199
2413 — 6280 = 2000000 3
типті операция
А (+) П (+)
г) Негізгі құралдарды қайта бағалау. Экономиканың заңдарына
сәйкес, инфляция нәтижесінде мүліктің қымбаттауы болып тұрады.
Сондықтан, оқтын-оқтын (мемлекеттік статистикалық комитеттің
нұсқауларына сәйкес) негізгі құралдардың қайта бағалануы жүр-
гізіледі.
Бұл жағдайда олардың құнының арту көзі № 5320 пассивті шотта
бейнеленетін негізгі құралдардың
қайта бағалануынан қосымша
төленбеген капитал болады. Шаруашылық операцияның жазуы
төмендегіше болады:
Дт Кт Құжаттар
2411—2417 5320 Есептер, бағалау актісі
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында пассивті
шот орналасқан.
3 типті «Активті-активті» операциясына сәйкес, бір жағынан
кәсіпорын активтерінің құны артады, бір мезгілде екінші жағынан
негізгі құралдарды бағалаудан болған қосымша төленбеген ка-
питал көбейеді. Демек, шаруашылық
операцияның жазуы дұрыс
жасалған.
Мысал келтіреміз: Республика Үкіметінің ңұсқауымен жүргі-
зілген негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесінде 2005 жылы
қаңтардың 21 жұлдызында жасалған қайта бағалаудың материал-
дарына сәйкес, үйдің құны 560000 теңгеге артты. Бұл жағдайда
бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
2412 — 5320 = 560000 3 типті операция
А (+) П (+)
Сонымен, біз ұзақ мерзімді активтер көбеюінің (келуінің) әртүрлі
жағдайлардағы мәселелерін қарадық.
Енді дебиторлық берешектердің кему (жабылу) жағдайларын