Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет236/274
Дата04.04.2023
өлшемі2.95 Mb.
#471676
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   274
Адамзаттың Асыл Тәжі @ebooks kaz1

УМРАНЫҢ ҚАЗАСЫН ӨТЕУ 
Хижреттің жетінші жылы, зилқағда айы. 
Осыдан бір жыл бұрын Аллаһ Расулы мен сахабалардың Қағбаны тауап 
етуіне умра - кіші қажылық ғибадатын орындауларына құрайыш мүшріктері 
кедергі болып, ақыры Худайбия келісіміне сәйкес умра бір жылға 
кешіктірілген-тін. Ұлы Жаратушының жазуымен өткен бір жыл ішінде 
Пайғамбарымыз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізеді. 
Шартарапқа шақыру жолдап, кейбір ел билеушілерінің хақ жолға түсуіне 
себеп болып қана қоймай, Хайбар сынды қамалды қол астына қаратып 
Арабстанды мекендеген барша яһудилерді тайсалтқан. 


352
Исламның күн санап күшейгенін айнала жұртқа паш ету үшін оқтын-
оқтын ру, тайпаларын әскери бірліктерін аттандырып, мұнан былай түнекке 
телміріп, не болса соған табынудың мәнсіз екендігін ұқтырған... 
Күн артынан күн өтіп, ай айды қуалап бір жыл өтті... Қағбаны зиярат 
ететін уақыт келіп жетті. Зилқағда айы туғанда Расулаллаһ умраға 
дайындалуға асхабына әмір берді. Худайбияда болғандардың көзі тірілері 
түгелдей жолға жиналды. 
Мәдинада Мұхаммедтің (с.а.у.) орнына өкіл ретінде Уәйф ибн Азбат 
тағайындалды. Сол тұста Мәдинаға жақын маңдағы ауылдардан көшіп 
келген бірталай кедей мұсылман бар еді. Пайғамбарымыздың ұзақ жолға 
жиналғанын көрген олар көмек сұрай барды. 
"Уа, Расулаллаһ! Біздің тас кедей екеніміз Аллаһтан кейін өзіңе аян. 
Көмек қолын созатын ешкіміміз жоқ", - деді олар. 
Пайғамбарымыз мәдиналықтарға жар салып, кірме кедейлерге 
жәрдемдесулерін, жарты құрма да болса садақа берулерін өтінді. Меккеге бет 
алған 2000-ға жуық сахаба, алпыс құрбандық түйені айдап жолға шықты. 
Пайғамбарымыз құрбандық малдарына өз қолымен таңба салды. Аллаһ 
Елшісі құрайыш мүшріктері шабуылдағандай болса деген сақтықпен жүз ат, 
сауыт-сайман, найза, т.б. соғыс қаруларын да ала шығады. Алайда Худайбия 
шарты бойынша умраға келетіндер жанына тек жолаушы қаруы - қылышты 
қынына салынған күйі алып шығуға тиіс еді. Пайғамбарымыз уәдесінен 
тайқуы мүмкін емес. Солай бола тұра неліктен бұлай етті? Бұл сауал 
сахабалардың қай-қайсының да көкейінде туған. Асхабының көңіліндегіні 
айтқызбай ұғатын әлемдер сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) бұл жолы да күдікті 
ойларын дөп басты: 
"Біз қару-жарақпен Қағбаға кірмейміз... Сақтық үшін алып жүргеніміз 
дұрыс", - деді. 
Мұсылмандар қуаныштарынан жүректері жарылардай көңіл-күйде. 
Әсіресе, муһажирлердің толқуларын айтып жеткізу мүмкін емес. Жеті жыл 
бұрын тастап кетуге мәжбүр болған ата жұрттарын көзбен көріп, қасиетті 
Қағбаны тауап етіп қана қоймай, бір кездері өздерін қорлап, қинаған 
мүшріктерге Исламның әсемдігін, үстемдігін көрсетуге келеді. «Зулхулайфа» 
деген жерге келгенде Расулуллаһ (с.а.у.) Мұхаммед ибн Мәслама басқарған 
атты әскерді қару-жарақ және құрбандық түйелермен бірге ертерек жіберді 
де, өзі ихрамын - қажылыққа арналған киімді киініп, дайындалды. Сонан соң 
Аллаһ Расулы мен мұсылмандар тәлбия айтып айналаны жаңғыртты: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   274




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет