Corel Draw графикалық редакторының құрал саймандар панеліндегі құралдардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру, көрсету, әрбір құралмен жұмыс жасауға, зертханалық тапсырмаларды орындауға нұсқау жасау



бет1/4
Дата17.02.2022
өлшемі156.06 Kb.
#455471
түріСабақ
  1   2   3   4
00021ba3-15548e62


«Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі» КМҚК

Сабақ



Күні

Топ

35

17.01.2017

72













«БЕКІТЕМІН»

Колледж директорының ӨОІЖ

орынбасары

С.Нұрмағанбетұлы


Мамандығы:

Электрондық есептеуіш машиналарының операторы


Сабақтың тарауы:


Corel Draw графикалық редакторы


Сабақтың тақырыбы:

Құрал-саймандар панелі

Сабақтың мақсаттары:



а) Білімділік:


Corel Draw графикалық редакторының құрал - саймандар панеліндегі құралдардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру, көрсету, әрбір құралмен жұмыс жасауға, зертханалық тапсырмаларды орындауға нұсқау жасау;



ә) Дамытушылық:

Логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау қабілетін, ой-өрісін және Corel Draw графикалық редакторымен жұмыс жасау дағдыларын дамыту;


б) Тәрбиелік:

«ЭЕМ-операторы» шеберханасында тәртіп және техника қауіпсіздігін сақтауға, компьютермен ұқыпты, дұрыс жұмыс жасауға және ұйымшылдыққа, ынтымақты болуға, өзара көмек қолын соза білуге, түсінбеген жерлерін сұрап, ізденіп үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың материалдық-техникалық құралдармен және көрнекіліктермен қамтамасыз етілуі:

Компьютер, проектор, интербелсенді тақта, жергілікті желі, интернет, Corel Draw графикалық редактор бағдарламасы, зертханалық тапсырмалар.


Сабақ өткізілетін орын:

№304-«ЭЕМ-операторы шеберханасы»



Сабақты өту әдісі:

Түсіндіру, көрсету, зертханалық тапсырмалар орындату.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ


Берілетін уақыт:

270 минут


Пәнаралық байланыс:

Информатика, сызу.


Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)

а) Студенттермен сәлемдесу

ә) Студенттерді түгендеу

б) Студенттердің құрал-жабдықтарын, сабаққа дайындықтарын тексеру

в) Студенттердің зейіндерін сабаққа аудару. (бейнебаян «1-Техника қауіпсіздігі туралы» көрсетіледі)

II. Кіріспе нұсқау: (42 минут)


  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау

Сабақ тақырыбы: Құрал-саймандар панелі

Сабақ мақсаты: Corel Draw графикалық редакторының құрал - саймандар панеліндегі құралдардың атқаратын қызметі туралы түсіндіру, көрсету, әрбір құралмен жұмыс жасауға, зертханалық тапсырмаларды орындауға нұсқау жасау.


  1. Өткен материалды пысықтау

1-қатар:

    1. Welcome to Corel Draw (Corel Draw бағдарламасына қош келдіңіз) панелінде бағдарламаны ашудың қанша режимі берілген? Әрқайсысына жеке-жеке тоқталып түсіндіріп беріңдер.

    2. Corel Draw бағдарламасының жаңа құжаты ашылған кездегі алғашқы терезесін таныстырыңдар.

    3. Құжаттың жұмыс жасау аймағы қайда бейнеленеді? Ол неше бөлімнен тұрады?

2-қатар:

  1. Құжат навигаторы қандай формадағы белгі түрінде берілген? ол құжаттың жұмыс терезесінің қай жерінде орналасқан? Қызметін көрсетіңдер.

  2. Corel Draw бағдарламасында құжаттарды сақтау, ашу біз білетін бағдарламалармен қандай ұқсастық және айырмашылықтары бар?

  3. Corel Draw бағдарламасында құжатты қарау масштабы қалай орындалады? Қарау шегі қай аралықта болады?






  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет