Бірнеше қатарды ерекшелеуге болады



Дата31.08.2023
өлшемі14.92 Kb.
#476330
түріПрограмма
4 сабақ


Ғылыми зерттеуді қамтамассыз ететін тапсырманың маңызы зор. Ең озық әдіспен ақпараттарды жинау, іздеу, сақтау, өңдеу және беру маңызды.
Бірнеше қатарды ерекшелеуге болады:
Техникалық (инженерлік), есептеуіш техника мен автоматтандырылған ақпараттық – іздеу жүйесі, программалау, есептеуіш техниканы программамен қамтамассыз етумен байланыстысырманы шешумен байланысты.
Ақпараттық жүйелер. Халықты ақпаратпен қамтамассыз ету үшін ақпараттық жүйені жасау, қолдану және өңдеу. Осыған айланысты «информатика» термині пайда болды.
Ақпаратты пайдаланушылар.
Әр тұтынушының ақпараттық жүйеге, өз сұранысы бар. Жәнеде оның талабы жеке адамдық пікір. Бірақта рацианалдық түсінік бойынша ақпараттық жүйені пайдаланушы тұтынушылар келесі топтарға бөлінеді:

  1. Ғылыми зерттеуді өткізумен байланысты;

  2. Жаңа техниканы жасау мен өңдеумен байланысты;

  3. Басқару шешімін қабылдаумен байланысты;

  4. Жаңа техниканы жасаумен байланысты.

Ақпаратты беру тәсіліне байланысты құжаттар:

  • тексттік (кітаптар, журналдар, есептер және басқалар);

  • графикалық (сызбалар, схемалар, диаграммалар);

  • аудиовизуальдық (дыбысжазу, кино, және бейнефильмдер);

  • машинаоқитын (мысалы, анықтама базасын құрайды);

  • бастапқы (ғылыми зерттеудің тікелей нәтижесін алушы);

  • қосымша (аналитикалық – синтетикалық және логикалық өңдеуден тұратын).

Библиографиялық көрсеткіш - нұсқаулық және журналдық типтегі баспаға жатады. Библиографиялық суреттеудің орналасу жүйесіне байланысты көрсеткіштер системалық және пәндік болып бөлінеді.
Құжаттардың қорларын тәртіпке келтіру үшін кітапханалық-библиографиялық классификация қолданылады. Әлемде ең көп тараған ӘОК (УДК) - әмбебап ондық классификация, көп елдерде қолданылады. ӘОК арқылы ақпаратты тез тауып алуға болады. Негізгі таблица 10 кластан тұрады – оларға ғылымның әр салалары бекітілген. Әр класс ары қарай 10 бөлімге, ол бөлімдер ары қарай 10 бөлімшелерге бөлінеді.
Шет елдерден келетін ақпарат РПТНБ – республикалық патенттік-техникалық ғылыми кітапхана арқылы таралады. КазГОСИНТИ – мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттар институты ақпараттарды көп таратады, оның аймақтарда бөлімдері бар.
Ғылыми ақпарат көздерімен танысу үшін анықтамалық басылымдардан бастау керек. Керек мәліметтерді кітапхана каталогтарынан табуға да болады. Алфавиттік каталог, жүйелік каталог ғылым салалары бойынша кітаптарды табуға көмектеседі.
Патенттік ақпараттар құқықтық және ғылыми-техникалық негізге ие. Патенттану жаңалықтар мен өнертапқыштықтықты қорғау үшін қажет. Авторлық құқық заңмен қорғалады. Өнеркәсіптегі қолданылатын ой еңбегінің нәтижесі өнеркәсіп жекеменшігі деп аталады. Олар жаңалық, өнертапқыштық, пайдалы үлгілер, өнеркәсіптік үлгілер, тауарлық белгілер және фирмалық атаулар деп бөлінеді. Өнеркәсіп жекеменшігін қорғау үшін Ұлттық патенттік орталыққа өтініш береді.
Патенттік құжаттарда әртүрлі елдердің ресми органдары жаңалықтар мен өнертабыстар туралы мәліметтер жариялайды. Патенттік қорларда ақпараттарды іздеу үшін өнертапқыштықты жіктеу жүйесін білу қажет. Халықаралық жіктеу жүйесі 1954 ж. жасалды.
Ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеу үшін орынды дайындау маңызды. Оқу, оқығанды есте сақтау, белгілеу, конспектілеу, реферат жазу, ғылыми шолу жазу әдістері маңызды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет