Д. Серікбаев атындағы ШҚмту вкгту им. Д



Дата04.07.2016
өлшемі224.53 Kb.
#178094



Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01

Сапа менеджменті жүйесі

Силлабус

Электр тізбектер теориясы


бет




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ ВКГТУ им.Д.Серикбаева

БЕКІТЕМІН

АТжЭФ деканы

_____________Ғ.Мұхамедиев

«___» ______________ 2015ж.
ЭЛЕКТР ТІЗБЕКТЕР ТЕОРИЯСЫ

Силлабус
ТЕОРИЯ ЭЛЕКТРИЧЕСКИХ ЦЕПЕЙ

Силлабус

Мамандық: 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация»

Оқу түрі: сыртқы


Курс: 1


Семестр: 1

Кредит саны: 3

Сағат саны:

Дәрістер: 8

Тәжірибелік сабақтар: 7

Зертханалық сабақтар: -

СОӨЖ: 15

СӨЖ: 105


Емтихан: 1 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2015


Силлабус «Өндірістік энергетика» кафедрасында 5В071900 «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығындағы студенттерге арналған.

Бағдарлама ӨЭ кафедрасының отырысында талқыланды.

Өндірістік энергетика кафедрасының меңгерушісі Т.Сегеда

№ ___ хаттама 2015ж.


Ақпараттық технологиялар және энергетика факультетінің әдістемелік кеңесінде мақұлданған.


Төрағасы Т. Абдрахманова


№___ хаттама 2015ж.


Дайындаған

аға оқутышы: М.Т.Туменбаева

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ ОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ

«Өндірістік энергетика» кафедрасы, Ақпараттық технологиялар және энергетика факультеті (Г-1-312 дәрісхана)

Пән жүргізетін оқытушы: Туменбаева Маржан Танаткановна, аға оқутышы

Жұмыс телефоны: 540-429

Дәрісханалық сағатқа және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі мен оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1 ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

1.1 Оқылатын пәнге сипаттама
Электр тізбектер теориясы пәні 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығы бойынша бакалаврларды дайындау базалық курс болып табылады. ЭТТ пәні сызықты электр тізбегінің өтпелі кезеңін есептеуді талдау, классикалық, операторлық, спектралдық әдістер жіне Дюамель интегралы, сонымен қатар тұрақты токтың сызықсыз электр тізбегін, төртұштылар, таратылған көрсеткіштері бар сызықты электр тізбектері және сүзгілер.
1.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Пәнді оқыту мақсаты - сызықты электр тізбегінің өтпелі кезеңін есептеу және талдау әдістерін, тұрақты токтың сызықсыз электр тізбегінің қалыптасқан режимін есептеу, төртұштыларлы зерттеу, таратылған көрсеткіштері бар сызықты электр тізбектері және сүзгілер оқып үйрену.
1.3 Пәнді оқытудың міндеттері
Әртүрлі электртехникалық құрылғылардағы өтетін процестердің сандық және сапалық білімдері негізінде, студенттке арнайы радиотехникалық пәндердің қоятын есертерін табысты және сауатты шешу білуге дайындау.

- сызықты электр тізбектеріндегі орнатылған және өтпелі процестерді есептеудің әдістерін;

- электр тізбектеріндегі резонанстық режимдерді;

- периодикалық синусойдалы емес әсер ету негізіндегі тізбектерді есептеу;

- төртұштықтар;

- сүзгі.


- электрлік және магниттік тізбектерде орын алатын физикалық үрдістердің шығу тегін;

- электрлік және магниттік тізбектерді есептеудің негізгі заңдары мен әдістерін;

- электрлік өлшеу аспаптары жұмысының принциптерін;

- заманына сай электр жабдығының негізгі тораптарының тағайындалуы мен орындалатын функцияларын білуі керек;

- электр сүлбелерді оқуды;



    1. Пререквизиттер

Пәннің қолданған материалдары төмендегі курстарда алған білім негізінде жинақталады:

1. Физика ( электр, магнетизм)

2.Жоғары математика (көрсеткіштік функциялар, дифференциалды теңдеулерді шешу, матрицалар теориясы, векторлық алгебра, Фурье- Лапластың түрлендіруі, комплекстік айнымалылардың функциялары)

3. Есептік-информатикалық техника (ЭЕМ теңдеулер жүйелерін есептеу әдістері, компьютерде (ЭЕМ) бағдарламаларды жасау)

1.5 Постреквизиттер
Курсты білу 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары қызмет ету және төмендегі пәндерді оқу үшін қажет:электр байланысының

теориясын, радиотехника және телекоммуникация негізін, электроника және өлшеу техника негіздерін білу қажет.


2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырыптың атауы, оның мазмұны

Еңбек сыйымдылығы, сағаты

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Кіріспе. «Электр тізбегінің теориясы» негіздері пәні жоғары оқу орындарындағы студенттерге арналған міндетті түрде өтілетін сабақ және жалпы кәсіби пән ретінде оқу жоспарларына кіреді.

2(1)

1,2,3

Тақырып 2. Электірлік тізбектер теориясының негізгі ұғымдары. Электр тізбегінің элементтері. Электірлік сүлбе.Электр тізбектерінің топологиясының негізгі ұғымдары.Ом және Кирхгоф заңдары. Электірлік сүлбені түрлендіру. Контурлық токтар әдісі. Түйінді потенциалдар әдісі. Екі түйін эдісі. Эквивалентті генератор әдісі. Қуаттар тепе-теңдігі. Компьютерлік технологияларды пайдаланып электірлік тізбектерді есептеу.

2(1)

1,2,3

Тақырып 3. Контурлық токтар әдісі. Түйінді потенциалдар әдісі. Екі түйін эдісі. Эквивалентті генератор әдісі. Қуаттар тепе-теңдігі. Компьютерлік технологияларды пайдаланып электірлік тізбектерді есептеу.

2(1)

1,2,3

Тақырып 4. Электр тізбектеріндегі гармоникалық тербілістер тәртібі

Гармоникалық тербілістер қуаты. Гармоникалық тербелістер генераторындағы түінді және келісілген жүктемелер. Тізбектей және параллелді қосу тізбегіндегі R,L,C элементтерінің гармоникалық тербелісі.



2(1)

1,2,3

Тақырып 5. Тармақталған электр тізбегінің символдық әдісінің есептеу тізбегі. Синусоидалды токтар тізбегінің қуаты. Гармоникалық тербелістің баланс қуатының тізбегі. Үшфазалы электр тізбегі. Үшфазалы тізбегінің есебі. Үшфазалы тізбегінің қуаты.

2(1)

1,2,3

Тақырып 6. Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері. Негізгі ұғымдар. Эқк үш фазалы симметриялы жүйесін алу. ЭҚК үш фазалы симметриялы жүйесін бейнелеу тәсілдері.

2(1)

1,2,3

Тақырып 7. Қоректендірудің үш фазалы көзінің фазаларын қосу тәсілдері. Шартты оң бағыттар және фазалық және сызықтық кернеулердің шамалары.

2(1)

1,2,3

Тақырып 8. Электр тізбегінің резонансы

Резонанс құбылысы және оның радиотехника және электрбайланыс мағнасы. Тізбекті тербелмелі контур. Кернеу резонансы.



2(1)

1,2,3

Тақырып 9. Тербелмелі контурдың жиіліктік сипаттамасы. Өткізу жолы. Паралледі тербелмелі контур. Ток резонансы. Параллельді контурдың жиіліктік сипаттамасы.

2(1)

1,2,3

Тақырып 10. Индуктивті байланыс тізбегі.

Өзара индукция құбылысы. Индуктивті байланыс элементтерін тізбектей және параллелді қосу. Индуктивті байланыс тізбегінің есептеу әдісі.



2(1)

1,2,3

Тақырып 11. Периодикалық синусоидальды емес әсер кезіндегі тізбектер. Синусоидальды емес әсері. Фурье қатарына жіктеу. Периодикалық синусоидальды емес сигнал қуаты және орташа әсер ету шамасы.

2(1)

1,2,3

Тақырып 12. Төртұшты. Төртұштылар және класификациясы. Төртұштының берілу теңдеуі. Төртұштының қысқа тұықталуы және бос жүріс параметрлері.

2(1)

1,2,3

Тақырып 13. Электр сүзгі. Сүзгінің анықтамас, оның мағнасы және класификациясы. «К» типті төменгіжиілікті, жоғарғыжиілікті, жолақты, бөгетті сүзгінің негізгі теориясы.

2(1)

1,2,3

Тақырып 14. Төртұштының сипаттамалы параметрі. Төртұштының кіріс кедергісі. Төртұштының қосу.

2(1)

1,2,3

Тақырып 15. Типтік сигналдың спектрі. Периодикалық синусоидальды емес тізбегін есептеу.

2(1)

1,2,3

Семинарлық (Тәжірибелік сабақтар)

Тақырып 1. Электірлік тізбектер теориясының негізгі ұғымдары

2

1,2,3,4

Тақырып 2. Электр тізбегін түрлендіру. Ом және Кирхгоф заңдарының негізімен тұрақты ток тізбегін есептеу.

2

1,2,3,4

Тақырып 3. Контурлық тоқтар әдісімен, түіндік потенциалдар және эквивалентті генератор әдісімен тұрақты ток тізбегін есептеу.

2

1,2,3,4

Тақырып 4. Электр тізбектеріндегі гармоникалық тербілістер тәртібі

2

1,2,3,4

Тақырып 5. Гармоникалық тербеліс тізбегін есептеу.

2

1,2,3,4

Тақырып 6. Айнымалы токтың

үш фазалы тізбектері



3

1,2,3,4

Тақырып 7. Гармоникалық әсер ету

кезіндегі тармақталған тізбектерді символикалық әдіспен есептеу.



2

1,2,3,4

Тақырып 8. Электр тізбегінің резонансы

2

1,2,3,4

Тақырып 9. Тербелмелі контурдың кернеу және ток резонансын есептеу.

2

1,2,3,4

Тақырып 10. Индуктивті байланыс тізбегі.

2

1,2,3,4

Тақырып 11. Өзара индуктивті тізбектерді есептеу.

3

1,2,3,4

Тақырып 12. Периодикалық синусоидальды емес әсер кезіндегі тізбектер

3

1,2,3,4

Тақырып 13. Периодыкалық синусоидалы емес тоқтар тізбегін есептеу.

3

1,2,3,4

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1. Дәріс сабақтарына дайындық

5

1,2,3,4

Тақырып 2. Тәжірибе сабақтарына дайындық, үй тапсырмаларын орындау

5

1,2,3,4

Тақырып 3. Зертханалық сабақтарға дайындалу

5

1,2,3,4

Тақырып 4. Аудитория сабағының мазмұнына кірмеген материалды меңгеру

5

4,5

Тақырып 5. Бақылау жұмыстарына дайындалу

5

4,5

Тақырып 6. Есепті дайындау және зертханалық жұмыстарды қорғау

5

4,5,6


2.3 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Электірлік тізбектер теориясының негізгі ұғымдары

Беттесу принциптері мен тәсілдері, Өзаралық және компенсация принциптері.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

Семестрдың басынын 2 жұма

Электр тізбектеріндегі гармоникалық тербілістер тәртібі

Модульденген тербелістер.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

4 жұма

Айнымалы токтың үш фазалы тізбектері

Қоректендірудің үш фазалы көзінің фазаларын қосу тәсілдері.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

6 жұма

Электр тізбегінің резонансы

Бір ізді және параллель резонансты тізбектердің жиіліктік сипттамалары.

1,2,3,4

3 жұма

Ауызша жауап

10 жұма

Индуктивті байланыс тізбегі.

Индуктивті байланыс элементтерін тізбектей және параллелді қосу.

1,2,3,4

2 жұма

Ауызша жауап

12 жұма




    1. Пән тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі*




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі






















*



















*

Ауызша сұрау




*

*

*

*

*

*







*

*

*

*

*




Коллоквиум










*






















*










Тестілеу






















*



















*

Баяндама жасау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Эссе






















*



















*

Аралық тестілеу




*

*

*

*

*

*







*

*

*

*

*




Барлығы














































*Ескерту: тапсырма түрлері мен ағымдағы бақылау мезгілділігі берілетін пәннің өзгешелігіне байланысты дайындалады.



  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


3.1 Негізгі

1. Белецкий А.Ф. Теория линейных электрических цепей.-М.: Радио и связь, 1986.-544с.

2. Матханов П.Н. Основы анализа электрических цепей. Линейные цепи.-М.: Высшая школа,1981.-333с.

3. Основы теории цепей. Учебник для вузов /Г.В.Зевеке и др.-М.: Энергоиздат,1989.-528с.

4. В.С.Андреев. Теория нелинейных электрических цепей. Учебное пособие для вузов.- М.: Радио и связь, 1982.

5. Бакалов В.П. и др. Основы теории электрических цепей и электроники: Учебник для вузов.-М.: Радио и связь, 1989.-528с.




    1. Қосымша

1.Теория линейных электрических цепей. /Под редакцией И.Г.Кляцкина.- Высшая школа,1975.

2. Зернов И.В., Карпов В.Г. Теория радиотехнических цепей.-Л.:Энергия, 1972.

3. Шебес М.Р., Каблукова М.В. Задачник теории линейных электрических цепей: Учебное пособие для электротехники, радиотехнических спец. Вузов.-М.: ВШ, 1990.-544с.

4. Основы теории цепей: Учебник для вузов./ В.П.Бакалов и др. 2-ое изд., перераб. и доп.-М.:2000.-592с.

5. Попов В.П. Основы теории цепей: Учебник для вузов. – 3-е изд., испр.-М., 2000.-576с.

6. Толстов Ю.Г. Теория линейных электрических цепей. М.: Высшая школа. 1978. 279 с. 7. Теоретические основы электротехники. Под ред. проф. П.А. Ионкина, М.: Высшая школа, 1979. 544 с.

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ


4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушының қоятын талаптары:

  • студенттер сабақ кестесіндегі дәрістік және іс-тәжірибелік сабақтарға қатысуға міндетті;

  • студенттердің сабаққа қатысуы сабақтың басында тексеріледі. Студент сабаққа кешіккен жағдайда, дәрісханаға ақырын кіріп, жұмысқа кірісуі керек, ал үзіліс кезінде оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу сабақтан бір рет қалумен тең;

  • балл көрсеткіші арқылы есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру керек. Жұмыс уақытылы тапсырылмаса, қойылатын балл төмендейді. Барлық жұмыстарды тапсырмаған студенттерге емтиханға кіруге рұқсат берілмейді;

  • қанағаттанарлық бағасын алған студентке аралық бақылауды қайтадан өтуге рұқсат берілмейді;

  • Рср = (Р1 + Р2)/2 орташа рейтингісі 50%-дан кем болған студенттерге емтиханға кіруге рұқсат берілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондарды ажырату қажет;

  • студент сабаққа іскерлік киім киіп келуі керек.



4.2 Баға критериі
Барлық тапсырмалардың түрлері 100 балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оған дәрістерге, іс-тәжірибелік сабақтарға қатысу мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімге ағымдағы бақылау жасау семестрдің 7 және 15 апталарында тест түрінде өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады*:


Аттестаттау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Лекция

Бақылау

Ауызша жауаптар

Реферат

Өзіндік жұмысы

Коллоквиум

Эссе

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

10

20

15

10

10

-

15

20

100

Рейтинг 2

10

20

15

10

10

-

15

20

100

Әр пәннен өткізілетін емтихан емтихандық сессия кезеңінде тест түрінде жүргізіледі.

Пән бойынша студент білімінің қорытынды бағасын құрайтын көрсеткіштер:

- 40% қорытындысы, емтиханда алған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім көрсеткіші.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұндағы Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтердің бағасына сәйкесінше қойылатын цифрлік эквивалент;

Э – емтиханда алған бағаның цифрлік эквиваленті.


Қорытынды әріп түріндегі баға және балл көрсеткішінің цифрлік эквиваленті:

Әріп жүйесіндегі баға

Балл көрсеткішінің цифрлік эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағаттанарлықсыз



4.3 Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер
Қорытынды бақылау жасауға арналған мәліметтер дәрістер курсының сұрақтарынан турады:

1. Өтпелі кезеңнің пайда болуы.

2.Коммутация заңдары.

3.Сызықты электр тізбегінің өтпелі кезеңін есептеудің классикалық әдісі.

4.Өтпелі, қалыптасқан (орныққан) және еркін режимдер.

5. RL – тізбегінің өтпелі кезеңі.

6.RС-тізбегінің өтпелі кезеңі.

7. RLС – тізбегінің өтпелі кезеңі.

8. Өтпелі кезеңді классикалық әдіспен есептеудің жалпы жағдайы.

9. Операторлық түрдегі Ом және Кирхгоф заңдары.

10.Эквивалентті операторлық сұлбалар,

11. Бейнеден анықталатын түпнұсқа шамасына өту.

12. Өтпелі кезеңді операторлық әдіспен есептеудің жалпы жағдайы.

13. Фурье түрлендіруі.

14. Периодикалық әсер ету кезіндегі сызықты электр тізбегін спектралдық әдіспен

есептеуді талдау.

15.Өтпелі кезеңді спектралдық әдіспен есептеу.

16. Дюамель интегралы.

17.Тізбектің өтпелі сипаттамалары (функциясы).

18. Дюамель интегралын қолдана отырып өтпелі кезеңді есептеу.

19. Резистивті сызықсыз элементтер (СЭ) және оның сипаттамалары;

20.СЭ статикалық және дифференциалдық кедергілері.

21. Сызықсыз активті екіұштының вольт-амперлік сипаттамасы; СЭ эквивалентті

сұлбасы.


22. Резистивті сызықсыз элементтерді есептеудің графикалық әдісі.

23. Таратылған көрсеткіштері бар электр тізбектері.

24.Біртекті желілер, бірінші және екінші ретті біртекті желілер.

25. Желінің дифференциалдық теңдеулері.

26. Біртекті желінің гипербалалық теңдеуі.

27. Желінің кіріс кедергісі.

28. Желінің келісімді жұмыс режимі.

29. Бұрмалаусыз желі.



30. Шығынсыз желі.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет