Дайындаған: Қабылдаған: Тобы



бет1/8
Дата29.05.2024
өлшемі86.18 Kb.
#502040
  1   2   3   4   5   6   7   8
тәрбие өбөж[1]-1[1]


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары факультеті
Педагогика және психология кафедрасы


ӨБӨЖ
Тақырыбы: Жеңіс күні

Дайындаған:
Қабылдаған:
Тобы:

Түркістан 2024

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Жеңіс күнінің тарихы
2.Мерекенің, қоғамдық мәні
2.1.Мектеп мерекелерінің тиімді жағдайлары
3.Қазақстанда мерекені атап өтілуі
3.1.ТМД елдерінде Жеңіс күнінің өтілуі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе


Жеңіс күні — Қазақстанда мамырдың 9 (Батыс Еуропада мамырдың 8. Себебі Капитуляция актіне Орталық Еуропа уақыты бойынша 22:43, мамырдың 8 қолтаңба қойылды, ал Мәскеу уақыты бойынша бұл 0:43, мамырдың 9) мемлекеттік мереке болып табылады. «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Заң нормаларында ұлттық мереке күндері демалыс болып саналады, ал демалыс күндері мен мереке күндері сәйкес келген жағдайда мейрам күнінен кейінгі жұмыс күндері демалыс күндері болып саналады.1941—1945-жылдар аралығындағы Ұлы Отан соғысына 35 млн адам, соның ішінде 1,5 млн қазақстандық қатысты. Бұл республика халқының 18 бен 50 жас аралығындағы ересектердің 70 пайызы. Ұрыстардың алғы шебінде Қазақстаннан жіберілген 23 бірлестік, 50 шақты полктар мен батальондар шайқасты. Қазақстандықтар Мәскеу мен Ленинградты жанын қия қорғап, Украина мен Беларусьті, Балтық елдері мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.Ондаған мың қазақстандық ерен еңбегі мен ерліктері үшін марапатталса, бес жүзден астам адам Кеңес Одағының Батыры атанды.Бұл мереке әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан бері көптеген жылдар өтті. Қазіргі ұрпаққа соғыс жылдары қандай болғанын елестету өте қиын. Өйткені, біздің бақытымызға орай, бейбітшілікте туып, соғыстың қасіретін тартпадық. Біз, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың ерліктері туралы еш уақытта ұмытпаймыз. Бұл мереке - тек ардагерлер мен соғыс балалары үшін ғана емес, біз үшін де мереке. Бірақ
Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке–бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған¥жауынгер-солдаттар мен офицерлердің айбыны, тылдағы Жеңісті жақындатқан¥жұмысшылардың ерлік еңбектерінің мәңгі өшпейтіндігін дәлелдейтін¥белгі¥болып қалмақ. Біздің аталарымыз бен әкелеріміздің батырлықтары мен жанқиярлықтары,олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері¥Қазақстанның бүгінгі¥жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл – бірнеше ұрпақты¥байланыстыратын қоғамның рухани дамуы мен ұлттық қайта өрлеуінің жоғары¥адамгершілік негізі.Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі.Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске¥жеткізді. Отан үшін от кешкен майдангерлердің көр - сеткен өшпес ерлігін, қаһар - ман - дық өнегесін жас ұрпақ бойында қалыптастыру ең басты мақсатқа айналуға тиіс.Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығып кетеді екен. Ердің ері шыдайтын жаңбырша жауған оқ пен қарша бораған бомбаның арасында олардың нәзік жүректері тасқа айналып, гүл ғұмырлары ажалдың қанды тырнағына ілікті.Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді. 500 ден аса жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары Қазақстан миллиондаған босқындарды өз бауырына аналық мейірімімен тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Ерлікке - мәңгі тағзым, біз мұны әрдайым есімізде сақтай - мыз және уақыт өткен сайын май - дангерлердің, яғни сіздердің жауынгерлік қаһармандық ерлік - теріңізді жиі еске алатын бола - мыз. Майдангерлердің соғыстан кейінгі қираған қалаларды, мемлекетті қалпына келтіруге қосқан үлестері де сүбеліБұл күні біздің жүрегімізде бақыт, қуаныш сезімдері, ең бастысы - мақтаныш сезімдері бар. 9 мамыр – Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі болып табылады.Бұл мереке – жанқияр ерліктің, еңселі елдіктің рухы өрлеп, Жеңіс жалауы желбіреген күн. Бүгінгі тәуелсіздік тұғырының берік, еңсеміздің биік болуы да, еліміздің өркендеуі мен елордамыздың гүлденуі де – осынау мерекенің жемісі.Адамзат тарихындағы ең сұрапыл да зұлматты кезеңнің бірі - Екінші дүниежүзілік соғыс. КСРО-да 1941 жылдың маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға созылған соғысқа әлемнің көптеген елдері араласып, 35 млн адам ұрысқа тікелей қатысты. 1 418 күнге жалғасқан соғыстың ақырғы нүктесі 1945 жылдың 9 мамырында қойылды. Кеңестер Одағының фашистік Германияны тізе бүктіруі туралы капитуляция актісіне 1945 жылдың 8 мамырында қол қойылған болатын.Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика¥халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа¥елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың,Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары¥тойлайды.Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл,1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жан қилы¥соғыс жүріп жатты.
Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин мен белорус, қазақ пен
украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды...
Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап,
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград
¥түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған¥ұрыстарда батыр ерліктер көрсетті. Украинаны, Кавказды, Белоруссияны,Қырымды, Прибалтиканы азат етті, Польша, Румыния, Венгрия, Чехословакия,Болгария, Германия жерлеріндегі майдан жолдарында жеңіс туын көтеріп өтті.Ұлы Отан соғысы жылдарында біздің қандастарымыз қатыспаған бірде-бір үлкен¥шайқас болмады.
Қазақ ел басына күн туғанда жалғыз жанын қу шүберекке түйген жауынгер
халық болған. Ұлан байтақ даласының бір тұтам жері үшін қорқу деген сезімді
¥жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі Ұлы Отан¥соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ¥қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Дегенмен, Ұлы Жеңістің мерекесі 9 мамыр күні тойланатын болып шешім қабылданғаны белгілі. Яғни, 9 мамыр - Жеңіске қол жеткен күн!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет