа отырғызу қажет.
Жаздықтардың көбеюі. Тұқымдарын наурыз айында қорапқа (жәшікке) құнарлы топыраққа отырғызу қажет. Аязға тұрақты левкойлар және антиринумдер парниктерде өсіріп, одан кейін сәуір айының аяғында мамыр айының басында ашық топыраққа отырғызады. Гүлдеуі ерте болуы үшін хош иісті асбұршақты ақпан айында 3-4 бұршақтан құмыраға отырғызады. 10-12 күннен кейін өскінді көшіреді. Әсемдік үрмебұршақты және петунияны топыраққа 15 шілде айында отырғызады. Календула өсімдігінің тұқымын топыраққа күзде немесе суір – мамыр айларында отырғызады.
Раушангүлдер (Rosacea). 300-ден астам түрі белгілі. Бау-бақшалы формалары және сорттары көпжылдық күрделі шағылыстырудан алынған. Кеңінен таралған бау-бақшалы топтары: Шайлы, Ремонтанты, Шайлы-гибридті, Жартылайантты, Гибридті-жартылайантты, Тоқылғанды, Флорибунда, Грандифлера, Миниатюрлі [1].
Қайталанбас әсемділігі және хош иісі раушангүлді классикалық қималы өсімдік жасады.
Раушангүлдер вегетативті жолмен көбейеді: телу, қалемшелеу, тамырлардың бөлімдерімен, бұталарын бөлу арқылы. Раушангүлдердің әр тобының өзіне тән көбею тәсілі болады.
Жалпы гүлдеуді жүзеге асыру үшін тәні сау отырғызу материалы болу қажет, отырғызатын жері ерте дайындалып, күнгей жерде болуы және суық желдерден қорғануы қажет. Топырағы 50 см көлемінде қопсытылады, тыңайтқыштармен (органикалық және минералды) өңделеді. Раушангүлдер дұрыс шырпуды және қысқа дұрыс жабылуды, вегетация кезінде үздіксіз баптауды, қопсытуды, түптеуді және әртүрлі зиянкестерден және ауру туғызатын вирустар мен бактериялардан дәрілеуді талап етеді.
Раушангүлдердің әр тобынан және сорттарынан әдейленген бақша – розарийді ұйымдастыруға болады, олар жеке және топтасып отырғызуға қолайлы. Миниатюрлі формалары тастақты бақшаларда және альпинарияларда өте қажеттісі, тоқылғандығы – тігінен көгалдандыруға кеңінен пайдаланылады. Кейбір раушангүлдер шайлы, миниатюрлі – бөлмені безендіруге қосатын үлесі орасан зор.
Көкнәр, мак (Papaver) [5]. – біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктермен берілген. Суыққа төзімді, жарық сүйгіш, олар қарашірікке бай, ізбесті топырақты талап етеді. 2-3 күн гүлдейді. Біржылдық көкнар, сәл жарылған гүлшанағын суға салып қойған жағдайда, топырақтағысына қарағанда ұзақ гүлдейді. Көкнәрларды басқа жерге көшіріп отырғызуға болады; тұқымымен көбейеді.
Далалы көкнәр (самосейка) – біржылдық өсімдік. Жылтырағын күлтелеріне байланысты, оларды «жібек көкнәрі» деп те атайды. Мамыр айанан күзге дейін гүлдейді [1].
Тұқымы өте ұсақ, сондықтан олардын алдын ала сулап 1:10 ара қатынаста құммен араластырады. Ұялы әдіспен отырғызады. Өскінін басқа жерге көшеттетеп отырғызуға болады. Гүлдеу мерзімін ұзарту үшін, олардың себу мерзімін 20-30 күн интервалда отырғызады.
Көкшіл көкнәр – екіжылдық өсімдік, оны біржылдық ретінде пайдалануға болады. Тұқымын көктемде отырғызады, өскінін сиретеді.
Жалаңаш сабақты көкнәр, немесе сібір көкнәрі – көпжылдық өсімдік,екі жылдық ретінде де пайдаланады. Гүлдеуі – мамыр айынан қыркүйек айына дейін. Тұқымын көктемде немесе күзде тамыз айында отырғызады. Қысқа жақын кезеңде отырғызғандары мамыр айында гүлдейді.
Оңтүстік көкнәрі – көпжылдық, талғамайтын, суыққа төзімді өсімдік. Ашық жерлерде жақсы өседі, аздаған көлеңкелеуді жеңіл көтереді, бірақ көп ылғалдағанда тамыры шіри бастайды.
Екі түрі де тұқымымен, тамрлы және жасыл қалемшесімен көбейеді. Отырғызуды ерте көктемде теплицада немесе парникте жүргізеді. 1-2 нағыз жапырағы пайда болған кезде өзінің тұрақты орнына отырғызады. Қалемшеге әлсіз жанама өркенін пайдаланады, оны абайлап кесіп алады және қараңғыланған жерге, ылғалды топыраққа отырғызады. Отырғызудың ең қолайлы уақыты – жаздың ортасы немесе тамыз айының екінші жартысы.
Флоксылар (Phlox) [5]. Кеңінен таралғандар – сыпыртқы флоксы, әртүрлі түсімен ерекшеленеді. Олардың түсі: ақшыл, қызғылт, қызыл және ақшыл көк түсті.
Бұл көпжылдық өсімдік, оларды бір орында 4-5 жылдан өстам өңдеуге болмайды. Гүлшоғыры күшті және жағымды ароматты (иісті) болып келеді.
Гүлдеу мерзіміне байланысты барлық сорттарды ерте гүлдейтіндерге, гүлдеуі маусым айының аяғы мен шілде айының басы; орташа гүлдейтін, гүдеу уақыты шілде айында; жәй гүлдейтіндері тамыз айында гүдейтіндері.
Флоксы (Phlox) – ылғал сүйуші өсімдік, жақсы дамыған шашақ тамыр жүйесі топырақтың беткі жағында орналасқан, сондықтан құрғақ ауа райы кезінде оларды суғару қажет, ал қопсыту кезінде абайлықты сақтаған жөн. Себуге арналған жерде жарығы мол, жақсы желдену үшін мүмкіндік туғызады, өсімдіктерді отырғызу арақашықтығы бір бірінен 30-40 см болуы қажет. Флоксы вегетативті жолмен көбейеді – бұтақтарын бөлу және гүлдегенге дейін жасыл қалемшелерін тамырлату арқылы. Зақымданған өсімдікті дәрілейді, ал қалғанын жояды [2].
Лалагүл, лилия (Lilium) [5]. Әсемдік үшін бау-бақшаларда кеңінен пайдаланылатын қайсы бір өсімдікті атау қиынға соғады. Түрлік белгілеріне қарай лилиялар 9 топқа бөлінген, сонымен қатар олардың 3000 гибридті жолмен алынған сорттары белгілі.
Лалагүл – көпжылдық пиязшалы өсімдік. Олардың көбеюі пиязшалықтармен («балалары»), бүршікті пиязшалар – бульбочкалармен, қабыршақтармен және жапырақты сағақтармен жүзеге асырылады. Түрлі лилиялар тұқымымен көбейеді, оның тұқымын жәшікке жеңіл топыраққа наурыз айында себеді. Сеянцылары 2-6 жылда гүлдейді.
Лилияның отырғызу жерін көктемде немесе күзде су баспауы қажет. Америкалық түрлері мен сорттарына ылғалды және қышқыл топырақ қажет. Лилияның жоғары деңгейде өсіп жетілуі азадап көлеңкеленген жерде қарқынды жүреді. Лилияны отырғызған кезде бау-бақша жолы оңтүстік жақта болуы тиіс, сонда ғана олардың гүлдері оларға қарай бағытталады. Отырғызу тереңдігі 20-25 см; ақ лилияны 3-5 см тереңдікте отырғызу қажет. Отырғызудың қолайлы кезеңі – тамыз айы. Америкалық және кавказдық лилияны қысқа қарай қалыңдығы 20 см жабындық материалмен жауып, оны жылы температураның тұрақты орныққанға дейін ашпау қажет, әйтсе гұлдері үсікке шалдығады.
Екі жылдық сәндік өсімдіктердің биологиялық сипаттамасы
Қарақошқыл оймақгүл (наперстянка пурпурная) – екі жылдық өсімдік. Олар ашық немесе жартылай көлеңкелі жерлердегі борпылдақ топырақта жақсы өседі. Тұқыммен көбейеді, тұқымы өзінің өнімділігін 2-3 жыл жоғалтпайды. Жабылмай қыстап шығады, себілген жылы жапырақ розеткасын түзеді, екінші жылы биік гүлденгішпен гүлдейді [4].
Жол бойына оймақгүлді отырғызуға болмайды, өйткені оның жемістері улы.
Оймақгүл, наперстянка (Digitalis) [5]. – көпжылдық биік өсімдік, қызғылт ақшыл түсті гүлдерінің қара дақтары болады. Қысқа жабылуды талап етеді.
Шегіргүл, фиалка или виола (Phylica) – табиғаттың барлық жерінде кездеседі. Олардың көпшілігі қоңыржай белдеуде кездеседі. Гүл шаруашылығында негізінен кең тарағаны үш түсті шегіргүл, немесе анютины глазки. Екі жылдық түрінде қолданылады, кейді бір жылдық ретінде де пайдаланылады. Виолалар жарықты талап етпейді, үсікке төзімді, бірақ қардың өте қалың жерлерінде шіриді және өте суық аяздарда үсікке шалдығады. Ылғалдың жетіспеушілік кездерінде өсімдік үсақтайды. Орташа ылғалданған борпылдақ, қорегі мол сазды топырақта жақсы өседі. Оны тезекпен (көң) тыңайту қажет. Шегіргүлдің сорттары 3 топпен таралған: бір гүлді, екі гүлді, теңбілденген [3].
Қоңыраугүлдер, колокольчики (Campanula) [5]. Бұл өсімдіктердің бау-бақшалы формалары алынған. Олардың гүлдері махровыми и коренчатыми болып келіп түстері көк, қызғылт, күлгін және ақ. Маусым-шілде айларында гүлдейді, молынан жеміс береді. Тұқымы өнімділігін 3-4 жыл бойы сақтайды. Жеңіл құнарлы саздақ нейтральды реакциялы топырақта жақсы өседі.
Құлқайыр, мальва (Malva). Бау-бақшаларда кеңінен таралғаны кәдімгі құлқайыр, немесе шето-раушангүл, олар бірнеше әртүрлілігімен ерекшеленеді. Оларға, гүлдерінің түсі қызыл-қара бархытталған қара түсті құлқайыр; гүлдері жартылай бархытталған әртүрлі түсті және декоративті бархытты құлқайыр.
Құлқайырлар тыңайтылған топырақта жақсы өседі.
Екі жылдықтардың көбеюі. Тұқымын салқын жылыжайларда немесе ашық топырақта мамыр-маусым айларында себеді. Тұрақты жеріне өсімдіктерді тамыз айында отырғызады. Себілген жылы гүлдеуі үшін тұқымын жылыжайда қаңтар-ақпан айында себеді және топыраққа көшеттерін сәуір-мамыр айында отырғызады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет