«Бірлігіміз жарасқан»



Дата30.06.2016
өлшемі296 Kb.
#168564
Жазғы демалыс кезінде студенттік құрылыс және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарында еңбек еткен студенттік жасақтар волейбол және шағын футбол ойындары бойынша 3 қыркүйек күні өзара жолдастық кездесулерін ұйымдастырды. Жолдастық кездесуге студенттік құрылыс жасақтары облыстық штабының жетекшілері Ә.Қ.Сүндетов, Д.Қ.Кадралиев және «Жасыл ел» облыстық штаб жетекшісі А.Ғайнеден қатысты. Студент жастар «Бірлігіміз жарасқан» атты ұранымен құрылыс жасақтары мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының студенттері құрама командалар шығарып, салауатты өмір салтын қолдайтындықтарын көрсетті. Жолдастық кездесудің нәтижесінде жарысқа қатысқан «Тәуелсіздік», «Отан», «Жігер», «Еңбек» командалары дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті жарты ғасырдан астам тарихында жалғасын тауып келе жатқан дәстүрлі шараларын жоғалтпай, жаңғыртып келеді. Соның айғағы ретінде 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне арналған салтанатты шараны атап өтуге болады. Шара жыл сайынғы дәстүр бойынша университет бас ғимаратының алдыңғы алаңында өткізілді. Салтанатты жиынға университеттің ардагер ұстаздары, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері, студенттер мен олардың ата-аналары қатысты.

Мерекелік жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын көтеріп, әнұранын орындаумен басталды. Жүргізуші Білім және ғылым министрі Б.Т. Жұмағұловтың профессор-оқытушылар құрамына, ата-аналарға, студенттерге арнап жолдаған құттықтау хатын оқыды. Білім ордасының басты байлығы – сапалы ұстаздар мен саналы шәкірттер. Сондықтан да шарада бірінші болып университеттің намысын асқақтатып жүрген олимпиада жеңімпаздары, атаулы шәкіртақы иегерлері, спорт шеберлері мен үміткерлер, облыстық, республикалық, халықаралық шығармашылық байқаулардың лауреаттары, студенттік құрылыс жасақтары, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары, студенттік өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері мен еріктілер топтары таныстырылды.


Әрбір жоғары оқу орнында студенттерді бірлік пен ынтымақтастыққа тәрбиелеп, намысын оятатын өзіндік белгілері болады. Университет студенттері сол белгілерді құрмет тұтып, туын тұғырдан желбіретуге әркез ынталы. Өз оқу орнына деген құрмет сезімдерін ояту мақсатында 1 курс студенттері үшін университеттің арнайы белгілері таныстырылды.

Университет ректоры, академик А.С. Иманғалиев алғашқы болып құттықтау сөз сөйлеп, университет ұжымына, қызметкерлерге жаңа оқу жылында үлкен жетістіктерге жетуге тілек білдіріп, университет табалдырығын тұңғыш аттап жатқан 1 курс студенттерін жаңа оқу жылымен құттықтап, сәттілік тіледі.

Университет ұжымы, ардагер оқытушылар құрамы атынан Ұлы Отан соғысының ардагері П.Р. Букаткин, жас ғалымдар мен педагогикалық еңбек жолын жаңадан бастап жатқан оқытушылардың атынан мәдени тынығу жұмысы мамандығы бойынша ғылым магистрі М.И. Исатаев, студеттер мен Тәуелсіздік құрдастары атынан Н.Ә. Назарбаев атындағы атаулы шәкіртақы иегері, қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 4 курс студенті Е. Асылханова құттықтау сөз сөйлеп, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, қызметкерлерге шыдамдылық, студенттерге тек үлкен жетістіктерді бағындыруға тілектерін білдірді.




Сонымен қатар, студенттерге университеттің басшылық құрамы мен факультет декандары таныстырылды.



Мерекелік шара «Арна» би ансамблінің, «Қорған» тобының, және шығармашылық байқаулар лауреаттарының концерттік бағдарламаларымен жалғасын тапты.

2011 жылдың 17 қыркүйек күні Абай алаңында қала күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Шара барысында театрландырылған шеру ұйымдастырылып, ел Тәуелсіздігінің құрдастары салтанатты шеру қатарынан табылды. Аталмыш шараға университет атынан 150 студент қатыстырылып, ел Тәуелсіздігінің құрдастары атынан ант қабылдады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет