342
келгенде Харис долданып: "Менің тағымды кім тартып алмақ екен? Жердің
түбінде болса да мен шайқасуға дайынмын", - деп бір отырып, бір тұрды.
Ашуланған бетінде қызметкерлеріне ат-көлікті әзірлеуге әмір берді.
Шужа'ны адам құрлы көрмей: "Келген жолыңмен кері қайт",
- деп
айқайлады.
Харис Мәдинаға шабуыл жасауға шындап дайындалды. Сол тұста
Құдыста отырған Қайсерге хабар бергізді. Алайда Қайсерден наразылық
білдірген жауап алады. Хатта: ашықтан-ашық "оған шабуыл жасаймын"
деген ой өңің түгіл түсіңе де кірмегені абзал - делініпті.
Шужа' ибн Уәһб Мәдинаға келген соң мән-жайды түгел баяндап береді.
Сарай күзетшісі Мираның мұсылман болғанын, сәлемін жеткізеді.
Расулаллаһ Харистың қылығына реніш білдіріп:
"Сөйткен салтанатыңның аты өшер-ау!" - дейді.
Арадан бір жыл
өткенде Харис кәпір күйінде көз жұмады.
Достарыңызбен бөлісу: