Кеңес одағының батыры М.Мәметова атындағы Ақтөбе медицина колледжі
РЕФЕРАТ
пән: Дипломдық жұмысты орындау (СД 12-22-CRO)
Тақырыбы: «Болжамды өнертабысқа өтінім жасау және беру. Өтінімді сараптау және патент беру.
Топ: 307
Орындаған:Жауғашты Жансая
Тексерген:Кыдырбаева Райхан Муратбаевна
Актобе :2023
сызбалар мен өзге де материалдар, егер олар өнертабыс мәнін түсінуге қажетті болса;
реферат;
іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілген жағдайда - сенімхат.
Өтінімге қоса берілетін құжаттар:
1) белгіленген мөлшерде өтінім беруге ақы төленгенін растайтын құжат.
Белгіленген мөлшерден аз төленген жағдайда, төлемді растайтын құжаттан басқа, сондай-ақ оның мөлшерін азайту негізін растайтын құжат тапсырылады. Аталған құжаттар өтініммен бірге немесе өтінім түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін. Тиісті төлем төленген жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауы керек;
2) алғашқы өтінім көшірмесі, Заңның 20-бабының 2-тармағына сәйкес өтінімге конвенциялық басымдығын сұратумен тіркеледі, ол конвенциялық өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап алты айдан кешіктірілмей тапсырылады. Егер алғашқы өтінімдер бірнешеу болса, осы өтінім көшірмелерінің барлығы тіркеледі.
Конвенциялық өтінімді басқа өтінім беруші берген жағдайда басымдық құқығын пайдалануға алғашқы өтінімге өтінім берушінің рұқсаты қоса беріледі.
Алғашқы өтінім берілген күннен бастап он екі ай мерзім өткен соң, бірақ он екі айлық мерзім өткеннен кейін екі айдан кешікпей түскен өтінім бойынша конвенциялық басымдық сұрату кезінде өтінімге, көрсетілген он екі айлық мерзімде өтінім берушіге қатысты емес кедергі болған жағдай көрсетілген құжат және, осы жағдайдың болғанын растайтын құжат, ол туралы сараптама жасау ұйымы хабардар деген негіз болмаса, қоса беріледі.
Конвенциялық басымдықты анықтау туралы өтінім өтінім беру кезінде (өтінімнің тиісті бағанында инновациялық патент немесе патент беру туралы келтіріледі) немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі ай ішінде тапсырылуы мүмкін;
3) депозиттеу туралы құжат, оған ресми уәкілетті коллекция-депозитарийда микроорганизмнің жаңа штаммына, өсімдіктер мен жануарлардың жасаушасына жататын өнертабысқа берілген өтінімге қоса беріледі. Бұл құжат (депозиттеу туралы төлқұжаттың расталған көшірмесі) өтініммен бір мезгілде немесе өтінім сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей тапсырылуы мүмкін. Депозиттеу күні өнертабыс басымдығы күнінен алда болуға тиіс;
4) нуклеотидтер мен/немесе аминқышқылдары тізбегінің тізілімі бар өтінімге Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі - ДЗМҰ) ST.25 стандарты талаптарын қанағаттандыратын, сол тізбек тізілімінің көшірмесі бар машина оқитын ақпарат көзі (дискета), және машина оқитын нысанда берілген ақпараттың қағазға басылған нысанға сәйкестігіне қатысты өтінім берушінің қолы қойылған өтінім беріледі;
5) жазбаша түрде берілген өтінімге машинаоқитын ақпарат көзіндегі оның көшірмелері қоса берілуі мүмкін. Бұл ретте өтінім беруші мәтіннің баспа түрі мен ақпарат көзіндегі сәйкестігі туралы ресми мәлімдеме береді.
7. Инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтінім мемлекеттік немесе орыс тілінде тапсырылады. Өтінімнің өзге құжаттары мемлекеттік, орыс немесе басқа тілде тапсырылады. Егер өтінімнің өзге құжаттары басқа тілде тапсырылса, өтінімге мемлекеттік немесе орыс тіліндегі қоса беріледі. Сараптама жасау ұйымына құжаттары басқа тілдегі өтінім түскен соң, екі ай ішінде өтінім беруші аударманы тапсыруға тиіс, ал тиісті ақысы төленсе, бұл мерзім ұзартылуы мүмкін, бірақ екі айдан аспауға тиіс. Белгіленген уақытта аударма берілмесе, Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес өтінім берілмеген болып танылады.
8. Инновациялық патент беру немесе патент беру туралы өтінім төрт данада, өнертабыс мәнін түсінуге қажетті өнертабыс сипаттамасы, өнертабыс формуласы, сызбалар және өзге материалдар, сондай-ақ мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылған реферат үш данада тапсырылады. Басқа тілде толтырылған сол құжаттар бір данада, ал олардың мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасы үш данада тапсырылады.
Қалған құжаттар және олардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы, егер олар басқа тілде толтырылса, бір данада тапсырылады.
2. Өнертабысқа өтінім
9. Заңның 6-бабының 2-тармағына сәйкес өнімге, тәсілге қатысты кез келген саладағы техникалық шешімге, сондай-ақ белгілі өнімді немесе тәсілді жаңа бағыт бойынша немесе жаңа өнімді белгілі бағытта қолдануға берілуі мүмкін.
Өнертабыс нысаны ретінде өнім болып табылатындар, атап айтқанда, құрылғы, зат, биотехнологиялық өнім, соның ішінде микроорганизмнің штаммы, өсімдіктер мен жануарлар жасушасы.
1) өнертабыс нысаны ретінде құрылғыға конструкциялар мен бұйымдар жатады.
Құрылғыны сипаттау үшін келесі белгілер пайдаланылады:
құрылым (құрылымдар) элементінің (элементтерінің) бар болуы;
элементтер арасындағы байланыстың бар болуы;
элементтердің өзара орналасуы;
элемент (элементтер) немесе құрылғының тұтастай орындалу нысаны, атап айтқанда, геометриялық нысаны;
элементтер арасындағы өзара байланысты жасау нысаны;
элементтің (элементтердің) өлшемдері мен басқа сипаттары және олардың өзара байланысы;
элемент (элементтер) немесе тұтастай құрылғы;
элемент қызметін атқаратын орта.
2) өнертабыс нысаны ретіндегі заттарға жататындар:
химиялық қосылыстар;
композициялар (құрамдар, қоспалар);
ядролық айналу өнімдері.
Химиялық қосылыстардың сипаттамасы ретінде келесі белгілер пайдаланылады:
құрылымы белгіленген төменгі молекулярлық қосылыстар үшін - сапалық құрамы (нақты элементтердің атомдары), сандық құрамы (әрбір элементтің атомдар саны), атомдар арасындағы байланыс және химиялық құрылымдық формулада берілген олардың молекулада өзара орналасуы;
Достарыңызбен бөлісу: |