ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесі
Орындаушы,
4 курс студенті____________________________________Байгенжеева А.Ш.
(қолы, күні)
Ғылыми жетекші,
____________________________________Қалымбетова Э.К.
(қолы, күні)
Норма бақылаушы,
оқытушысы ______________________________________ Баймолдина Л.О.
(қолы, күні)
Қорғауға жіберілді,
“ __ ” _______ 2007 жыл
меңгерушісі, психол. ғ. д., профессор __________________Жақыпов С.М.
(қолы, күні)
Алматы 2007
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе...................................................................................................................4
1 бөлім. Терроршы психологиясының теориялық негіздемелері.....................6
1.1. Террордан терроризмге дейін. Терроризм психологиясының
негізгі ұғымдары……………………………………………………………..........…6
1.2. Терроршыда агрессивтілік пен зорлық-зомбылықтың пайда
болуының табиғи және әлеуметтік факторлары...................................................14
1.3. Терроршының террорлық акт істеуінің мотивтері .........................................23
2 бөлім. Терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін
анықтайтын эксперименттік әдістер.......................................................................28
2.1.Зерттеу ерекшеліктерінің сипаты......................................................................28
2.2. Зерттеу барысында қолданылған әдістердің сипаттамасы............................28
2.3. Эксперименттік нәтижелерді өңдеу, психологияда қолданы-
латын математикалық әдістермен талдау жасау....................................................32
2.3.1. Басса-Дарки агрессивтілік деңгейін анықтау әдістемесінің
нәтижелерін тіркеу, өңделуі.....................................................................................32
2.3.2. Розенцвейг әдістемесінің қорытындыларының өңделуі.............................38
2.3.3. “Автопортрет” проективті әдістемесін қорытындылау...............................42
2.4. Зерттеу бөлімі туралы соңғы сөз.......................................................................44
Қорытынды..........................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................48 Қосымшалар
КІРІСПЕ
2001 жылғы 11 қыркүйектен кейін (бұл күні АҚШ-тың бірнеше қаласында осы мемлекет саясатына қарсы террорлық әрекеттер ұйымдастырылған болатын, осының салдарынан төрт мыңдаған адам опат болды) терроризм құбылысы біздің өміріміздің ажырамас бір бөлігіне айналды. Адамзат терроризмнің туындауы жаһандану үрдісімен байланысты екенін сезіне бастады және ары қарай “терроризм” атты құбылыстың өздерімен бірге өмір сүретініне көз жеткізді. Алдағы ондаған жылдарда бұл құбылысты жойып жібереміз деген сөздерге сену өте қиын және мүмкін емес те.
Терроризм психологиясы – психологияның ең жас салаларының бірі. Бұл саланың жеке түрде ғылым болып бөлініп шығуына өзіндік үлес қосқан – жоғарыда аталған әрекеттер. Рас, 2001 жылға дейін террорлық әрекеттер жиі ұйымдастырылып тұрды және оның саяси, заңдық, экономикалық аспектілері зерттелініп, ғылыми негіздемелері жасалынды. Ал, терроризмнің психологиялық астарларын қарастыру соңғы бес жылдықта ғана қолға алына бастады.
Ресейде терроризм психологиясының әлеуметтік қырларын көрсетумен Линдер И.В., Титков С.А., Витюк В.В., Эфиров С.А., Васильев В.Л. сияқты психологтар айналысса, шетелдік психология өкілдерінен психологияны әлеуметтік әсерлермен байланыстыра зерттеушілерге Поуст Дж., Александер И., Ливингстоун Н. т.б. ғалымдарды жатқызамыз [1, 42 б].
Терроршылардың психикалық ерекшеліктерін көрсетуде еңбек сіңірген авторлар қатарына ресейліктер Ольшанский Д.В., Антонян Ю.М., Марков М.М., Требин М., Алексеева Е., Коровиков А. жатқызсақ [2, 148 б], шетелдік ғалымдарға Франкл В., Беккер Э., Янсен Г., Поспишил К., Милгрем С. сияқты авторларды енгіземіз.
Менің бұл мәселені бітіру жұмысыма басты зерттеуі етіп алуымның өзіндік өзектіліктері бар.
Біріншіден, елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың әлем мемлекеттерімен ұстап отырған саясаты арқасында Қазақстан Республикасына терроризмнің қаупі әлі төне қойған жоқ. Дегенмен, әлемде болып жатқан оқиғалар көрсеткендей терроризм құбылысы хабарландыруды керек етпейді. Республикамызда осыған байланысты әрекеттер істелінді (ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті аясында терроризмге қарсы комитет жұмыс істейді, оны ҚР ҰҚК-нің төрағасының бірінші орынбасары А.К. Божко басқарады) және терроризмнен заңдық, құқықтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік тұрғыда қорғану әрекеттері істелініп жатыр. Мысалы, “Терроризмге қарсы күрес”, “Экстремизмнің алдын-алу туралы”, “Экстремизм мен терроризмге қарсы күрестің Мемлекеттік Бағдарламасы” атты ҚР арнайы Заңдары бар. Осы қатарға терроризмнің психологиялық аспектлерін қоссақ, құба-құп болар еді.
Екіншіден, еліміздің географиялық орналасу аймағы. Ұлан-ғайыр территориямыздың оңтүстігінде Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстанмен шектессек, батыста Каспиий теңізі арқылы Ресейдің Дағыстан, Шешенстан автономиялық мемлекеттерімен шектесеміз. Көріп отырғанымыздай, аты аталған мемлекеттердің барлығын терроризм құбылысы жайлап алған. Бұл қатарға Орта Азияда бізбен қатарласа қоныс тепкен әлемдік терроризмнің ошағы Ауғанстан мен Пәкістанды қоссақ, елімізде жасырын түрде терроршылардың мекен етіп жатқанына ешкім кепілдік бермейді.
Үшіншіден, терроршы тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу терроршылармен келіссөз жүргізетін арнайы кадрлар дайындауда тиімді. Әлемнің көптеген елдерінде осындай адамдарды дайындайтын арнайы институттар бар, еліміздің Қауіпсіздік комитетінде бұл мәселе енді қолға алына бастады. Сондықтан, осындай кадрларға терроршы психологиясын білу өте маңызды.
Зерттеудің басты мақсаты - отандық психологияда аса зерттеле қоймаған терроизм мәселесінің басты әрекет етушісі террошы тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін көрсету және терроршыға тән агрессивтілік деңгейін анықтау.
Зерттеудің міндеттері:
1) Терроризм психологиясы мен терроршының тұлғалық психологиялық ерекшеліктері туралы айтылған ресейлік және шет елдік авторлардың теорияларын талқылау;
2) Зерттеу болжамын анықтауда тиімді болатын әдістердің топтамасын жасау;
3) Зерттеу объектісі болған тұлғаларға топтастырылған әдістерді жүргізу;
4) Алынған нәтижелерді психологиялық өңдеу;
5) Психологиялық өңделген нәтижелерге психологияда қолданылатын математикалық талдау жасау;
6) Зерттеу болжамын дәлелдеу немесе жоққа шығару.
Достарыңызбен бөлісу: |