БҰлттық технологияны медиабілім беруді қолдану ұ. Ж.ӘЙтімова, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауым проф м. а., Г. С. ТӨлегенова



Дата17.07.2016
өлшемі56.91 Kb.
#205836
ӘОЖ: 004.032.6
БҰЛТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МЕДИАБІЛІМ БЕРУДІ ҚОЛДАНУ

Ұ.Ж.ӘЙТІМОВА, физика-математика ғылымдарының кандидаты, қауым.проф.м.а.,

Г.С.ТӨЛЕГЕНОВА, магистрант,

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, Қазақстан Республикасы


Аңдатпа

Мақалада қазіргі жаңа технологиялардың күннен-күнге дамып жатқан уақытында «бұлттық есептеулер» ең қажетті сервис екені айдан анық. Google секілді гиганттар осындай бағдарламалар мен сервистерді пайдалануға бізді итермелеуде. Оның үстіне соңғы кезде үрдіс алып отырған планшеттер мен қалта телефондары мобильді бағдарламардың көбейуіне, есептегіш бұлттарды пайдалануға, олардың қызмет түрлерінің көбейуіне ықпал етіп отыр десек, қателеспейміз. Көптеген компаниялар қазір «бұлттар» жарысына қосылып кетіп өз қызмет түрлерін ұсынуда.

Бұлттық технологияда жұмыс істеудің әдеттегі бағдарламалармен жұмыс істеудегі басты айырмашылығы — тұтынушы өз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне интернет-қызметі ретінде берілген шалғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол арқылы тұтынушы өз дереккөздерімен жұмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөздер орналасқан операциялық жүйеге, бағдарламалар базасына, есептегіш серверлердің жұмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды

Кілт сөздер: бұлтты технология, медиабілім беру, ақпараттық ресурс, виртуализация, ақпараттық-коммуникация.
Аннотация

В сегодняшнем ново-технологическом времени всем понятно, что «облачные вычисления» наиболее подходящие услуги.Гиганты, как Google, приводять нас пользоваться такими программами и сервисами. Кроме того, мы не ошибебся в том, что в последнее время использование планшетов и мобильных телефонов привело к том, что появились в больших количествах мобильные программы, использование вычислительных облаков и так же появлению многообразных услуг. Многие компании в настоящее время присоединяются в «облачные» соревнования и предоставляют свои услуги.

Основная разница между работой облачными вычислениями и простыми программами заключается в том, что потребитель пользуется не только ресурсами из своего компьютера, но и ресурсами мощных серверов в отдаленных местах в качестве интернет-сервиса. Таким образом, клиент будет иметь возможность работать своими источниками данных, ноэти источники данных находящиеся в операционных системах не могут изменять или вмешиваться работе базы данных, работе вычислительных серверов.

Ключевые слова: облачные технологии, медиа образование, информационный ресурс, виртуализация, информационно-коммуникация.
Annotation

The date of the article of the new technologies being developed in the time of "cloud computing" is clear that the most appropriate service. Giants like Google and we encourage people to use the services of such programs. Moreover, the recent trend in tablets and mobile phones, mobile programs to increase the counter to the increasing use of cloud services has contributed to the increase but, right or wrong. Many companies are now in the "cloud" competition is going to provide their services.

Cloud technology is the main difference between the normal working programs of work - not in the consumer's computer resources provided as an online service in remote areas, the best use of the resources of the servers. In this way, the customer will be able to operate their sources, but those sources are located in the operating system, applications, databases, servers will not be able to change it would not interfere in the work of the counter

Key words: cloud technology, media education, information resource, virtualization, information and communication.

Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар білім беру сапасын арттырудың төмендегідей маңызды есептерін шешудің қуатты құралы болып табылады: студенттердің өзіндік жұмыстары есебінен оқу уақытын ұлғайту, оқыту сапасын бақылауды өзгерту және оқу процесін басқаруды икемді ету, студенттердің ақпараттық-коммуникациялық мәдениетін арттыру.

Жалпы ақпараттық технологиялар дегеніміз программалық, программа-аппаратық және техникалық құралдардың кең спектрін қамтиды. Ол микропроцессорлық және есептеу техникасының базасында қызмет атқарады, сонымен қатар ол ақпаратты таратудың, алмастырудың, жинақтау және өңдеудің заманауи құралдары мен жүйелерінен тұрады. Ақпараттық технологиялар локальді және глобальді желілердің ақпараттық ресурстарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ақпараттық және телекоммуникациялық құралдардың қолданылуының басым бағыттарының бірі бұл –медиабілім беру және қашықтан оқыту болып табылады.

Медиа-білім беру - педагогикадағы білім алушылардың бұқаралық байланыс заңдылықтарын оқуын жақтайтын бағыт. Негізгі міндеті - жас ұрпақты казіргі ақпараттық заман талаптарына, түрлі ақпаратты қабылдау мен талдауға дайындау, адамды оны түсінуге, оның психикаға әсерін білуге үйрету, байланыстың вербальдік емес формалары негізінде, техника құралдар мен қазіргі акпараттық технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау тәсілдеріне үйрету.[1]

«Медиабілім» (media education) алынған ақпарат негізінде өздерінің ой-пікірлерін айтуға қабілетті, ақпарат құралдарына сыни және өзіндік көзқарасы бар отандық азаматтарды тәрбиелеу мақсатында медиа құзыреттілікті дамытуға бағытталған оқу ретінде айқындалады. Бұл оларға қажетті ақпаратты пайдалануға, оны талдауға, сондай-ақ ақпаратқа қатысты экономикалық, саяси, әлеуметтік немесе мәдени мүдделерді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Медиабілім адамдарды хабарламаларды жасауға, коммуникацияға мейлінше тиімді ақпарат құралын таңдауға оқытады.

Медиабілім адамдарға өздерінің ойларын және ақпаратты еркін білдіру құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл олардың жеке дамуына ғана әсер етіп қоймай, сондай-ақ, олардың әлеуметтік тұрғыда белсенді атсалысуын және интербелсенділігін күшейтеді.

Қашықтан оқытуды және медиабілім беруді ұйымдастырудың негізгі өнімді бағыттарының бірі – бұлттық технологиялар мен есептеулерді қолдану.

Бұлтты есептеу (Cloud computing)АТ жүйесінің қиындығын азайтатын, өзіндік басқарылатын және виртуалді инфрақұрылымға қажетінше енуге мүмкіндік беретін жаңа бағыт, бұл тиімді технологияның арқасында ИТ жүйесін тұтынушы сервисі ретінде пайдалануға болады. Жеке бұлтқа ену арқылы тапсырыс берушілер көптеген артықшылыққа ие болуы мүмкін, оларға ИТ шығындарын азайту, сервисті ұсынуды жоғарылату және бизнестің динамикасын жылдамдату жатады.

Бұлтты инфрақұрылымдардың көпшiлiгi дәл осы кездеге дата–орталықтарда серверде кез келген қолданбалы қосымшаға есептеуiш қуаттарды технологиялық тұрғыдан мүлде ойланбастан қолдануға iс жүзiнде мүмкiндiк берген виртуализация технологияны пайдалану айқара ашылған.

Бұлтты есептеулер ұғымымен мұндай сервистердi жиi байланысын (Everything as a service) көрсететiн технологиялар:


  • «Инфрақұрылым тәрізді сервис» (Infrastructure as a Service немесе IaaS)

  • «Платформа тәрізді сервис» (Platform as a Service, PaaS)

  • «Программалық қамтамасыз ету тәрізді сервис» (Software as a Service немесе SaaS).

Оқыту үдерістерінде бұлттық технологияларды қолдану оқу орындарына Интернет арқылы есептеу ресурстарын және программалық құралдарды сервис ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Ал бұл өз кезегінде оқыту үдерісін жақсартады. Білім беру салаларындағы бұлттық технологияға негізделе құрылған заманауи сервистер мысалдары ретінде Microsoft фирмасының Live@edu, Google Apps Education Edition және т.б. айту болады.

Жоғары және орта оқу орындарындағы оқыту үдерісіне бұлттық технологияларды ендіру:



  • Оқу аудандарының тиімді қолданылуын (дәстүрлі компьютерлік кластарға арнайы мамандандырылған және бөлек дәрісханаларды бөлуді қажет етпейді);

  • Компьютерлік кластарды құру және қолдауға кететін шығындарды азайтуға;

  • Заманауи білім алу деңгейінің сапалы өзгерісі –білім алушының Интернет бар кез келген жерде және кез келген уақытта білім алу мүмкіндігінің болуын;

  • мейілінше тиімді интерактивті оқыту үдерісін;

  • оқыту үдерісі барысында білім беру қызметтерін жылдам құру, адаптациялау;

  • ұсынылатын білім қызметтеріне түсіндіру және бағалау арқылы білім алушылардың оқытушылармен кері байланысына мүмкіндік беруді;

  • оқыту үдерісінде қолданылатын бағдарламалық жабдықтың лицензиялық тазалығына кепілдік беруді;

  • оқу үдерісінде қолданылатын программалық және ақпараттық ресурстарды бір ортадан администрациялауға мүмкіндік береді.

Осылайша, медиабілім беруде бұлттық технологияларды қолдану білім беру жүйесіндегі маңызды инновациялық тәсілдердің бірі болып табылады. Себебі, ол ақпараттық инфрақұрылымдағы шығындарды азайтып қана қоймай, білім беру ортасында білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретін қызметтерді ұсынуға, таратуға және қолдануға мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Л. Черняк. Интеграция – основа облака, «Открытые системы» , № 07, 2011

  2. Buyya, R. Cloud Computing: Principles and Paradigm / R. Buyya, J. Broberg, A. Goscinski. – Hoboken, NJ, USA: John Wiley & Sons, 2011.

  3. Mell, P. The NIST Definition of Cloud Computing / P. Mell, T.Grance. – Gaithersburg, 2011.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет