Д2: Динамика. Ньютонның заңдары. Физикадағы өзара әсерлесу күштерінің классификациясы. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Жұмыс, энергия және қуат. Сақталу заңдары



бет1/6
Дата19.12.2023
өлшемі1.65 Mb.
#487120
  1   2   3   4   5   6
Лекция 2

Д2: Динамика. Ньютонның заңдары. Физикадағы өзара әсерлесу күштерінің классификациясы. Жұмыс, энергия және қуат. Сақталу заңдары

Инерциялық санақ жүйелері

  • Механикада еркін материалдық нүктенің қозғалысы ретінде бірқалыпты жəне түзу сызықты түрде өтетін санақ жүйесі таңдалынады.
  • Материалдық нүктенің мұндай қозғалысын инерция жүйелері бойынша қозғалыс деп атайды, ал санақ жүйелерін инерциялық санақ жүйелері деп аталады.
  • Инерциалық санақ жүйелері болады деген тоқтам классикалық механиканың бірінші заңының – Галилей-Ньютонның инерция заңының мазмұны болып табылады.

Егер сыртқы күш əсер етпесе немесе түсірілген күштердің əсері теңесетін болса, онда кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды (инерция бойынша қозғалысын сақтайды).

  • Егер сыртқы күш əсер етпесе немесе түсірілген күштердің əсері теңесетін болса, онда кез келген дене өзінің тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтайды (инерция бойынша қозғалысын сақтайды).
  • Міне, осындай санақ денелерімен байланысқан санақ жүйелері инерциялық санақ жүйелері деп аталады.
  • Дененің тыныштық күйін немесе бірқалыпты жəне түзу сызықты қозғалысын сақтап қалуға тырысуын дененің инерттілігі деп атайды.
  • Ньютонның бірінші заңы. “Егер денеге сырттан күш әсер етпесе, онда ол тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстағы күйін сақтайды”.

Инерциялық санақ жүйелерінің болатындығын тəжірибе дəлелдейді. Басында Жер инерциялық жүйе болады деп саналды. Бірақ кейінірек дəлірек қойылған тəжірибелер Жердің аздап болса да үдеуінің бар екендігін көрсетті.

  • Инерциялық санақ жүйелерінің болатындығын тəжірибе дəлелдейді. Басында Жер инерциялық жүйе болады деп саналды. Бірақ кейінірек дəлірек қойылған тəжірибелер Жердің аздап болса да үдеуінің бар екендігін көрсетті.
  • Планеталардың үдеулеріне жүргізілген бақылаушылар Күннің центрімен байланысты гелиоцентрлік санақ жүйесінің толық инерциалдылығын дəлелдеді.
  • Гелиоцентрлік санақ жүйесіне қатысты бірқалыпты жəне түзусызықты қозғалатын кез келген санақ жүйелері инерциялық болып табылады. Инерциялық санақ жүйелеріне қатысты үдемелі қозғалыста болатын санақ жүйелері инерциялық емес санақ жүйелері деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет