Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
БӨЛІМ БАСТИЕК ПЕН ГОРИЗОНТАЛЬ ЖОҢҒЫЛАҒЫШ БІЛДЕГІНІҢ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСТАУЫ
Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен №4 зертханалық жұмысын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар
(ЖОО ішінде қолдануға)
Павлодар
УДК 621.9.06(07)
ББК 34.63-5я7
М48
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен ұсынылған
Рецензенттер:
техника ғылымдарының кандидаты, профессор Олжабаев Р.О.
Құрастырушылар:
техника ғылымдарының кандидаты, профессор И.А. Шумейко
инженер С.Қ. Қошқаров
магистр, ассистент Д.А. Искакова
М48 Бөлім бастиек пен горизонталь жоңғылығыш білдегінің кинематикалық құрылымы және бастауы: Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен зертханалық жұмыстарын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар (ЖОО ішінде қолдануға)/құрастыр. И.А. Шумейко, С.Қ Қошқаров, Д.А Искакова – Павлодар, 2006. – 22 с.
Әдістемелік нұсқауда, бөлгіш бастиектің көмегімен көлденең жонғылайтын білдектің технологиялық мүмкіндіктерін өрістету әдісі баяндалған, сонымен бірге білдектің кинематикалық құрылымы, параметрлерін есептеу принципі және көшіру әдісін пайдаланумен, тік және қиғаш тісті доңғалақтардың тістерін оюға білдекті күйге келтіру түсіндіріледі.
Зертханалық жұмыс «Металлкесу білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрама бөлігі болады.
УДК 621.9.06(07)
ББК 34.63-5я7
©Шумейко И.А., Қошқаров С.Қ., Искакова Д.А., 2006
©С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
Кіріспе
Өндірісте қолданылатын металлкесу білдектерінің үлкен әр алуандылығы олардың істеу принциптерін, берілген параметрлерді қамтамасыз етуге білдектерді күйге келтіру мен реттеуін меңгеруде қиындықтар тудырады. Көрсетілген қиындықтарды жеңу үшін, атқарушы жүрістердің түрін анықтаудан, білдектің кинематикалық құрылымын құрудан, және кинематикалық топ пен күйленетін параметрлерді талдаудың қабылданған бір ізділігінен тұратын білдекті күйге келтіру мен реттеуде жүйелі амалды қолдану керек. Берілген амал өңделетін бөлшектің сапасының қажетті шығатын параметрлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді және керегінде өңдеудің қателіктерінің түзілу себептерін табады да, оларды жояды. жоғарыда мазмұндалғанның негізінде зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау мүмкіндігі туады.
1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты: көлденең-жоңғылыу білдегінің бөлгіш бастиегі дербес құрал ретінде, әнде білдектің құрамында пайдалана отырып, технологиялық мүмкіндігін өрістету әдістерін үйрену.
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті:
- осы әдістемелік нұсқауды оқып білу;
- варианттар (2 және 3 кесте) бойынша №1 тапсырманы (жай бөлу), №2 тапсырманы (дифференциалды бөлу), №3 тапсырманы (дөңгелектің қиғаш тісін ою) алып, зертханада бөлгіш бастиекпен және білдекпен танысу;
- №1, №2, №3 тапсырмаларға сәйкес есеп жасау;
- №1 тапсырманың (жай бөлу) бір варианты бойынша білдекті тік тісті дөңгелекті өңдеуге реттеу, дөңгелек тісін жоңғылау (екі-үш тістің жоңғылау уақытын қысқарту мақсатында);
- №2 тапсырманың бір варианты бойынша дифференциалды бөлуді орындау;
- №3 тапсырманың бір варианты бойынша білдекті қиғаш тісті дөңгелекті өңдеуге баптау және реттеу, қиғаш тісті дөңгелекті жоңғылау (екі-үш тісін);
- мекеме стандартының талаптарына сәйкес есеп дайындау және есепті қорғау.
Бөлгіш бастиектер, бөлшекті оқтын-оқтын бұрумен байланысты әртүрлі жоңғылаушы әрекеттерді орындауға (мысалға, оймакілтек білікті, тік тісті цилиндрлік дөңгелекті ою үшін) және тісті дөңгелектерде немесе жұдырықшыларда бұрама жырашықтарды оюға дайындаманы үздіксіз айналдыруға, тағы да жазық жұдырықшада архимед спиралдарын жоңғылауға қолданылады.
Бөлгіш бастиектердің келесі үлгілері ажыратылады: лимблі әмбебаптар, лимбісіздер және оптикалықтар.
Зертханалық жұмыста УДГ-Д-200 мод. лимблі әмбебап бастиек қолданылады. Бастиек бөлудің келесі түрлерін орындауға мүмкіндік береді: тікелей, жай және дифференциалды.
Тікелей бөлу дайындаманы ең жиі қолданылатын сан бөліктеріне (2, 3, 4, 6, 8,...24) бөлгенде қолданылады. Айналдырықтың шүлдігінде орнықтырғыш түсетін n санды тесіктерімен делегей бар. Айналдырық қолмен айналдырылып, есеп делегецдің P сан тесігімен жүреді.
Жай бөлу лимбалы (қосымша делегейлі) бөлгіш бастиектерде қолданылады. Тең бөліктерге жай бөлу делегейді (лимбні) қозғамай жүргізіледі.
Дифференциалды бөлу қашан өңделетін бөлшекті не тікелеі, не жай бөлумен бөлінбейтін санға бөлу керек болған жағдайда қолданылады.
УДГ-Д-200 бастиегі биіктігі 106 мм центрмен орындалған және артқы қыспақпен бір жинақта қолданылады (2.1 сурет).
Бөлгіш бастиектердің табаннан 2 және тұлғадан 1 тұрады. Тұлға тік жазықтықта –100 +900 дейін бұрыла алады және сомындармен 3 бекітіледі. Бөлгіш бастиек жонғылау білдегінің столына, столдың Т-тәрізді ойықтарына бастары кіретін екі бұрандамамен 4 бекітеледі, ал оның білдектің шүлдігіне дәл қондырылуы кілтек-сухармен 5 қамтамасыз етіледі. Айналдырық 6 тұлғаның конусты тесігіне (сырғанау мойынтірегі) орнатылған, оған біркірісті қырықаяқпен ілінісетін қырықаяқты дөңгелек бекітілген.
2.1 cурет
Қырықаяқты дөңгелекпен ілінісінен тұтқамен 7 шығаруға болады. Дайындаманы орнықтандыруға және айналым берілісі үшін айналдырықтың ұшына қысқы 8 бекітілген. Айналдырықтың екі ұшы да шошақты тесіктермен орындалған (дифференциалды бөлуде қолданылатын центр мен шүлдік үшін). Айналдырықты орнықтырғышымен бірге цилиндрлі беріліс дөңгелектері және қырықаяқты жұп арқылы тұтқамен 9 бұрады (2.2 сурет).
Айналдырықтың бұрылу мөлшерін бақылау бөлгіш делегейдің 10 көмегімен жүреді (2.1 сурет).
Қажетті тесіктер санын тез есептеуге делегейде ажыратылмалы сектор 11 қолданылған.
1 кір
2.2 сурет
Тікелей бөлуге делегей 12 орнықтырғышымен 13 бар. Жай бөлгенде бөлгіш делегей 10 ілгешекпен 14 орнықтырылады, және айналдырықты бұрғаннан соң, оны тұтқамен 15 қысып қояды. Артқы қыспақ 16 дайындаманың екінші ұшын немесе бағыттап ұстаушыны ұстап тұруға арналған, және тұтқалардың 17 мен 18 көмектерімен пинольды центрмен бірге бойлық және тіктік бағыттарда ауыстыруға мүмкіндік беруге істелген. Пиноль тұтқамен 19 қысылады.
3 Бөлгіш бастиекті күйге келтіру
3.1 Тікелей бөлу
Тұтқаның 7 (2.1 сурет) көмегімен қырықаяқ ажыратылады, тұтқамен 15 айналдырық босатылады, тұтқамен 13 тікелей бөлу делегейінен 12 орнықтырғыш шығарылады. Айналдырғышты бұруға қажет тесіктер саны мына формуламен анықталады:
,
мұнда - делегейдің бір шеңберінің бойындағы тесіктер саны (УДГ-Д-200 бастиегі үшін, ),
- бөлшекті өңдеуге қажетті орындылатын бөлу саны.
3.2 Жай бөлу
Бүкіл жұмыстың орындалу кезеңінде орнықтырғыш тікелей бөлу делегейінен 12 шығарылады (2.1 сурет). Тұтқаның 7 жәрдемімен қырықаяқты қырықаяқ дөңгелегімен ілінісін қосады. Бөлгіш делегей 10 ілгешекпен 14 орнықтырылады. Айналдырғыштың бұрылуы берілісі арқылы тұтқаны 9 бұрумен орындалады (2.2 сурет). Тікелей және жай бөлу кезінде алмасу дөңгелектерінің ауыстобы іліністен ағытылған. Делегейдің әр жағында келесі сандардай: 33, 37, 39, 41, 43, 47, 49, 54 және 16, 17, 19, 21, 23, 29, 30, 31 центрлес шеңберлер тәрізді 8 қатардан тесіктері бар. Орнықтырғышты кез келген тесіктер қатарына қондыру үшін тұтқа 9 орнықтырғышпен бірге планканың 20 ойығына түседі, не болмаса көтеріледі де бекітіледі. Түтқаны жаңа орынға бұру үшін орнықтырғышты бөлгіш делегейдің тесігінен тартады. Белгілейміз:
nтұт – тұтқаны айналдыру саны;
z – қаншаға бөлуді қажет ететін, бөлік саны.
Күйге келтіру шарты:
тұтқаны nтұт айналдырғанда, айналдырғыш бұрылуы айналымдай болу керек. Кинематикалық баланстың теңдеуі
nтұт
Есептеу формуласы:
nтұт
40 саны бөлгіш бастың сипаттамасы деп аталады. Тұтқаны айналдыру саны бүтін сан түрінде болып қоймай кез келген бөлшек ретінде көрсетілуі мүмкін. Мысалы, z =60 болғанда
nтұт,
делегейден 3-ке бөлінетін (бөлгішке бөлінетін) тесіктер қатарын таңдаймыз, мысалы, 39. Сонда алатынымыз
nтұт,
яғни, тұтқа 39 тесігі бар шеңбердің бойымен 26 тесікке бұрылуы керек (тұтқаның орнықтырғышының алғашқы тұрған тесігін есептемегенде). Тағы бір мысал келтірейік.
z = 27 nтұт,
яғни, тұтқа 54 тесігі бар шеңбердің бойымен бір айналым және 26 тесікке бұрылуы керек.
Тұтқаны қаншаға бұруға керек тесіктерді санаудың уақытын қысқарту мақсатында секторды 11 қолданады (2.1 сурет). Ол екі радиалды сызғыштан тұрады. Олар бір-бірінен орнықтырғыш тұрған бірінші тесікті есептемегенде, бөлшектің алымының саныдай тесіктер орналасқан бұрышқа ажыратылады. Бөлгеннен кейін секторды дереу қайта қою керек, яғни ол әрқашан келесі санауды қажет ететін орында болуы керек.
№1 тапсырма ретінде білдекті бөлгіш бастиегімен тік тісті дөңгелекті өңдеуге реттеуді жүргізу ұсынылады. Дайындама 3.1 суретте көрсетілгендей бағыттап ұстаушыға бекітілуі керек.
Кесуші сайман ретінде модульді делегей жоңғыш қолданылады (не болмаса тапсырмаға байланысты басқа сайман). Солай болған соң құрылым жасаушы сызығы (тістер ойысының пішіні) көшіру әдісімен алынады (сайманның кесуші жиектерінің пішіні көшіріледі), сондықтан тістер ойысының пішінін алуға қалыпқұру жүрісі қажет емес. Бағыттау жасаушы сызығы жанасу тәсілімен алынады, да қалыпқұрудың екі жүрісімен жүзеге асады: кесудің басты жүрісімен Фv(В1), мұнда В1 – жоңғыштың айналуы және беру жүрісімен Ф3 (П2), мұнда П2 – столдың бөлгіш бастиегімен және дайындамамен ілгерілемелі ауыстырылуы (А қосымша).
Білдекті реттеуде және тісті дөңгелекті өңдеуде келесі тәртіпті ұстану қажет:
а) бағыттап ұстаушыны дайындамамен бөлгіш бастиектің қысқысына қондыру, бекіту және артқы қыспақтың центрімен қысу (3.1 сурет);
б) берілген кесу ережелерін, өту санын, кесу жылдамдығын және беру жүрісінің жылдамдығын белгілеу (оқытушы шебермен, немесе оқытышумен беріледі);
в) жоңғыш тісінің симметрия өсін дайындама өсіне қатысты қондыру, бұл мақсатқа артқы қыспақтың центрін қолданады;
г) сақтық шараларын бұзбай, білдекті жүргізу және дайындаманы жоңғышқа тигенше таяу әкелу;
д) дайындаманы жоңғыштың астынан шығарып, қажетті жону тереңдігін беру (бір өтуімен жоңғылағанда – ол тістің биіктігі), беру жетегін қосу, столдың ауыстырылуын қосу және бірінші ойықты өңдеу;
е) столды негізгі жайға келтіру және дайындаманың бөлу бұрылысын D(В4) жүргізу (бөлуді білдек ағытылғанда жүргізу);
3.1 сурет
ж) келесі ойдымды өңдеу;
з) тісөлшегіштің (штангензубомер) көмегімен тістің қалыңдығын бақылауды жүргізу;
и) қалған тістерді өңдеуді жүргізу.
3.3 Дифференциалды бөлу
Бөлу жағдайда бірқатар тесіктер делегейде қажет санға Z жуық жалған санмен Z0 сайлап алынады. Z0 саны былай алынады, оған тек жай бөлу көмегімен бөлуге болғандай. Айналдырықты бұрғандағы болжамды қателік бөлгіш делегейді айналдыру нәтижесінде тұтқаны қосымша бұрумен жойылады. Ол үшін айналдырық алмасу дөңгелектерінің ауыстобы арқылы бөлу делегейімен берілісі арқылы кинематикалы байланысады (2.2 сурет).
Осылайша, айналдырық қосымша бұрылыс алады және айналдырық бұрылысының кинематикалық тізбегінің есептік теңдік балансы жалпы түрде былай болады
nтұт айналдырық айналымы
Көрсетілген nтұт айналдырықтың негізгі бұрылу мөлшері мөлшер болып саналады, ал көрсеткіш айналдырықтың қосымша бұрылу мөлшерін көрсетеді.
Келтірілген теңдікті күйге келтіру ауыстобының беріліс қатынасына байланысты шеше отырып алатынымыз
nтұт
не болмаса nтұт,
қайдан nтұт
Өйткені бөлгіш делегейде тесіктер саны саны үшін сайланады, онда nтұт ауыстырғанда аламыз
Бөлгіш бастиекте он екі алмасу тісті дөңгелегі тістерінің санымен 20, 25, 30, 35, 40, 50, 55, 60, 70, 80, 90, 100 бар.
Күйге келтірудің мысалы.
Тістерінің саны дөңгелекті ою керек.
Шешімі: nтұт(жай бөлуге келмейді).
санын береміз, онда
nтұт.
Тұтқаның орнықтырғышын 54 тесіктері бар шеңбердің бойына орнықтырамыз және секторды 30-шы тесікке орналастырамыз. Одан әрі күйге келтіру құралының беріліс қатынасының есебін шығарамыз және бар жиынтықтан тісті дөңгелектерді таңдаймыз:
.
Бұл жағдайда беріліс қатынасы оң шама, ол тұтқа мен делегейдің бір жаққа айналуын білдіреді.
Қажет еткен жағдайда айналу бағыты күйге келтіру құралында қосымша аралық дөңгелек қоюмен өзгертіледі.
3.4 Бұрама жырашықтарды жонғылау
Б
1 кір
ұрама жырашықтарды жонғылағанда жырашық пішіні көшіру тәсілімен алынады, сондықтан оны алуға қалыпқұру жүрісі қажет емес. Жырашықтың бұрама сызығы жанасу тәсілімен алынады, да кесудің басты жүрісімен Фv (В1), мұнда В1 – жоңғыштың айналуы және беру жүрісімен Фs (В2П3), мұнда В2 – бөлгіш бастың айналдырғының дайындамамен бірге айналауы, ал П3 – В2 келісілген столдың өзіне бекітілген бөлгіш баспен және дайындамамен ілгерілемелі ауыстырылуы (3.2 сурет).
tб.о.
tб.ж.
3.2 сурет
Осылайша, бұл жағдайда көлденең-жоңғылау білдегінің екі кинематикалық тобы бар: біріншісі кесу жүрісінің Фv (В1) жылдамдығын тудырады (оқып білу және оны күйге келтіру зертханалық жұмыста көрсетілмеген) және екінші – беріліс жүрісін Фs(В2П3). Екінші кинематикалық топтың ішкі байланысы өзінше кинематикалық тізбекті көрсетеді: дайындама – бөлгіш бастиек – күйге келтіру құралы - білдектің қозғалғыш бұрамасы. Демек, жетекші буын қозғалғыш бұрамасы болып белгіленеді. Сыртқы байланыс өзінше столдың беру жетегін көрсетеді: электрлік қозғауыш – беру қорабы – қозғалғыш бұрамасы (беру жылдамдығын қамтамасыздандыратын осы тізбекті күйге келтіру зертханалық жұмыста тағы да көрсетілмеген).
Траекторияны (бұрама сызықты) күйге келтіру. Күйге келтірудің шарттары:
Дайындаманың 1 айналымы бұрама ойықты ою айналымына tбо тең столдың ауыстырылу шамасына тура келеді.
Күйге келтірудің теңдігі:
қайдан
Ескерту: тістегеріші бөлгіш бастиектің III білігіне қатысты жетекші болып келетін II білікке қойылады.
6Н81 мод. білдек үшін қозғалғыш бұраманың айналымы мм (А қосымша),
онда .
Бұрама ойықтың айналымы келесі формула бойынша есептеледі:
мұнда - бөлшектің диаметрі, мм;
- бұрама сызықтың көтеру бұрышы, град. (3.2 сурет). Қиғаш тісті дөңгелекті ойғанда
, (1)
мұнда - кесікті модуль, мм, ;
- нормалы модуль ();
- ойылатын дөңгелек тістерінің саны.
(1) формулаға мәнін қоя отырып, аламыз
.
Беру жүрісінің жылдамдығы көрсетілгендей күйге келтірілмейді (алдын ала күйге келтірілген: білдекте қойылған беру, беру жылдамдығының шамасы, студенттерге хабарланады).
Бағыттауды күйге келтіру.
Дайындаманың айналу бағыты ойықтың бұрама сызығының бағытына (сол немесе оң) қатысты күйге келтіру құралында қосымша аралық дөңгелектің болуымен не болмаса болмауымен анықталады. Күйге келтіру 1 кестеге байланысты жүргізіледі.
Жолға және негізгі жайға күйлеу.
Жоңғылау білдегінің 1 столы бөлгіш бастиекпен 4 бірге бұрама ойықтың еңкіш бұрышына тең бұрышқа бұрылады. Жоңғылаудың алдында орнықтырғыш 14 (2.1 сурет) делегеймен 10 іліністен шығырылады. Бұрама ойықты жонғылау реті тіктердікіндей. Әр келесі ойықты жонғылауда айналдырықты дайындамамен айналымға бұру керек. Ол үшін кинематикалық тізбекті үзбей отырып, орнықтырғышты 9 шығарып, тұтқаны делегейге қатысты формулаға сәйкес бұрамыз.
nтұт.
Столдың ауыстырылу жолы дайындаманың енімен анықталады: өңдеудің соңында жонғы дайындамамен іліністен толық шығуы керек.
Күйге келтіру мысалы
Тістерінің саны , олардың еңкіш бұрышы , модулі 5 мм тісті дөңгелекті істеуге талап етіледі.
Шешімі
мм,
онда
Кейбір жағдайларда алынған мәніне бар жиынтықтан ауыспалы тісті дөңгелектерді дәл таңдауға болмайды. Мысалы, дөңгелектің , , болса,
мм, онда .
Бұл жерде тісті дөңгелектерді оюға қолданылатын көшіру тәсілі қажет дәлдікті қамтамасыздандырмайды, сондықтан тек алғашқы (шамалап) өңдеу үшін қолданылады. Одан әрі алғашқы өңдеуден өткен тісті дөңгелектер дағдыдағыдай, тазалап (ақтық) өңдеуге арнайыландырылған тіс өңдеуші білдектерге түседі. Егер алынған мм мәнін 1200 дейін жинақтасақ, ол бұрама сызықтың еңкіш бұрышын 1,10 бұрмалайды, онда шамалап өңдеуге әбден болады.
қайда .
Бұрғының, зенкердің бұрама ойығын жонғылауда және бірқатар басқа жағдайларда қажеттілікпен жинақталып көрсетілген тәсілмен қамтамасыздандырылған дәлдік дәрежесі әбден жеткілікті.
Әр келесі ойықты жонғылау үшін тұтқаны мына шамаға бұрамыз
nтұт.
Ол үшін тұтқаның орнықтырғышын тесіктер саны 49 шеңберіне қарсы қондырып, секторды 7 тесікке ажыратады, және тұтқаны 1 айналымға және сектормен шектелген 7 тесікке бұрады.
3.5 Жазық жұдырықшаларды Архимед спиралы пішінінде жонғылау
Берілген жағдайда бөлгіш бастиек күйге келтіру тағы да бұрама ойықты жонғылаудағыдай жүреді. Ауыспалы дөңгелектердің беріліс қатынасы формуламен анықталады:
,
мұнда - бір айналымдағы жұдырықша қисығының көтеру адымы (спиралдың адымы). Кесуші аспап (кесіктік жонғыш) білдектің айналдырығында бекітіледі (3.3 сурет). Көлденең-жонғылау білдегінде жұдырықшаларды жонғылығанда бөлгіш бастиек білдектің айналдырығының өсіне параллель орнатылады. Тік-жонғылау білдегінде бөлгіш бастиек тік орнатылады. (3.3 сурет).
3.3 сурет
4 Тапсырма варианттары
2 кесте
Ойылатын тісті дөңгелектер | Параметрлер |
Белгілеу
| Варианттар |
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
|
Тік тісті
| Қиғаш тісті |
Дайындама материалы
|
| Түрлі-түсті қорытпа | Тістер саны | Ζ |
34
|
29
|
24
|
19
|
34
|
29
|
24
|
19
| Модуль |
m
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
| Пішін бұрышы |
α
|
200
|
200
|
200
|
200
|
200
|
200
|
200
|
200
|
Тістердің еңкіш бұрышы
|
β
|
-
|
-
|
-
|
-
|
200
|
200
|
200
|
200
|
Тістің еңкіш сызығының бағыты
|
|
-
|
-
|
-
|
-
|
сол
|
сол
|
сол
|
сол
|
Тістің көлденеңі
|
b
|
15
|
15
|
15
|
15
|
15
|
15
|
15
|
15
|
1643-72 МЕСТ дәлдік дәрежесі
|
|
10-Ау
|
10-Ау
|
10-Ау
|
10-Ау
|
10-Ау
|
10-Ау
|
10-Ау
|
10-Ау
|
3 кесте
Дифференциалды бөлудің варианттары
|
Вариант
|
9
|
10
|
11
|
12
|
13
|
14
|
15
|
16
|
17
|
18
|
Z
|
59
|
61
|
67
|
73
|
79
|
83
|
89
|
101
|
109
|
113
|
5 Қауыпсыздық шаралары
5.1 Жұмыстың тәжірибелік бөлігін орындау, тек зертханалық жұмыстың теориялық бөлігін оқып білгеннен кейін рұқсат етіледі.
5.2 Оқыту мастері немесе оқытушының рұқсатынсыз білдекті қосуға тиым салынады.
5.3 Күйге келтіруді және реттеуді тек қана түзу аспаппен жүргізеді.
5.4 Қалай болғанда да, жұмысты білдектің столында оның жұмыс үрдісінде, не болмаса ажыратқаннан кейін айналдырықтың толық тоқтағанына дейін жүргізуге тиым салынады.
5.5 Ауыспалы тісті дөңгелектерді орнатудың алдында білдектің болмашы кездейсоқ қосылу мүмкіндігін болдырмас үшін білдекті электр желісінен ажырату керек.
5.6 Бөлгіш бастиектің көмегімен бөлу тек білдектің жұмыс істемегенінде жүргізіледі.
5.7 Жонқаны щеткамен сыпыру, білдекті жонқаны жинап алған соң ескі-құсқымен сүрту.
6 Есеп берудің мазмұны
6.1 Жұмыстың аталуы және мақсаты
6.2 Жай, дифференциалды бөлуді орындауға және бұрама ойықты оюға тапсырма.
6.3 Жай бөлуді орындағанда тұтқаның айналым санын есептеу. Бөлгіш бастиектің кинематикалық ықшамсызбасы (2.2 сурет).
6.4 Дифференциалды бөлуді орындағанда тұтқаның айналым санын және ауыспалы тісті дөңгелектердің беріліс қатынасын есептеу. 2.2 суреттен үзінді - күйге келтіру құралы.
6.5 Бұрама ойықты жонғылағанда қолданылатын құрылымды-кинематикалық ықшамсызба (3.2 сурет). Бұрама ойықты бөлікке бөлуді қамтамасыздандырумен ойдың есептері. Тісті дөңгелектердің орналасу ықшамсызбасы (1 кестеден көшірме).
6.6 Өңдеу қателіктерінің қалыптасуының қорытындылары.
7 Тексеру сұрақтары
7.1 Бөлгіш бастың тағайындамасы.
7.2 2.1 мен 2.2 суреттер бойынша және бөлгіш баста тұтқаның айналым санын анықтаудың әдістемесін және дифференциалды бөлудің орындалу принципін түсіндір (зертханада).
7.3 2.1 мен 2.2 суреттер бойынша және бөлгіш баста тұтқаның айналым санын анықтаудың әдістемесін және дифференциалды бөлудің орындалу принципін түсіндір (зертханада).
7.4 Тік тісті дөңгелекті өңдеу үрдісіндегі туатын жүрістерді ата және оларды жүзеге асыру принципін түсіндір. Тік тісті дөңгелекті модульді делегей жонғымен жонғылауға білдек пен бөлгіш басты күйге келтіру және реттеудің тәртібін түсіндір.
7.5 Қиғаш тісті дөңгелектің бұрама ойығының адымын есептеудің әдістемесін түсіндір.
7.6 Қиғаш тісті дөңгелекті өңдеу үрдісіндегі туатын жүрістерді ата және оларды жүзеге асыру принципін түсіндір. Бұрама ойықты берілген адымымен алуды қамтамасыз ететін ауыспалы тісті дөңгелектердің беріліс қатынасын () есептеудің әдістемесін түсіндір.
7.7 Қиғаш тісті дөңгелекті модульді делегей жонғымен жонғылауға білдек пен бөлгіш басты реттеудің тәртібін түсіндір.
Әдебиет
1 УДГ-Д-200 бөлгіш басты пайдаланудың нұсқауы.
2 Кучер А.М. Металлкескіш білдектер (Кинематикалық ықшамсызбалар мен түзілімдердің жалпы түрлерінің альбомы). – Ленинград : Машинажасау, 1972. – 306 б.
3 Филонов И.П., Петрова С.Г., Шевандо Я.Г. Металөңдеу білдектері мен автоматты желілерді реттеу. – М. : Машинажасау, 1980. – 128 б.
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Зертханалық жұмыстың мақсаттары мен міндеті 4
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты 4
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті 4
2 Бөлгіш бастың тағайындамасы және құрылғысы 4
3 Бөлгіш басты күйге келтіру 6
3.1 Тікелей бөлу 6
3.2 Жай бөлу 6
3.3 Дифференциалды бөлу 9
3.4 Бұрама жырашықтарды жонғылау 11
3.5 Жазық жұдырықшыларды
Архимед спиралі пішінінде жонғылау 16
4 Тапсырма варианттары 17
5 Қауыпсыздық шаралары 18
6 Есеп берудің мазмұны 18
7 Бақылау сұрақтары 18
Әдебиет 20
А қосымша 21
БЕКІТЕМІН
С.Торайғыров атындағы ПМУ
ОЖ проректоры
___________ Н.Э. Пфейфер
«____»____________2006 ж.
Құрастырушылар: т.ғ.к., профессор И.А. Шумейко ___________
инженер С.Қ Қошқаров __________________
магистр, ассистент Д.А Искакова__________
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
Кафедра отырысында қаралды «_____» _________2006ж., №_____ хаттама.
Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің оқу әдістемелік кеңесі мақұлдады, №____хаттама, «____»________2006 ж.
ОЭК төрағасы _____________________ Н.С. Дудак
КЕЛІСІЛГЕН
Факультет деканы__________________ Т.Т. Тоқтағанов
СМБ нормобақылау_____________ Г.С. Баяхметова «___»____2006 ж.
ОӘБ МАҚҰЛДАДЫ
ОӘБ бастығы __________________Л.Т. Головерина «___» ____2006 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |