183
Бір жағынан бюджетке кредиторлық қарыздар жабылады, ал екінші
жағынан бір мезгілде сол сомаға кәсіпорынның ақша қаражаттары
шығыс етіледі. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын білдіреді.
Мысал келтіреміз: салық инспекциясына кәсіпорынның есеп
айырысу шотынан аудару жолымен 2005 жылы қыркүйек айының
30 жұлдызындағы № 1039 төлем тапсырмасына сәйкес, 65000
теңге сомада әлеуметтік салық төленді (аударылды). Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3150 — 1040 = 65000 4 типті операция
П (-) А (-)
д) Шаруашылық шығыстарды төлеу. Бұл есептер № 7210 «Әкім-
шілік шығыстар» активті шотында бейнеленеді. Шаруашылық шы-
ғыстарға: әкімшілік, банктік, пошта-телеграфтық, сот шығыстары,
айыппұлдарды төлеу, демеушілік және қайырымдылық жәрдем ету
және т.б. жатады. Активтер осы активті шотқа шығыс етілетіндіктен,
ақша қаражаттары кредиттік жағында орналасады және шаруашы-
лық операцияның жазуы жоғарыда көрсетілген шоттың дебетіне
шығыс етіледі. Проводка төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
7210 — 1010, 1040 Төлем тапсырмалары, шығыс
кассалық ордерлер
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында тек қана
активті шот орналасқан. Бұл жағдайда (№ 7210) 1 типті «Активті-
активті»
операция орын алады, яғни баланстың активінде тек
қана өзгерістер болады. Бір жағынан кәсіпорынның жалпы және
әкімшілік шығыстары көбейеді, екінші
жағынан бір мезгілде сол
сомада оның ақша қаражаттарының мөлшері кемиді. Бұл жағдай
жазудың дұрыстығын білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: