«Бірлескен қызмет» 11 (ifrs) Қаржы есептілігінің халықаралық стандарты (2013 ж.)



бет1/2
Дата15.06.2022
өлшемі22.96 Kb.
#459262
  1   2
ҚЕХС

Бірлескен қызмет - бұл екі немесе одан да көп тараптармен бірлесе бақыланатын қызмет.


Бірлескен қызметтің ерекшеліктері мынадай:
(а) тараптаркелісімшарттық келісімдер арқылы байланысқан (В2-В4 -тармақтарын қараңыз),
(b) келісімшарттық келісімдер бойынша жоғарыда көрсетілген екі немесе одан да көп қызмет бойынша бірлесіп бақыланатынтарапты ұсынады (7-13 -тармақтарын қараңыз).
Бірлескен қызмет бұл- не бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын.
Бірлескен бақылау
Бірлескен бақылау бұл - келісімшартқа сәйкес екі тарап арасындағы бөлінген бақылау, яғни бірлескен бақылауды жүзеге асыратын маңызды қызметке қатысты шешім қабылданғанда екі тараптан бірауызды келісімді талап еткен кезде ғана бірлескен бақылау орын ала алады.
Қызметтің тарабы болып саналатын кәсіпорын тараптар арасындағы келісімшартық келісім барлық тараптар үшін немесе қандай да бір топ тараптары үшін бірлескен қызметке ұжымдық бақылау жасайтындығын анықтап алуы тиіс. Барлық тараптар немесе тараптар тобы бірлескен қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асырады, егер олар бірлескен қызметтің (яғни маңызды қызметтің) кірісіне айтарлықтай әсер ететін қызметті басқаруда хабар бере отырып әрекет етуі тиіс.
Егер барлық кәсіпкерлер немесе кәсіпкерлердің тобы бірлескен қызметке ұжымдықбақылауды жүзеге асыратын болған жағдайда, бірлескен бақылау тек маңыздықызмет туралы шешім бірлескен қызметке ұжымдық бақылауды жүзеге асыратынкәсіпкерлердің бірауызды келісімін талап еткен жағдайда жүзеге асады.
Бірлескен қызметте бірлескен кәсіпкердің ешқайсысы қызметкебір жақтық тәртіпте бақылауды жүзеге асырмайды. Бірлескен бақылауға қатысуға құқығы бар тарап қызметке бақылауды жүзеге асыруда кез келген басқа кәсіпкерлерге немесе тарап топтарына кедергі келтіре алады.
Егер кәсіпкерлердің барлығында бірдей мұндай қызметке бірлескен бақылауы болмаған жағдайда да бірлескен қызмет болуы мүмкін. Аталған стандарт бірлескен қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлердің және бірлескен қызметке қатысатын, бірақ бірлескен бақылауға иелік етпейтін кәсіпкерлердің айырмашылығын анықтайды (бірлескен операцияға қатысушылар немесе бірлескен кәсіпорынға қатысушылар).
Бірлескен бақылау қызметіне барлық тараптар немесе топ тараптары бірлескен бақылауға ие болатындығын болмайтындығын бағалау үшін, кәсіпорын пайымдаулар шығаруы қажет. Кәсіпорын бұл бағалауды барлық фактілер мен жағдайларды қарастыра отырып жасауы қажет
Бірлескен қызметтің түрлері
Кәсіпорын өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін анықтауы тиіс.Бірлескен қызметті бірлескен операция және бірлескен кәсіпорын ретінде жіктеу бірлескен қызметтің активтері мен міндеттемелеріне байланысты болады.
Бірлескен операция- қызметке бірлескен бақылауға иелік ететін кәсіпкерлерде қызметпен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершіліктің болуын болжайтын бірлескен қызмет. Мұндай тараптар бірлескен операцияның қатысушысы болып аталады.
Бірлескен кәсіпорын- қызметке бірлескен бақылауды иелік ететін кәсіпорындарда қызметтердің таза активтеріне құқығы болуын болжайтынбірлескен қызмет. Мұндай тараптар бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып аталады.
Бірлескен қызметтің бірлескен операция немесе бірлескен кәсіпорын болып табылатынын анықтау үшін, кәсіпорын пайымдаулар шығаруы тиіс. Кәсіпорын мұндай қызметпен туындайтын өзінің құқықтары мен міндеттемелерін қарастыра отырып, өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін анықтауы тиіс.Кәсіпорын өзінің құқықтары мен міндеттемелерін бірлескен қызметтің құрылымы мен ұйымдастырушылық-құқықтық формаларын, келісімшарттық келісімдер аясында тараптар арасында келісілген жағдайлар және қажеттілігіне орай басқа да факторлар мен міндеттемелерді талдау көмегі арқылы бағалайды (B12-B33 тармақтарын қараңыз).
Кейде тараптар шектікелісімдерге байланысты қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүргізуге қатысты жалпы келісімшарттық шарттарды анықтайды. Шектікелісімдер келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің белгілі бір түрлерін жүзеге асыру үшін тараптардың бірлескен қызметтің әртүрлі формаларын бекітетінін қарастыруы мүмкін. Шекті келісімдер келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің белгілі бір түрін жүзеге асыру үшін тараптар бірлескен қызметтің әртүрлі формаларын ұйымдастыратынын қарастыруы мүмкін.Егер қапталды келісім тәртібімен жүретін қызметтің әртүрлі түрін жүзеге асыруда пайда болған кәсіпкерлердің құқықтары мен міндеттері ерекшеленетін болса, мұндай бірлескен қызмет бір ғана қапталды келісіммен байланысты екеніне қарамастан әртүрлі болуы мүмкін. Мұндай бірлескен қызмет сол және басқа да шекті келісімдерге байланысты болғанына қарамастан, ол шекті келісімдермен реттелетін қызметтің әртүрлі түрлерін жүзеге асыру кезінде туындайтын тараптардың құқықтары мен міндеттемелері ерекшеленетін болса, ол әртүрлі түрлерден болуы мүмкін. Сәйкесінше бірлескен операциялар мен бірлескен кәсіпорындар, егер тараптар сол және басқа шекті келісімнің бөлігі болып табылатын қызметтің әртүрлі түрлерін іске қосса, жүзеге асыра алады.
Кәсіпорын фактілер мен жағдайлар өзгерген жағдайда өзі қатысушысы болып табылатын бірлескен қызметтің түрін қайта бағалауы тиіс.
Бірлескен қызмет кәсіпкерлерінің қаржылық есебі
Бірлескен операциялар
Бірлескен операцияларға қатысушы бірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесіне байланысты мыналарды таниды:
(а) бірлескен активтердегі өзінің үлесін қоса алғандағы өзінің активтерін;
(b) бірлескен міндеттемелердегі өзінің үлесін қоса алғандағы өзінің міндеттемелерін;
(с) бірлескен операциялар нәтижесінде өндірілген өнім үлесін сатудан түскен өз түсімін;
(d) бірлескен операция нәтижесінде өндірілген өнімдерді сатудан түскен түсімдегі өз үлесін;
(е) бірлескен шығындар үлесін қосқандағы өз шығындарын.
Бірлескен қызметтің қатысушысы ХҚЕС-қа сәйкес нақты активтерге, міндеттемелерге, түсімдер мен шығындарға таратылатын бірлескен операцияға қатысу үлесіне байланысты бірлескен операциялардағы оның қатысу үлесіне байланысты активтерді, міндеттемелерді, түсімдер мен шығындарды есепке алуда көрсетуі тиіс.
22 Қатысушысы өзі болып табылатын кәсіпорындар мен бірлескен операциялар арасындағы активтерді сату, жарна немесе сатып алу сияқты операцияларды есепке алу тәртібі В34-В37-тармақтарында сипатталынған.
Бірлескен операцияның қатысушысы болып саналатын, бірақ бірлескен бақылауда жоқ тараптар егер мұндай тараптардың бірлескен операцияларға қатысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілігі болса, 20-22 -тармақтарына сәйкес өзінің қатысу үлесін көрсетуі тиіс. Егер бірлескен операцияның қатысушысы болып саналатын, бірақ бірлескен бақылауы жоқ тараптар бірлескен операциялармен байланысты активтерге құқығы мен міндеттемелер бойынша жауапкершілігі болмайды, ол қатысудың мұндай үлесіне таратылатынбірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесін ХҚЕС-на сәйкес көрсетуі тиіс.
Бірлескен кәсіпорын
Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы бірлескен операциялардағы өзінің қатысу үлесін инвестициялар ретінде тануы тиіс және егер кәсіпорын көрсетілген стандартқа сәйкес үлестік қатысу әдісін қолдану талабынан босатылмаған болса, 28-«Қауымдасқан ұйымға және бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар» ХҚЕС (IAS) сәйкес үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алуда мұндай инвестицияларды есепке алуда көрсетуі тиіс.
Бірлескен кәсіпорынның қатысушысы болып есептелетін, бірақ бірлескен бақылауға иелік етпейтін тараптар өзінің қатысу үлесін9-«Қаржы құралдары» ХҚЕС (IFRS) сәйкес егер тек онда бірлескен кәсіпорынға елеулі ықпалы болмаса, болған жағдайда тараптар өз үлесін 28-ХҚЕС-на (IAS) сәйкес(2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) көрсетуі тиіс

Жеке қаржылық есептілік


Өзінің жеке қаржылық есебінде бірлескен операциялардың қатысушысы немесе бірлескен кәсіпорынның қатысушысы мыналарға қатысуда өз үлестерін көрсетеді:
(a) 20-22 -тармақтарына сәйкес бірлескен операцияларға;
(b) 27«Жеке қаржы есептілігі» ХҚЕС (IAS) 10-тармағына сәйкес бірлескен кәсіпорынға.
Өзінің жеке қаржылық есебінде бірлескен қызметтің қатысушысы болып табылатын, бірақ бірлескен бақылауы жоқ кәсіпкер мыналарға қатысуда өз үлестерін көрсетеді:
(a) 23-тармағына сәйкес бірлескен операцияларда;
(b) 9ХҚЕС (IFRS) сәйкес бірлескен кәсіпорында, егер кәсіпорынның бірлескен кәсіпорынға айтарлықтай әсері болмаса, болған жағдайда 27-ХҚЕС (IAS) 10-тармағын (2011 жылғы түзетулерді ескере отырып) қолдануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет