Б±рѓылау ерітіндісініњ тиімді дайындалу


Тұзды терригенді тау жыныстарымен қатпарланған тұзды шөгінділердің қалың қабатын ашу үшін бұрғылау ерітіндісін таңдау



бет4/6
Дата03.03.2022
өлшемі348 Kb.
#455941
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
stud.kz-39278

Тұзды терригенді тау жыныстарымен қатпарланған тұзды шөгінділердің қалың қабатын ашу үшін бұрғылау ерітіндісін таңдау

Тәжірибе жүзінде, бұрғылау ерітіндісінің тиімді көрсетілгендей даярлану түрін таңдауда олардың тұзды тау жыныстарымен әрекеттесуін зерттеуде, соңғыларды галиттен NaCl, сильвиннен KCl, бишофиттен MgCl2∙6H2O және карналиттен KCl∙MgCl2∙6H2O құралған деп қарастыруға болады. Кей-кездерде бұл шарт күрделірек болады. Мысалы: ламитте гипстің CaSO4∙2H2O, ангидриттің CaSO4, кизериттің MgSO4∙6H2O эпеолиттің, MgSO4∙7H2O қоспалары болады.


Су негізді бұрғылау ерітіндісі тұздармен белсенді әрекеттеседі, бұл әрекеттесу ұңғы түбі маңындағы аймақты тұздың қарапайым еруіне қарағанда күрделірек болады. Егер де тұз қатпарының құрамы жағынан біртекті болмаса, онда бұрғылау ерітіндісінде оның құрамына кірмейтін тұздар енуі мүмкін.
Беріксіздену ылғалдануға тек қана терригенді тау жыныстарда (әсіресе тұзды) емес, сонымен қатар таза тұз шөгінділерін де байланысты екенін және де ылғалдану жылдамдығы бұрғылау ерітіндісінің минералдану дәрежесіне байланысты екнін дәлелденді деп есептеуге болады.
Құрамында NaCl бар бұрғылау ерітіндісінің минералдану дәрежесі көп тұзды кеуек сұйығына қарағанда аз болады, сондықтан оқпан маңы аймағында осмостық және диффузия құбылыстары болады. Айналымдағы бұрғылау ерітіндісінің температурасының артық болуынан, кеуек сұйығында тұз концентрациясының көп болуы мүмкін (әсіресе тұзды терригенді тау жыныстары).
Осыған байланысты галитпен және сильвинмен тұздалған тау жыныстарын бұрғылау кезінде, ерітініді көп тұзды кешеннен және галиттан басқа бір немесе бірнеше тұздың үлкен құрамындағы ерітінділерінен тұруы қажет. Қолда бар тұздардың ішінен табиғи минералдар-бишофитпен карналлиттің табиғи күйіндегі хлорлы магний қолданылуы мүмкін. Төмендегі суретте MgCl2 қоспасының 15, 40, 650С-дегі NaCl+KCl жалпы минералдануына, бірігіп еруінің өзгеруіне әсер етуін және де NaCl+KCl және NaCl+KCl+MgCl2 жалпы қосынды концентрацмясының өзгерулері зерттелген.
Салыстыру үшін NaCl, KCl, MgCl2-дың жеке еру мағлұматтары және де NaCl+KCl және NaCl+KCl+MgCl2 көп тұздарының да еруі туралы мағлұматтар келтірілген.
Тұзды және тұздалған терригенді тау жыныстарының орнықтыландырылуына қолдануға болатын, тәжірибе бойынша бірнеше тұжырымдама жасауға болады.

  1. Ерітіндіде галит пен сильвин болмағанда жоғарғы температура NaCl (1 қисық сызық) еруін арттырады және KCl (2 қисық сызық) еруін төмендетеді. 650С бұл тұздардың еруі іс жүзінде бірдей болады. NaCl+KCl (3 қисық сызық) жалпы қосынды концентрациясы 150-650С аралығында қыздырғанда 375-тен 430 кг/т өседі.

  2. NaCl немесе KCl жеке еруіне байланысты қол жеткізуге болатын ерітіндінің жоғары шектік минералдыануы барлық қарастырылған температураларда NaCl+KCl ерітінділерінің минералдану дәрежесісінен төмен болады. Осыған байланысты NaCl-дан тұратын терригенді тау жыныстарын бұрғылау кезінде тек қана галитпен немесе сильвинмен қанықтырылған ерітіндіге қарағанда, құрамында NaCl+KCl бар ерітіндіні қолданған тиімдірек болып саналады.

  3. MgCl2 қосқан кезде NaCl+KCl+MgCl2 тұздарының жалпы қосынды концентрацияы аз ғана көлемде өзгереді. (4 қисық сызық), осыған байланысты құрамында NaCl+KCl бар ерітіндінің жалпы минералдану дәрежесін MgCl2 қосу арқылы арттыра алмаймыз. Бірақта құрамында MgCl2 бар NaCl+KCl мен қанықтырылған ерітінді тұзды тау жыныстарын бұрғылау кезінде қолдану, магний тұздарының еру жылдамдығын төмендету мүмкіншілігіне байланысты пайдалы болады. MgCl2 концентрациясы өскенде NaCl+KCl ерітіндісінің тығызыдығы артады, өйткені MgCl2 тығыздығы 2316-2410кг/м3 шегінде өзгереді де, ал галитпен сильвиндікі соған қарай 2163-1990кг/м3. Сондықтан да галитті, сильвинді немесе терригенді тау жыныстарынан тұратын тұзды кешенді ашу кезінде құрамында NaCl кейбір мөлшері бар KCl∙MgCl2∙6H2O карналлитін қолданған пайдалырақ.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет