213
ның декларацияларына сәйкес, жеке тұлғалардан табыс салығы
16400 теңге сомада есептелді. Бұл
жағдайда бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт Сома Ескерту
3350 — 3120 = 16400 2 типті операция
А (-) П (+)
б) Еншілес (қауымдастырылған) ұйымдарға кредиторлық қарыз-
дардан. Бұл операциялар № 3320—3340 «Еншілес (бағынышты)
ұйымдарға кредиторлық қарыздар»
пассивті шоттарының кредиті
бойынша бейнеленеді. Қарыздардың есептелуі еншілес (бағынышты)
ұйымдардың есебінен болатындықтан, шаруашылық операция
№ 3320—3340 шоттардың кредитінен төмендегі шоттардың дебетіне
жасалады:
Дт Кт
Құжаттар
2411—2930
1310—1315, 1317
1010, 1040 3320—3340 Келісімдер, шот-фактуралар,
3010—3020
төлем тапсырмалары,
3310 жүкқұжаттар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: дебеттік жағында активті және
пассивті шоттар орналасқан. Активті шоттар (№ 2411—2930) орналасқан
кезде баланстың активі мен пассиві көбейетін 3 типті «Активті-пассивті»
операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның шаруашылық құрал-
дары мен ақша қаражаттары, екінші жағынан
бір мезгілде сол сомаға
еншілес ұйымдарға кредиторлық қарыздары көбейеді.
Пассивті шот (№ 3310) орналасқан кезде баланстың пассивінде
тек қана өзгерістер болатын 2 типті «Пассивті-пассивті» операция
орын алады. Бір жағынан жеткізіп берушіге кредиторлық қарыздар
кемиді, ал екінші жағынан бір мезгілде сол сомаға еншілес ұйымдарға
кредиторлық қарыздар көбейеді. Бұл жағдай жазудың дұрыстығын
білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: