Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Металлургия, машина жасау және көлік факультеті
Машина жасау және стандарттау кафедрасы
БҰРАМАНЫ ҚИЮ ҮШІН ЖОНУБҰРАМАКЕСКІШ БІЛДЕГІ КИНЕМАТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАПТАУ
Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен №3 зертханалық жұмысын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар
(ЖОО ішінде қолдануға)
Павлодар
УДК 621.9.06(07)
ББК 34.63-5я7
М48
С.Торайғыров атындағы ПМУ Ғылыми кеңесімен ұсынылған
Рецензенттер:
техника ғылымдарының кандидаты, профессор Олжабаев Р.О.
Құрастырушылар: И.А. Шумейко, Е.Қ. Тастенов, Д.А. Искакова
М48 Бұраманы қию үшін жонубұрамакескіш білдегі кинематикалық құрылымы және баптау: Машина жасау мамандығының студенттеріне «Металлкесу білдектері» пәнінен зертханалық жұмыстарын орындау үшін арналған әдістемелік нұсқаулар (ЖОО ішінде қолдануға)/құрастыр. И.А. Шумейко, Е.Қ. Тастенов, Д.А Искакова. – Павлодар, 2006. – 29 с.
Студенттердің, әр түрлі бұранданы кесуге есептеу мен күйге келтіру бойынша, практикалық дағдыларды алуы мақсатында әдістемелік нұсқауда, білдектің кинематикалық құрылымын суреттеу және бұранданың берілген түрлерін алуды қамтамасыз ететін кинематикалық тізбектерін түгел суреттеу келтірілген, сонымен бірге кесуші аспаптар туралы қысқаша мәліметтер берілген.
Зертханалық жұмыс «Металлкесу білдектері» пәні бойынша қарастырылған зертханалық жұмыстардың жалпы циклінің құрама бөлігі болады.
УДК 621.9.06(07)
ББК 34.63-5я7
©Шумейко И.А., Тастенов Е.Қ., Искакова Д.А., 2006
©
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2006
Кіріспе
Өндірісте қолданылатын металлкесу білдектерінің үлкен әр алуандылығы олардың істеу принциптерін, берілген параметрлерді қамтамасыз етуге білдектерді күйге келтіру мен реттеуін меңгеруде қиындықтар тудырады.
Көрсетілген қиындықтарды жеңу үшін, атқарушы жүрістердің түрін анықтаудан, білдектің кинематикалық құрылымын құрудан, және кинематикалық топ пен күйленетін параметрлерді талдаудың қабылданған бір ізділігінен тұратын, білдекті күйге келтіру мен реттеуде жүйелі амалды қолдану керек.
Берілген амал өңделетін бөлшектің сапасының қажетті шығатын параметрлерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, және керегінде өңдеудің қателіктерінің түзілу себептерін табады да, оларды жояды. Жоғарыда мазмұндалғанның негізінде зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеттерін тұжырымдау мүмкіндігі туады.
Жеке және ұсақ сериялы өндіріс шарттарында ойманы кескішпен кесу тәсілі кең таралған.
Бұл зертханалық жұмыста студенттерге ойманың бұралмалы сызығын және қырынды қалыптастыру принципінен бастап ойманың берілген қадамын алуын анықтайтын нақты кинематикалық қатарларды алуға дейін қарастыратын жолының қадағалауын ұсынылады.
1 Зертханалық жұмыстың мақсаты мен міндеті
1.1 Зертханалық жұмыстың мақсаты – бұранда кесуде қолданылатын жону-бұрамакескіш білдегінің құрылымын елестету негізінде, оның кинематикалық ықшамсызбасын оқып білу және бұранданың әр түрлі қалыптарын кесуге білдікті есептеу мен күйлеудің практикалық дағдысын алу.
1.2 Зертханалық жұмыстың міндеті:
- осы әдістемелік нұсқауды оқып білу;
- жеке тапсырма алу және оқытушының, не болмаса оқыту шеберінің көмегімен зертханада (Б1-104) басқару тұтқаларының тағайындамасына көңіл аудара отырып, білдекпен танысу;
- тапсырманың (7 кесте, 9 сурет) берілген вариантымен санасып бөлшектің нобайын құру;
- кесу аспабын таңдау (бұранда пішінінің нобайын, негізгі бұрыштарын көрсетумен, аспаптың кесуші бөлігінің нобайын орындау);
- кесілетін бұранданың адымына күйлеу шарттарын жазу, кесілетін бұранданың берілген үлгісі мен адымына кинематикалық баланстың теңдігін құру;
- кесілетін бұранданың берілген үлгісі мен адымын қамтамасыз етуге қолданылатын барлық тұтқалардың орналасу ықшамсызбасын құру;
- кесу жылдамдығын таңдау, айналдырықтың айналу жиілігін анықтау, күйлеу шарттарын жазу және айналдырықтың алынған айналу жиілігіне тиісті кинематикалық баланстың теңдігін құру;
- оң- және солкірісті бұрандаманы алуды қамтамасыз ететін ерекшеліктерді, оның ішінде кесуші аспаптың ерекшеліктерін көрсету;
- варианттардың біреуі бойынша есепке сәйкес кесілетін бұрандаға күйлеу мен реттеуді орындау;
- бұранданы кесу;
- есеп құру және оны қорғау.
2 1А616 жону-бұрамакескіш білдегінің тағайындамасы және техникалық сипаттамасы
Білдек жеке дара және ұсақ сериялы өндіріс жағдайларында әр түрлі материалдардан салыстырмалы кішірек бөлшектерді жонып өңдеуге арналған. Білдекте кескішпен метрикалық, дюймдік, модульдік және питчтік бұранда кесуге болады.
Білдіктің техникалық сипаттамасы
Центрлер биіктігі, мм 160
Центрлер арасының максималды қашықтығы, мм 710
Өңделетін бөлшектің ең үлкен диаметрі, мм
- тұғырдың үстінде 320
- құралкүймешіктің үстінде 180
Айналдырықтың айналу жиілігінің шектері, айн/мин 11-2240
Құралкүймешіктің берілістерінің саны 22
Құралкүймешіктің бойлық берілістерінің
мөлшерінің шектері, мм/айн 0,03-1,04
Кесілетін бұрандалардың түрі
- метрикалық, адымы мм 0,5-48
- дюймдік, 1"-дегі желістер (арқаулар) саны 48-2,5
- модульдік, модулі мм 0,25-12
Бас жүріс жетегі электрқозғалтқышының қуаты, кВт 4,5
3 Кесілетін бұрандалардың түрі
Бұранданы құрылғылық және пайдаланушылық нышандарымен топтастырады. Құрылғылық нышандары бойынша бұранданы келесі түрде топтастырады:
- сыртқы қалпы бойынша: цилиндрлі және шошақты;
- бөлшекте орналасуы бойынша: сыртқы және ішкі;
- пішін қалпы бойынша: үшбұрышты, трапециалды, тікбұрышты, тіректі, дөңгелекті (жұмыр), ленталы;
- кірістер саны бойынша: біркірісті, көпкірісті;
- бұранданың көтеру бұрышының бағытына байланысты: оң және сол;
- бұрандының пішінінің параметрлерінің өлшем бірліктеріне байланысты: метрикалық, дюймдік, модульдік және питчтік.
Пайдаланушылық нышандары бойынша бұранданы жалпы тағайындалған және арнайылар. Жалпы тағайындалған бұрандаларға жататындар: бекітуші (метрикалық пен дюймдік), кинематикалы (тікбұрышты, трапециалды және тіректі), құбырлық және дөңгелекті. Белгілі бір түрдегі бөлшектер үшін қолданылатын, бұранда арнайы болады.
Ескерту: - Бұл зертханалық жұмыста бұрандалардың барлық түрлерін оқып білу мақсаты қойылмайды; студенттер бұрандалардың түрлерімен және құрылғылық ерекшеліктерімен алдынғы пәндерден таныс деп есептеледі; бұранданың кейбір ерекшеліктері қажеттілігіне қарай қаралатын болады.
4 Жону-бұрамакескіш білдегінің бұранданы кескендегі кинематикалық құрылымы
Бұранданың беті екі жасаушы сызықты түзеді: бұранданың пішіні және бұрама сызық. Түзуші жасаушы сызық (бұранданың пішіні) көшіру әдісімен алынады (кескіштің кесуші жиектерінің қалпы көшіріледі), сондықтан бұранданың пішінін алу үшін қалып түзу қозғалысы керек емес. Бағыттаушы жасаушы сызық (бұрама) кесу жылдамдығының қалып түзуші атқарушы қозғалысының ізі әдісімен алынады
,
қайда - айналдырықтың айналуы;
- онымен үйлестірілген, құралкүймешіктің кескішпен ілгерілемелі ауысуы (1 сурет).
1 сурет – Жону-бұрамакескіш білдегінің кинематикалық құрылымы
Сөйтіп, білдектің құрылымы бұранданы С12 кескенде, күрделі екіэлементті атқарушы қозғалысты тудыратын бір кинематикалық топтан тұрады. Кинематикалық топтың құрамына берілген адыммен бұраманы кесуді және оң- мен солкірісті бұранданы кесуді қамтамасыздандыратын бағыт өзгерткіш құрылысымен екі күйге келтіру и құрылымымен ішкі байланыс, кесу жылдамдығына және кезекті жұмыстық өтуден кейін құралкүймешіктің негізгі жайға қайтуын қамтамасыздандыратын бағыт өзгерткіш құрылысымен күйге келтіретін құрылымымен сыртқы байланыс және қозғалыс көзі – электрқозғауыш кіреді. Құралкүймешіктің ауыстырылуы адымымен жүріс бұрамасының көмегі арқылы жүзеге асады. Күйге келтіру құралы (тісті алмасу дөңгелектері) өлшем бірлігіне байланысты басқа түрдегі бұрандаға ауыстырылғанда қолданылады. Күйге келтіру құралы, (берілістер қорабы) қабылданған түрдегі бұранданың берілген адымына күйлеу үшін, қолданалады.
Бұранданы сомын кескішпен, не болмаса бұрандама кескішпен кескенде кесу жылдамдығының қозғалысы да солай туындайды, бірақ білдектің құрылымы (ерекшелік ретінде) – қарапайым Э11. Бұл мынағын байланысты, сомын кескіштің кесуші жиектері бұрама сызықтың бойында орналасқан және сомын кескіш айнала отырып, өзі сәйкес ілгерілмелі қозғалыс тудырады (2 сурет). Сондықтан бұранданы сомын кескішпен (бұрандама кескішпен) кескенде, бұранданың адымы күйге келтіру құралының көмегімен берілмейді. Сомын кескішті (бұрандама кескішті) құралкүймешікте, не болмаса артқы қыспақтың пинольінде арнайы) бұрандакескіш қысқы арқылы бекітеді. Дайындаманың бір айналымында бір адымға сомын кескіштің өстік және құралкүймешіктің, не болмаса пинольдің ауыстырылғанындағы жылдамдықтарының айырмашылығының есесін қайыруды оның қамтамасыз етуі үшін, қайсылардың жылдамдықтары сомын кескіштің жылдамдығынан 5-10% кем алынады.
2 сурет – Білдектің бұранданы сомын кескішпен кескендегі кинематикалық құрылымы.
5 Кесуші аспап жайында қысқыша мағлұмат
Жону-бұрамакескіш білдегінде сыртқы және ішкі бұранданы кескенде стерженьді кескішті пайдаланады. Кескіштің кесуші жиектерінің орналасуы өңделетін бұранданың пішініне сәйкес болуы керек. Үш бұрышты пішіндегі бұранда бұрышының сүйір ұшы метрикалық, дюймдік бұрандаға арналған кескіштермен кесіледі. Кескіштің сүйір ұшы кесілетін бұранданың ойығының қалпына сәйкес жұмырланған немесе қиықжиекті болуы керек.
Кескіштің бүйірлеріндегі артқы бұрыштарын, көтеру бұрышы дейінгі бұранданы кесу үшін, оң мен сол жақтарын әдеттегідей бірдей және тең қылады. Көтеру бұрышы жоғары бұранданы кескенде бүйірлеріндегі артқы бұрыштарын дейін үлкейту керек. Бүйірлеріндегі артқы бұрыштарды солай таңдайды, тек артқы беттердің бұранданың бұрама беттеріне үйкелуін болдырмасқа.
Бұрандакесуші кескіштердің алдынғы бұрышы, өңделетін материалдың қасиеттеріне байланысты тең қабылданады. Қатты және морт материалдар үшін кішілеу мәндерін таңдайды, тұтқыр және түрлі-түстілер үшін-үлкендеу. Бұранданы таза кескіштермен кескенде қабылдайды. Кескіштердің дұрыс қайралуын қимаүлгімен тексереді.
Бұранданың кескіштерін жылдамкескіш болаттың және қатты қорытпалардың пластиналарымен жабдықтайды. Болат бөлшектерді өңдегенде, алғашқы әрекеттерде Т15К6 және Т14К8 маркалы және ақтық әрекеттерде Т30К4 және Т15К6 маркалы қатты қорытпалы пластинкаларымен кескіштерді қолданады, шойын бөлшектерді өңдегенде ВК6М, ВК3М, ВК2, ВК2, ВК4 маркаларын пайдаланады.
Бұранданы кескішпен кесу үшін, бөлшекті сонша қыру керек, тек оның сыртқы диаметрі метрикалық 30 мм дейінгі бұрандаға, бұранданың сыртқы диаметрінен 0,14 - 0,28 мм кіші және 48 мм дейінгіге 0,17 – 0,34 мм кіші болғандай. Дайындаманың диаметрін кішірейтудің себебі, кесу үрдісінде материал деформацияланып, бұранданың сыртқы диаметрі ұлғаятын болғандықтан. Тесікте бұранданы кесуді, не бірден бұрғылыған соң (егер бұранданың дәлдігіне жоғары талаптар қойылмаса), не тесікті қырнап кеңейтуден соң (дәлірек бұрандалар үшін) жүргізеді. Сонымен бұрандаға тесіктің диаметрі
,
қайда - тесіктің диаметрі, мм;
- бұранданың сыртқы диаметрі, мм;
- кесу адымы, мм.
Сызбаның талаптарына байланысты бұрандама кескіштің шығыуы үшін жырашықпен бітіуі мүмкін. Жырашықтың ішкі диаметрін, енінің бұранданың екі-үш адымындайында бұранданың ішкі диаметрінен аздап кіші (0,1-0,3 мм-ге) орындайды. Бұранда бұрандамада, бұрамасұқпада және бірнеше басқа бөлшектерде жоқ болумен аяқталады, ол кесілетін бұранданың соңында кескішті алып кетумен түзіледі.
6 1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегінің қалып түзуші қозғалысының параметрлерін есептеу және күйге келтіру
6.1 Траекторияны есептеу және күйлеу
Траекторияны (кесілетін бұранданың адымын ) күйлеудің шарттары (КШ).
1 айналым айналдырықтың→, мм құралкүймешіктің ауыстырылуы.
6.1.1 Метрикалық бұранданы әдеттегі адымымен кесу
Бұл жағдайда құралкүймешіктің ауыстырылуы тікелей айналдырықтан алынады, яғни шығыр Б4 (3 сурет) сол жақ жайда орналасқан (ықшамсызбада көрсетілген). Шығыр Б4 тұтқаның 1 (4 сурет) көмегімен ауыстырылып қосылады. Қарастырылатын жағдайда тұтқа 1 «әдеттегі адым» жайында орналасқан, блоктың Б4 3 суретте көрсетілген жайына сәйкес. Қозғалмалы тістегеріш жүріс бұрамасының айналу бағытын өзгерту үшін арналған. Тістегеріш тұтқамен 2 (4 сурет) басқарылады, және де ол оң кірісті бұранданы кескенде «берілістің бағыт өзгерткіші» жазуына қатысты сол жақ жайға орналыстырылады.
Алмасу тісті шығырлары және (3 сурет, күйге келтіру құралы) 30-66-36 ықшамсызбасы бойынша орналастырылады, не метрикалық бұранданы кесуге лайықты. Жұдырықшалы муфта қосылады, ал XIV біліктің тістегеріші XII біліктің тістегерішінен бірмезгілде іліністен шығарылады, ал XV біліктің тістегеріші XIV біліктің қозғалмайтын тістегерішімен ілінісу үшін оңға қарай жылжиды. Муфта , тістегеріш және жылжымалы тістегеріш «метрикалық, модульді бұранда» жайларына қойылатын тұтқаның 2 көмегімен ауыстырылады.
○белгіленген тістегеріштер - корригирленгендер
айн/мин
айн/мин
2 кір.сол.
айн/мин
3 сурет – 1А616 модельді жону-бұрамакескіш білдегінің кинематикалық ықшамсызбасы.
әдеттегі адым
ұлғайтылған адым
берілістің бағыт өзгерткіші
4 сурет – Айналдырықты қыспақтың механизмдерін басқару тұтқалары.
бұраманы тура қосу
5 сурет – Беріліс қорабының механизмдерін басқару тұтқалары.
Кесілетін метрикалық бұранданың ең кіші адымы үшін, кинематикалық баланстың теңдігі (КБТ) мына түрде жазылады.
1 айн.айналд.,
- те, және ,
бұранданың адымын мм ең кіші шамада қабылдайды. Бұл адым шамасы стандартқа сәйкес емес, сондықтан берілістер қорабына жайғастырылған 1 кестеде осы және басқа да стандартқа сәйкес емес адымдар көрсетілмеген (бос торлар).
Бұрандалардың берілген адымдарын алу мақсатында, тісті дөңгелектерді ауыстырып қосу тұтқалардың 1 және 3 (5 сурет) көмегімен орындалады. Тұтқа 1 XII мен XIV біліктердің арасындағы алты берілісті қамтамасыз ететін Б5, Б6 және Б7 (3 сурет) шығырларын алты позицияға ауыстыруды басқарады, тұтқа 3 (5 сурет) XV мен XVI біліктердің және XVI мен XVII біліктердің араларындағы екіден сәйкес берілістерді қамтамасыз ететін Б8 және Б9 (3 сурет) шығырларымен төрт позицияға басқарады. Тұтқалардың 1 мен 3 (5 сурет) жайы және бұранда адымының оларға сәйкес шамасы 1 кестеде көрсетілген, тұтқалардың жайлары және соларға сәйкес берілістері 2 және 3 кестелерде көрсетілген.
1 кесте – Тұтқалардың жайы, тісті алмасу дөңгелектері () және соларға сәйкес әдеттегі және ұлғайтылған адыммен метрикалық бұранданың адымының шамасы
Тұтқаның 3 жайы
|
Метрикалық бұранда
|
Алмасу тістегеріштері
|
30:36
|
55:36
|
30:36
|
әдеттегі адым
| Ұлғайтылған адым |
1 тұтқаның жайы
|
1 тұтқаның жайы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
6
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
I
|
|
|
0,5
|
|
|
0,75
|
|
2,5
|
3,5
|
4
|
4,5
|
4,75
|
6
|
II
|
|
|
1
|
|
|
1,5
|
2,75
|
5
|
7
|
8
|
9
|
9,5
|
12
|
III
|
1,25
|
1,75
|
2
|
2,25
|
|
3
|
5,5
|
10
|
14
|
16
|
18
|
19
|
24
|
IV
|
2,5
|
3,5
|
4
|
4,5
|
4,75
|
6
|
|
20
|
28
|
32
|
36
|
38
|
48
|
Достарыңызбен бөлісу: |