«болашақ» Ғылыми-зерттеу институты



бет1/5
Дата20.10.2023
өлшемі34.01 Kb.
#481192
  1   2   3   4   5
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ МАТЕМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР КАФЕДРАСЫ


ҚЫЗЫЛОРДА «БОЛАШАҚ» УНИВЕРСИТЕТІ
«БОЛАШАҚ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ
«ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАРДЫ ЗЕРТТЕУ» ОРТАЛЫҒЫ
КЕЛІСЕМІН БЕКІТЕМІН
Институт директоры, Университет ректоры
с.ғ.к., қауымдастырылған профессор
_______ М.Ө. Насимов ________ К.Бакберген
«20» желтоқсан 2022 ж. «20» желтоқсан 2022 ж.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖОБАСЫНЫҢ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Физика-математикалық пәндер мен ақпараттық технологияларды оқытудағы пәнаралық интеграция»


Жоба жетекшісі: _____________ т.ғ.м. М.Т. Аймбетова
Қызылорда, 2022
1. ЖАЛПЫ АҚПАРАТ


Жоба тақырыбының атауы: «Физика-математикалық пәндер мен ақпараттық технологияларды оқытудағы пәнаралық интеграция».
Жобаны бастаудың болжанған күні және жобаның ұзақтығы: қаңтар 2023 - желтоқсан 2025.
Жобаның ғылыми зерттеу тобы.
Жоба жетекшісі – Аймбетова Мария Тулеуовна, т.ғ.м., аға оқытушы, «Математика және ақпаратық технологиялар» кафедрасының меңгерушісі.
Жоба орындаушысы – Аймахаова Айнур Аманжоловна, ж.ғ.м., аға оқытушы.


2. ЖОБАНЫҢ СИПАТТАМАСЫ



  1. Кіріспе бөлім

«Өзара байланыста болғанның бәрін бір байланыста оқыту керек» Я.А. Коменский.
Интеграция (лат.) – қалпына келтіру, толықтыру, бөлшектерді бір бүтінге біріктіру, механикалық байланыс емес, өзара ену, өзара әрекеттесу, өзара көзқарас.
Пәнаралық интеграция ғылымның қазіргі даму деңгейімен түсіндіріледі, және оған қарасты қоғамдық, гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық білімдердің интеграциясы айқын көрінеді.
Оқу жоспарының әрбір пәні біртұтас ғылымның құрылымын көрсетеді. Бұл білімнің жүйелілік және сабақтастық принциптерін оқу-тәрбие үрдісінде жүзеге асыруға ықпал етеді. Бірақ бұл жүйенің кемшілігі – пәндердің өзара байланысы шамалы. Білім алушылар көбінесе жеке пәндердің өзара байланысын байқамайды, бір пәнді оқи отырып, басқа пән бойынша білімді қолдана алмайды.
Сондықтан студенттерге пәнаралық байланыстар мен жалпылауларға қол жеткізуге, әлемнің ақпараттық бейнесін түсінуге мүмкіндік беретін оқу пәндерін оқытудың теориясы мен практикасында интеграциялауды пайдаланған жөн.


2. Жобаның өзектілігі
Информатиканы оқытудағы пәнаралық интеграция студенттердің әртүрлі АКТ құралдарын өз бетінше және таңдамалы түрде пайдалану, ақпаратты ұсыну мен өңдеудің күрделі тәсілдерін қолдану дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етеді, сонымен қатар қолданбалы және кәсіби мәселелерді шешуде АКТ-ны қолдану мүмкіндіктерін зерттейді. Ғылыми білімді синтездеу қажеттілігі әр түрлі ғылым салаларының білімдерін тарту арқылы ғана мүмкін болатын күрделі мәселелердің санының үнемі көбеюімен байланысты. Кіріктірілген сабақтар әртүрлі пәндік салалардағы білімді кешенді пайдалануды көздейді. Пәндерді интеграциялауда әртүрлі комбинациялар қолданылады, мысалы: информатика және математика, информатика және физика, физика-математика, информатика және география және т.б. Дәл осындай сабақтарда пәнаралық байланыстар өте жақсы байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет