Черно-Белый Детализированные Цветочные Иллюстрации Продукт Маркетинговая Презентация



Pdf көрінісі
Дата01.05.2024
өлшемі274.62 Kb.
#500234
мақсатқызы ақниет а-3



Кемелдену жасы
мақсатқызы Ақниет А-3
01
М
А
РК
Е
Т
И
Н
ГО
В
А
Я
П
РЕ
З
Е
Н
Т
А
Ц
И
Я


Кемел шақ кезеңі – тұлға өмір жолының шырқау
шыңы, әсіресе, адамның дені сау, күш-қуаты, сергектігі, білімі,
тәжірибесі жетілген кезінде. Адам бұл уақытта кәсіби шеберліктің
шыңына және қоғамда белгілі бір орынға қол жеткізеді. Оның
пікірімен әріптестері де, басшылары да санасады. Қағида бойынша,
бұдан бұрынғы жас кезеңдеріне қарағанда, оның күш-қуаты азая
түседі, бірақ кәсіби міндеттерін ол мол тәжірибесінің, өз жұмысын
ұйымдастыра және айналасына көмекшілер жинай білуінің есебінен
табысты шешеді. Бұл жас кезеңінде кәсіби тәжірибе және адамдармен
қарымқатынас тәжірибесі жинақталады. Тәжірибесін ары қарай беру
қажеттілігі «шәкірт жасау», ізбасар арқылы іске асырылады.


Кемел жастағы адам тұлғасына неғұрлым тән белгілер:
ұмтылыстарының шынайылығы,
өндірістік,
отбасылық және жеке өмірінде өзін-өзі жүзеге
асыру барысына баса көңіл бөлу,
өз даму кеңістігі үшін күрес,
өз денсаулық жағдайына баса көңіл аудару,
эмоционалдық икемділік,
тұрмыстағы тұрақтылыққа деген құштарлық
03


 Өмір қызықтырақ бола түседі, күнделікті проблемалар кейін
ығыстырылады. Енді ауқымды іс-әрекеттерді жоспарлау мен
ұйымдастырудың жалпы мәселелері
көбірек қызықтыратын болады. Жастардың өз
өмірлерінің өктем сатысындағы дамуын бақылай
отырып, бейтаныс және терең қуаныш сезімін бастан кешіреді.
Бұндай жағдайда жастарға кеңесімен не ісімен көмек көрсетіп,
олардың ризалықтарын алуға болады. Бұл әсіресе кәсіби тұрғыдан
жастарға білім берумен және олардың тәрбиесімен айналысатын
адамдар үшін маңызды.


Отандық психолог Н.Н.Рыбников
«акмеология» терминімен жас
ерекшеліктері психологиясының
кемел жастағы тұлғаны – адамның
барлық өмірлік күштерінің
гүлдену кезеңін зерттейтін
арнайы бөлімін белгілеуді
ұсынды.
06


Бұл жаста жаңа шығармашылық қабілеттер пайда болады;
мысалы, 30 жаста жақсы прокурор немесе белсенді басшы болуға
болады, бірақ қазір көрнекті заңгер және ақылды, жақсы бастық
болады. Жүйелі түрде дамитын адам өмірінің елуінші
жылдарының ортасында екінші шығармашылық шарықтау шегіне
жетеді. Ол өзінің өмірлік тәжірибесін жинақтап қорытып, оны
ретке келтіре алады және оны өз жұмысына ендіру үшін оның
өмірлік күштері әлі де жеткілікті болады. Бұл жас – барынша көп
және ауқымды жетістіктер кезеңі.
07


08
«Жоғарғы «менді» іздеуде, - деп жазады Б.Ливехуд, - адам
барлық психикалық қасиеттер солардың көмегімен осы
рухани болмысты жаулап алуға немесе жеңуге болатын
күштерге айналатын рухани шындықтар әлеміне тап
болады. Әрбір рухани қадам басқан сайын
феноменологиялық тұрғыдан көріне отырып, жаңа
кездесулерімен жаңа ландшафт ашылады, алайда, олар
даму сатысының басында үнемі жағымды ғана бола
бермейді. Өмірдің үшінші үлкен даму сатысы (қытай
мәтелі бойынша,
даналыққа жету сатысы) қырқыншы
жылдарда, дәлірек айтсақ, 42 жаста
басталады. Бұл орта мәнде әрбір жеке
жағдайда жылдамырақ немесе баяуырақ
даму орын алады»


Әдебиеттер:
1. Возрастная психология / под ред. Л.Ф. Обуховой / - М., 1996
2. Любинская А.А. Детская психология.,-М.1997
3. Шахова И.П. Практикум по лабораторным работам курса «Возрастная
психология» - М., 1998.
4. Мухина В. С. Возрастная психология - М., 1998
5. Немов Р.С. Психология - книга 2 - М., 1994
6. Обухова Л.Ф. Детская психология - М., 1995
7. Рыбалко Е.Ф. Возрастная дифференциальная психология - ЛГУ, 1990 
8. Смирнова Е.О. Психология ребенка - М., 1997
В
Е
РС
И
Я
2
.0

2
0
20
05


Назарларыңызға рахмет!
11


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет