Центрифуганың тағайындалуы



Дата22.06.2016
өлшемі193.22 Kb.
#152918
ШХ2.779.040 ПС

МАЗМҰНЫ

Бет.


  1. Центрифуганың тағайындалуы........................................................................................3

  2. Техникалық сипаттамалары..............................................................................................5

  3. Центрифуганың құрамы мен толымдылығы...................................................................7

  4. Құрылымы және жұмыс принципі...................................................................................8

  5. Қауіпсіздік шараларының нұсқаулары..........................................................................11

  6. Центрифуганы жұмысқа дайындау................................................................................12

  7. Жұмыс тәртібі..................................................................................................................13

  8. Техникалық қызмет көрсету...........................................................................................14

  9. Санитарлық өңдеу............................................................................................................15

  10. Мүмкін ақаулықтар және оларды жою тәсілдері.........................................................16

  11. Қабылдау туралы куәлік.................................................................................................17

  12. Консервациялау және орау туралы куәлік....................................................................17

  13. Өндірушінің кепілдемелері.............................................................................................18

  14. Тасымалдау және сақтау.................................................................................................20

Қосымша 1........................................................................................................................21

Қосымша 2........................................................................................................................23

ШХ2.779.040 ПС

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Центрифуганы пайдаланудан бұрын нақты төлқұжатты, сонымен қатар, центрифугада жұмыс кезінде пайдаланылатын роторларға төлқұжаттарды дұрыстап зерттеу қажет.

Өндіруші-кәсіпорын өзіне пайдаланушылық құжаттамаға өзгерістер енгізусіз, центрифуганың құрылымына және функционалды сызбасына центрифуганың сапасы мен жұмыс қабілеттілігін нашарлатпайтын өзгерістерді енгізу құқығын қалтырады.

Центрифуганы жұмысқа дайындау кезінде тасымалдау сомындарын 16 поз. (3 суретті қараңыз) бұрап босату қажет.

Центрифуганы сатып алу кезінде тақтайшада орналасқан голограмманың бар болуын тексеру қажет.




  1. ЦЕНТРИФУГАНЫҢ ТАҒАЙЫНДАЛУЫ

    1. Опн-8 зертханалық медициналық центрифугасы (1 сурет) (бұдан әрі центрифуга) айналу жиілігі 8000 min-1 дейінгі, әртекті сұйық жүйелерді орталықтан тебуші күш өрісінде бөлу үшін қолданылатын дағдылы, мерзімді әрекетті зертханалық центрифуга болып табылады.

    2. Центрифуга клиникалық зертханалық диагностика тәжірибесінде пайдалану және медицинада және басқа салаларда зерттеулер өткізу үшін арналған.

    3. Центрифуга тығыздығы 2 g/cm3 артық емес сұйық жүйелердің; шыны түтіктермен жұмыс істеген кезде 1,5 g/cm3 артық емес сұйық жүйелердің толық центрифугалануын қамтамасыз етеді.

    4. Центрифуганы пайдалану шарттары:

  • қоршаған ауа температурасы +10-нан +350С дейін;

  • +250С кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғарғы шамасы 80%.

    1. Центрифуганың климаттық орындалуы ҚСК 4.2.

ШХ2.779.040 ПС



ОПн-8 зертханалық медициналық центрифуга

1 сурет

ШХ2.779.040 ПС



  1. ТЕХНИКАЛЫҚ СИПАТТАМАЛАРЫ

2.1 Центрифуганың қуаттануы айнымалы ток жүйесінен:

- кернеу (220±22) V;

- жиілік (50±0,5) Hz.

2.2 Жұмсалатын қуаттылық, артық емес 350 V-A.

2.3 Айналудың шекті жұмыс жиілігі min-1 8000.

2.4 Бөлу факторының шекті шамасы 6600;

2.5 Центрифуга түрлері 1 кестеде көрсетілген роторлармен жабдықталады.

1 кесте

Ротор түрі

Центрифуганың параметрлері

центрифугаттың шекті көлемі

айналудың шекті жұмыс жиілігі min-1

бөлу факторының шекті шамасы

Бұрыш роторлары










1РУ 180Л

180

8000

6600

2 РУ 8х10

80

8000

6600

3 РУ 12х10

120

6000

4200

4 РУ 36х1,5

54

8000

6000


Ескерту


  1. Жабылмайтын түтіктерді орнату кезінде шекті көлем 25% азаяды.

  2. Центрифугамен бірге жеткізілетін ротор түрі тапсырыспен анықталады.

  3. Толық техникалық мәліметтер мен роторды пайдалану ережелері сәйкес роторға арналған төлқұжатта келтірілген.

2.6 Центрифуга роторының айналу жиілігі 1000-нан 8000 min-1 дейінгі диапазонда әрбір 1000 min-1 кейін сатылы реттеледі.

Айналу жиілігінің мүмкін келтірілген ауытқуы шекті айналу жиілігінен ±10% артық болмауы тиіс.

2.7 Ротордың айналудың шекті жұмыс жиілігіне дейін екпін уақыты 8 min артық емес.


ШХ2.779.040 ПС

2.8 Үздіксіз жұмыстың шекті уақыты 180 min кем емес.

2.9 Үздіксіз жұмыстың 180 min кейін үзіліс уақыты 60 min кем емес.

2.10 Центрифуга 5 min тең циклдермен белгіленген интервалдан кейін 60-минуттық уақытты кері есептеу механизмімен желіден автоматты сөндірілуді қамтамасыз етеді.

2.11 Қарама-қарсы түтіктерде центрифугаланатын массалардың теңгерілмеуі 0,5 g артық емес.

2.12 Центрифуганың габаритті өлшемдері, артық емес

- ұзындығы 285 mm;

- ені 305 mm;

- биіктігі 370.

2.13 Қосалқы бөлшектер жинақтамасымен бірге центрифуганың салмағы 13kg.

2.14 Центрифуга схемасының элементтеріндегі құнды материалдардың жиынтық салмағы:

- алтын 0,1147 g;

- күміс 2,2178 g.

Центрифугадағы түсті металдардың жиынтық салмағы:

- алюминий қорытпасы 4,3 kg;

- латунь 0,085 kg;

- мыс 0,82 kg.

Құнды материалдар мен түсті металдардың орналасу орындары туралы мәліметтер тұтынушы мен жөндеу мекемелерінің талабы бойынша жолданады.

2.15 Центрифуганың есептен шығаруға дейінгі орташа қызмет мерзімі 5 жылдан кем емес.

2.16 Центрифуга электрлі қауіпсіздік талабы бойынша МемСТ 12.2.025-76, 1 қорғау классының Н типімен жасалған.

2.17 Өлшеу қашықтығы 1 m кезде центрифуганың дыбыс қуаттылығының түзетілген деңгейі, жоғары емес 83 dB·A

2.18 Центрифуганың тоқтауға дейін жұмыс істеуі, кем емес 720 h.

ШХ2.779.040 ПС



3. ЦЕНТРИФУГАНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ТОЛЫМДЫЛЫҒЫ

3.1 ОПн-8 центрифугасы (3 сурет) келесі негізгі бөлшектерден құралады:

а) корпус (1 поз);

б) жетек (2 поз);

в) басқару тетігі (3 поз);

г) қаптама (8 поз.);

д) қақпақ (13 поз).

3.2 Центрифуга жеткізілімінің толымдылығы – 2 кестеде көрсетілгенге сәйкес.


2 кесте


Атауы

Құжаттың белгіленуі

Саны

1. Центрифуга

Қосалқы бөлшектер және аспап

2. ВПБ6-37 балқығыш қосынды

3. ДК 105-250-10Б электр қозғалтқышына арналған қылшақ

4. Тұтқа


5. Жабдықтар жинақтамасы

оның ішінде:

РУ 180 Л роторы, немесе

РУ 8х10, немесе

РУ 12х10, немесе

РУ 36х1,5



6. Пайдаланушылық құжаттама

Центрифугаға арналған төлқұжат

РУ 180 Л роторына,

РУ 8х10, немесе

РУ 12х10, немесе

РУ 36х1,5

арналған төлқұжат


ШХ2.779.040

ОЮ0.481.021 ТУ


ТУ 16-92

ИВБЕ.522741.002 ТУ


ИЛГК.715514.005

Роторға төлқұжатқа сәйкес


ШХ4.078.009

ШХ4.078.059

ШХ4.078.060

ШХ4.078.061

ШХ2.779.040 ПС
ШХ4.078.009 ПС

ШХ4.089.059 ПС

ШХ4.078.060 ПС

ШХ4.078.061 ПС



1 дана



  1. дана




  1. дана

1 дана


1 жинақ.*
1*

1*

1*



1*

1*
1*

1*

1*

1*


Ескерту - * Центрифугамен бірге жеткізілетін ротор түрі тапсырыспен анықталады.

ШХ2.779.040 ПС

4. ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ПРИНЦИПІ
4.1 Центрифуганың құрылымы 3 суретте келтірілген.

4.1.1 Центрифуга корпусында (1 поз) жетек (2 поз), басқару тетігі (3 поз) және негіз (4 поз), қақпақты блокадалау механизмі (21 поз) құрастырылған.

4.1.2 Центрифуга жетегі (2 поз) электр қозғалтқышынан (5 поз), конустық біліктен (6 поз), айналу жиілігінің және кері байланыс датчигінен (7 поз) құралады. Жетек қаптамамен (8 поз) амортизациялайтын элементтердің көмегімен қосылған.

4.1.3 Басқару тетігінде (3 поз) келесілер орналасқан:

- тұтқамен (9 поз) басқарылатын айналу жиілігінің айырып-қосқыш орнатушысы,

- тұтқамен (10 поз) басқарылатын сағат механизмі (центрифуга жұмысының ұзақтығын автоматты белгілеу үшін),

- центрифуганың қуаттандыру тізбегін сөндіруші (12 поз),

- сағат механизмін сөндіруші (11 поз),

- центрифуганың қақпағын ашу батырмасы (22 поз).

4.1.4 Центрифуганың негізінде (4 поз) айналу жиілігін басқарудың электронды сызбаларының элементтері және балқығыш қосындылары бар қалта орналасқан.

4.1.5 Жұмыс камерасында конусты білікке (6 поз) ротор орнатылады. Центрифуганың жұмыс камерасы мөлдір өзінен блокадаланатын қақпақпен (13 поз) жабылады.

ШХ2.779.040 ПС


4.2 Жұмыс принципі

4.2.1 Центрифуганың функционалды сызбасы (2 сурет) айналу жиілігі бойынша кері байланысы бар центрифуга жетегінің электр қозғалтқышын автоматты басқару жүйесі болып табылады.

4.2.2 Центрифуганың функционалды сызбасы келесілерді қамтиды:

ЭЖ – коллекторлық типті электр жетегі;

ЭЖББ - электр жетегі мен қақпақты блокадалауды басқару бөлігі;

АД – айналымдар датчигі;

ҚжКБ – қуаттандыру және коммутация бөлігі;

БТбасқару тетігі;


ОПн-8 центрифугасының функционалды сызбасы

Сурет 2

ШХ2.779.040 ПС




1 – корпус; 2 – жетек; 3 – басқару тетігі; 4 – негіз; 5 – электр қозғалтқышы; 6 – білік; 7 – датчик; 8 – қаптама; 9 – тұтқа; 10- тұтқа; 11 – сағат сөндірушісі; 12 – қуаттандыру тізбегін сөндіруші; 13 – қақпақ; 14 – бұрама; 15 – ажырату; 16 – сомын; 17 – қақпақ; 18 – бұрама; 19 – амортизатор; 20 – бұрама; 21 – блокадалау механизмі; 22 – қақпақты ашу батырмасы; 23 – қақпақты мәжбүрлі ашу кілті.
3 сурет

ШХ2.779.040 ПС

4.2.3 Центрифуга келесі түрде жұмыс істейді:

Айналу жиілігін орнатушымен басқару тетігінде қажетті айналымдар саны орнатылады. Желілік айырып-қосқышты Қос күйіне, ал уақыт орнатушысының датчигін «0» басқа кез келген күйге ауыстырғанда, коллекторлық қозғалтқыш негізіндегі ЭЖ бар тиристорлы түрлендіргіш болып табылатын ЭЖББ центрифуганың роторын баяу айдай бастайды.

АД дабыл электр жетегін басқару бөлігіне беріледі. Осының нәтижесінде электр жетегінің білігінің орнатылған жиілігі сақталады. Уақыт датчигінің айырып-қосқышын «0» күйіне ауыстырғанда ҚжКБ электр жетегінің қуаттануын сөндіреді және тежеу тәртібі орындалады.

Уақытты кері есептеу механизмі қосулы центрифуга жұмысы (центрифуга жетегін автоматты сөндіру тәртібі) сөндіру функциясын сағат механизмінің корпусында орналасқан микросөндіргіштің орындауымен ерекшеленеді. Уақытты кері есептеу механизмінің тұтқасын «0» күйінен 0-ден 60 min дейінгі кез келген күйге ауыстыру және уақыт сөндіргішін қосу кезінде центрифуга микросөндіргіш арқылы жетекті автоматты сөндіру тәртібіне ауысады.


5. ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНЫҢ НҰСҚАУЛАРЫ
5.1 Назар аударыңыз! Келесілерге қатаң тыйым салынады:

а) 1 кестеде көрсетілген ротордың белгілі түріне арналған шекті шамадан жоғары айналымдармен жұмыс істеуге;

б) шыны түтіктермен жұмыс істеген кезде ротордың айналу жиілігін 2000 min-1 жоғары орнатуға;

в) роторды көлемі төлқұжатта көрсетілген шамалардан жоғары центрифугатпен жүктеуге;

г) 0,5 g артық центрифугатпен толтырылған қарама-қарсы түтіктердің әр түрлі салмақтарымен жұмыс істеуге;

д) қолдан жасалған түтіктерді пайдалануға;

ШХ2.779.040 ПС
е) тасымалдау кезінде жетекті бекітуге арналған сомынмен (3 сурет, 16 поз) жұмыс істеуге.

5.2 Центрифуганы жерге қосу желілік сым ашасының жерге қосатын жалғауымен жүзеге асырылады. Розетканың жерге қосатын жағлауы қорғаушы жерге қосудың торабымен жалғасуы тиіс.


6. ЦЕНТРИФУГАНЫ ЖҰМЫСҚА ДАЙЫНДАУ
6.1 Жылдың суық мезгілінде центрифуганы орамасында бөлме температурасында 4h кем емес ұстау қажет.

6.2 Центрифуганы тегіс көлденең бетке орнату қажет.

6.3 Тасымалдау сомынын бұрап босату (3 сурет, 16 поз).

6.4 Жеткізілім жинақтамасындағы тұтқамен қақпақты мәжбүрлі ашу кілтін сағат тіліне қарсы бұрап, центрифуга қақпағын ашу.

6.5 Роторды жетек білігіне тығыздап салу.

6.6 Центрифугат толтырылған түтіктерді ротор ұяшығында орнату. Шыны түтіктерді амортизаторы бар роторда әрбір түтік астына орнату.


Ескерту

  1. Центрифуга толық жүктелмеген жағдайда толтырылған түтіктердің әрбір жұбын ротордың қарама-қарсы ұяшықтарында орналастыру.

  2. Жабылмайтын түтіктерді орнату кезінде түтіктерді шекті көлемнің 75% толтыру.

6.7 Роторды жетек білігіне ротор қақпағы немесе сомынның көмегімен бекіту.

6.8 Центрифуга қақпағын жабу.

6.9 Центрифуганың желілік сымын айнымалы ток желісіне қосу.

ШХ2.779.040 ПС
7. ЖҰМЫС ТӘРТІБІ
7.1 Центрифуганың сағатпен жұмыс істеуі кезінде (3 сурет).

7.1.1 Сағат сөндіргішін (11 поз) қосулы күйіне орнату, бұл ретте пернеде қызыл нүкте көрінеді.

7.1.2 Айналу жиілігін орнатушысының тұтқасымен (9 поз) қажетті айналымдар санын орнату.

7.1.3 Сағат механизмінің тұтқасымен (10 поз) (бұдан әрі сағат) екпін уақытын есепке ала отырып, қажетті центрифугалау уақытын орнату.

7.1.4 Қуаттандыру тізбегінің сөндіргішін (12 поз) қосулы күйіне орнату, бұл ретте қызыл нүкте көрінеді.

Ротор біраз уақыттан кейін айнала бастайды (30...45 s) және автоматты түрде орнатылған айналу жиілігіне жетеді.

7.1.5 Орнатылған уақыт өткеннен кейін электр жетегінің қуаттану кернеуі автоматты сөндіріледі және ротор тоқтауды бастайды.

7.1.6 Ротор толық тоқтағаннан кейін «А» батырмасын басып, центрифуга қақпағын ашу (13 поз), ротор қақпағын шешу (бар болған жағдайда) және түтіктерді алу.

7.2 Центрифуганың сағатсыз жұмыс істеуі кезінде (3 сурет).

7.2.1 Сағат сөндіргішін (11 поз) сөндірулі күйіне орнату.

7.2.2 Айналу жиілігін орнатушысының тұтқасын (9 поз) қажетті айналу жиілігіне сәйкес келетін күйге орнату.

7.2.3 Қуаттандыру тізбегін сөндіргішін (12 поз) қосулы күйіне орнату.

7.2.4 Сағат тұтқасымен (10 поз) «0»-ден басқа кез келген жұмыс уақытын орнату. Ротор орнатылған айналым жиілігіне дейін үдейді.

7.2.5 Қажетті центрифугалау уақыты өткеннен кейін центрифуганы айналу жиілігін орнатушының тұтқасымен (9 поз), оны «0» күйіне ауыстырып, сөндіру.

7.2.6 Ротор толық тоқтағаннан кейін басқару тетігінде «А» батырмасын басып, қақпақты ашу. Ротор қақпағын шешу (бар болған жағдайда) және түтіктерді алу.

ШХ2.779.040 ПС


8. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
8.1 Мерзімді, пайдаланудың әрбір 600 h кейін коллектор мен электр жетегінің қылшақтарының (3 сурет) күйінің тексеруін жүргізу, ол үшін:

а) центрифуга қақпағын ашу (13 поз);

б) роторды біліктен шешу (6 поз);

в) электр жетегін басқару сызбасымен жалғастыратын ажыратуды (15 поз) алдын ала центрифуга түбіндегі тілімшені шешіп ажырату;

г) төрт бұраманы бұрап босату (14 поз);

д) жетекті шешу (5 поз.);

е) қылшақ ұстағыштардан қақпақшаларды шешу;

ж) қылшақтарды қылшақ ұстағыштардың ұяшықтарынан алу;

з) коллекторды және қылшақ ұстағышты МемСТ 1012-72 авиациялық бензинге малынған таза майлықпен тазалау және қысылған ауамен үрлеу;

г) қылшақтың тозуын өлшеу. Қылшақтың қалған биіктігі 9 mm кем емес болуы тиіс;

д) қажет жағдайда (қылшақтың қалған биіктігі 9 mm кем) қылшақты ауыстыру;

е) қылшақтарды қылшақ ұстағыштың ұяшығына орнату.

8.2 Қылшақтың қалған биіктігі 9 mm кем болса, қылшақтарды ауыстыру және сылауды орындау, ол үшін:

а) коллектор бетіне ұсақ түйірлі тегістейтін қабықты салу (абразивімен қылшаққа қарай);

б) қабықты қылшақ ұстағышқа салынған қылшақтарда екі жаққа, содан кейін ғана коллерктордың айналу бағытына қарай тарту. Қылшақ сылаудан бастапқы мөлшерінен 1 mm артық азаймауы тиіс;

з) тегістейтін қабықты алу және коллекторды қысылған ауамен үрлеу.



Оттегімен үрлеуге қатаң тыйым салынады.

и) жетекті жинау және центрифуганы орнату.


ШХ2.779.040 ПС


8.3 Желілік ашаның күш беретін жалғаулары мен центрифуга корпусының арасындағы оқшалаудың кедергісін өлшеу. Оқшалау кедергісі 2 МΩ кем емес болуы тиіс.

8.4 Оқшалау кедергісі 2 МΩ кем болған жағдайда, 8.1 т., а-з тармақшалары, 8.2 т., 8.3 т. бойынша жұмыстарды қайталау. Егер жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізуден кейін оқшалау кедергісі қалыпқа келмесе, электр жетегінің білігі мен траверс арасында саңылау қалыптастыратын беттерді бензинге малынған мата анжысымен сүрту қажет.

8.5 Электр жетегін бос айналымда, 3000-4000 min-1 айналудың төмендетілген жиілігімен қосу және қылшақтардың ұшқындауын тексеру. Ұшқындау МемСТ 183-74 1.23 т. бойынша 2 деңгейден жоғары болмауы тиіс.
9. САНИТАРЛЫҚ ӨҢДЕУ
9.1 Санитарлық өңдеу мен залалсыздандыруды центрифуга мен оның камерасының сыртқы беттерін МемСТ 177-88 сутек тотығының 3% ерітіндісіне малынған анжыға МемСТ 25644-88 бойынша әмбебап жуғыш құралды қосу арқылы, содан кейін ТШ6-01-4689387-16-89 хлораминнің 1% ерітіндісіне малынған анжымен сүрту арқылы орындау. Анжылар сығылған болулары тиіс.

9.2 Санитарлық өңдеу қажеттілігіне қарай немесе центрифуга жұмысының әрбір 40 h кейін орындалады.

ШХ2.779.040 ПС

10. МҮМКІН АҚАУЛЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ТӘСІЛДЕРІ


Ақаулық атауы, сыртқы байқалуы және қосымша белгілері

Мүмкін себебі

Ақаулықты жою тәсілдері

1. Центрифуга қосылмайды

1. Желі кернеуі жоқ

1. Желідегі кернеудің болуын тексеру

2. Қақпақ жабылмаған

2. Қақпақты жабу

3. Балқымалы қосынды күйген

3. Балқымалы қосындыны ауыстыру

4. Ажырауда жалғау жоқ (3 сур., 15 поз.)

4. Сызбаны тексеру: жалғаулар берік қосылған болулары тиіс

5. Қылшақтың коллектормен жалғануы жоқ

5. Қылшақтың коллектормен жалғануын тексеру және қажет жағдайда қылшақтарды ауыстыру

2. Коллектор қылшақтарының асыра ұшқындауы және коллектордың күюі

1. Қылшақтар нашар тегістелген

1. 8 бөлімнің нұсқаулықтарына сәйкес сылау

2. Қылшақтың коллекторға жанасуы тығыз емес

1. Қылшақтың қалған ұзындығын тексеру. Қажет жағдайда ауыстыру.

2. Серіппенің қылшаққа басылуын тексеру



3. Коллектор ластанған

3. Коллекторды бензинге малынған таза шүберекпен сүрту

3. Электр жетегі қызып кетеді

1. Артық жүктеу

1. Қолданылатын ротор мен шекті орнатылған айналу жиілігін тексеру.

2. Қолмен жетек білігінің ырғақтығын тексеру. Біліктің айналуы кезінде қажалулар мен тән дыбыс болмауы тиіс.

3. Қылшақтар биіктігі мен ұшқындау дәрежесін тексеру.

4. Центрифуганың үздіксіз жұмысының шекті уақытын тексеру.


ШХ2.779.040 ПС



11. ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Зауыттық нөмірі_________ роторы бар зауыттық нөмірі __________ ОПи-8 ШХ2.779.040

(ротор түрі)

зертханалық медициналық центрифуга ТШ5.375-4261-76 талаптарына сәйкес өндірілді, қабылданды және пайдалану үшін жарамды деп танылды.

ОПи-8 центрифугасы Сертификаттау бойынша органмен сертификатталды.

Орындаушы ________________ ________________

(жеке қолтаңбасы) (қолтаңбасының мәнін ашу)

ТББ өкілі

МО ________________ ________________

(жеке қолтаңбасы) (қолтаңбасының мәнін ашу)
Өндірілген күні ________________

(жылы, айы, күні)



12. КОНСЕРВАЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ОРАУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК
Зауыттық нөмірі_________ роторы бар зауыттық нөмірі __________ ОПи-8 ШХ2.779.040

(ротор түрі)

зертханалық медициналық центрифуга өндіруші-кәсіпорында консервацияланды және құрылымдық құжаттамамен қарастырылған талаптарға сәйкес оралды.

Консервациялау және орау күні ________________

Консервациялау мерзімі ________________

Центрифуганы консервациялау мен ораудан кейін ________________ қабылдады. МО

ШХ2.779.040 ПС
13. ӨНДІРУШІНІҢ КЕПІЛДЕМЕЛЕРІ
13.1 Өндіруші-кәсіпорын келесілерге кепілдеме береді:

а) нақты төлқұжатта көрсетілген барлық сипаттамалардың сәйкестігіне;

б) тұтынушымен төлқұжатқа сәйкес тасымалдау, сақтау және пайдалану ережелерін сақтау шартымен центрифуганың сенімді және үздіксіз жұмысына;

в) уақытынан бұрын тозу себебімен кепілдік мерзімінің өтуіне дейін саптан шыққан бөлшектері тегін ауыстыруға.

13.2 Кепілдік мерзім центрифуганы пайдалануға енгізу күнінен бастап 18 ай, алайда өндіруші-кәсіпорыннан түсіру күнінен бастап 24 айдан артық емес орнатылады.

13.3 Қайта консервациялаусыз кепілді сақтау мерзімі 1,5 жыл.

13.4 Кепілді мерзім ішінде центрифугаға қатысты шағымдар өндіруші-кәсіпорынға қойылады:

- бұйымдардың жинақталмауы және сынуы бойынша шағымдар тек центрифуга тікелей өндіруші-кәсіпорыннан немесе оның бөлімшелерінен («Дастан М» ЖШҚ, «Дастан Н» ЖШҚ, «Ала-Тоо» БҚРК ЖШҚ) келіп түскен мекемелерден ғана қабылданады ;

- пайдалану кезінде анықталған центрифуганың сапасы мен жасырын ақаулары бойынша шағымдар осы ақаулар анықталған тұтынушы-ұйымдармен ұсынылады;

13.5 Шағымдар № П-7 «Өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімді және халық тұтынуының тауарларын сапа бойынша қабылдау тәртібі туралы» нұсқаулық талаптарына сәйкес, нұсқаулықтың 31 т. сәйкес құжаттарды, сонымен қатар, кепілдік талонды қоса бере, актті жасау күнінен 10 күннен кеш емес ресімделеді.


Кепілдік талоны 1 қосымшада келтірілген.

Шағымдар өндіруші-кәсіпорынмен келесі жағдайларда қабылданбайды:

  • жоғарыда аталған құжаттар мен кепілдік талоны жоқ болған жағдайда;

  • голограмма жоқ болған немесе оның тұтастығы зақымданған жағдайда.

ШХ2.779.040 ПС


13.6 Ақаулықтың пайда болу себебі екі тарапты сараптама комиссиясымен анықталады.

13.7 Арыздар туралы мәліметтер 3 кестеде көрсетілулері тиіс.


3 кесте


Саптан шығу күні және арыз ұсыну күні

Арыздың қысқаша мазмұны

Арыз бойынша қабылданған шаралар








Өндірушінің мекен-жайы: Қырғыз Республикасы

720005, Бішкек қ., Байтик Баатыр к., 36

«ДАСТАН» ТНК» ААҚ




ШХ2.779.040 ПС


14. ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ
14.1 Тасымалдау.

14.1.1 Центрифуганы тасымалдау жабық көлікте (темір жол вагондары, контейнерлері, жабық автокөліктер, трюмдер және т.б.) орындалуы тиіс, бұл ретте центрифугасы бар тасымалдау ыдысы орнынан жылжу мүмкіндігінің алдын алу мақсатында берік бекітілуі тиіс.

14.2 Тасымалдау кезінде климаттық факторлардың рұқсат етілген әсер етуі:

- қоршаған ауаның температурасы минус 500С-тан плюс 500С дейін;

- ауаның салыстырмалы ылғалдылығының +250С кезінде жоғарғы шамасы 100%.

14.2 Сақтау

14.2.1 Центрифуга оралған күйінде жабық тұрғын жайда минус 500С-тан плюс 400С дейінгі температурада және +250С кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығының жоғарғы шамасы 100% кезде сақталуы тиіс.

14.2.2 Тұрғын жай ауасының құрамында тоттануға әкелетін аггрессивті булар болмауы тиіс.

ШХ2.779.040 ПС

1 қосымша


КЕПІЛДІК ТАЛОНЫ
Зауыттық нөмірі_________ роторы бар зауыттық нөмірі __________ ОПи-8

(ротор түрі)

зертханалық медициналық центрифуга

«__»_________200__ж.

____________________

(қолтаңба)


МО
Центрифуганы сату күні

«__»_________200__ж.

____________________

(қолтаңба)


МО
Шағым ұсыну жағдайында кепілдік талоны өндіруші-кәсіпорынға жолданады.

Зақымдану сипаты техникалық актте жазылады.


МО Тұтынушының қолтаңбасы____________________
«__»_________200__ж.

Өндірушінің мекен-жайы: Қырғыз Республикасы

720005, Бішкек қ., Байтик Баатыр к., 36

«ДАСТАН» ТНК» ААҚ









Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет