Дарвин Чарлз Роберт (12.11.1809 - 19.IV.1882)
Ағылшын жаратылыс зерттеушiсi, органикалық дүниенiң тарихи дамуының материалистiк iлiмiнiң негiзiн қалаушы. Шрусбериде туылған, Ф.Дарвин немересi. Классикалық мектептi бiтiрдi, Эдинбург университетiнiң медициналық факультетiне түстi, екi жылдан соң Кембридж университетiне ауысты. 1831 жылы университеттi аяқтап, “Бигл” кемесiнде жер шарына бес жыл бойы саяхат жасаған экспедиция құрамына натуралист ретiнде қабылданды. 1836 жылы саяхаттан келген соң, ауруына байланысты Лондоннан кетiп, 1842 жылы Даун қала маңына көшiп, сол жерде өмiрiн өткiздi.
Жер шарын айналған саяхат Ч.Дарвиннiң органикалық дүниенiң эвалюциясы процесiне көзқарасының түзiлуiне әсер етiп, оның қызметiн анықтады. Экспедицияда фауна және флора жайлы көп материал, белгiсiз қазба жануарларының коллекциясын және геологиялық жыныстары мен минералдар жинады.
1839 жылы өзiнiң атақты “iзденiс күнделiгiн” жариялады, онда көптеген оңтүстiк америкалық және аралдық жануарлар—кемiргiштер, жыртқыш құстар, галапагосс кесiрткесi, тасбақаларға сипаттама бердi. Осы кiтапта геология сұрақтары да қамтылды, оңтүстiк американдық үндiлер мен негрлердiң қоғамдық және саяси өмiрлерiнiң мәселелерi де көрiнiс тапты. Коралда рифтердiң пайда болу теориясын жасады. “Мұртаяқты шаяндар” монографияның авторы болды (т.1-2, 1851-1854). Оның редакциялауымен “Зоология” еңбегi жарық көрдi (т.1-5, 1839-1843).
1837 жылдан берi Ч.Дарвин түрлердiң шығу тегiнiң мәселелерiн жасап шығарды. Оның соңғы жұмыстарына қарап, эволюциялық теорияның негiзгi ойлары мен бiрнеше ережелерi 20 жыл бойы, оның “Табиғи сұрыптау арқылы түрлердiң пайда болуы немесе тiршiлiк үшiн күресте қолайлы породолардың сақталуы” деген негiзгi жұмысы жарық көргенге дейiн түзiлгенiн байқамыз.(1859)
Ч.Дарвин бұл кiтапта өсiмдiктер мен жануарлар түрi өзгергiш екенiн көрсетедi. Қазiргi кездегi түрлер эволюция процесiнде басқа түрлерден бiр - бiрiмен үздiксiз байланысқан үш фактор нәтижесiнде - өзгергiш, табиғи сұрыптау және тұқымқуалаушылық арқылы түзiледi. Тiрi табиғаттағы мақсаттылық организм үшiн қажеттi бағытталмаған өзгерiстердiң табиғи сұрыпталу арқылы жасалынды. 1868 жылы Ч.Дарвин “Үй жануарларының және мәдени өсiмдiктердiң өзгеруi” деген еңбегiнде, адамзатты көп ғасырлық шаруашылық қызметiндегi процестерiнде жиналған, органикалық түрлер эволюциясы бойынша үлкен дәлелдi материалдарды қорытындылады. Бұл жұмыс оның негiзгi еңбегiн толықтырып, табиғи сұрыптау арқылы жануарлар породаларын және өсiмдiктер сортын шығару туралы мәлiметтер болды.
Антропогонез мәселесiн жасаудың негiзгi мағынасы Ч.Дарвиннiң “Адамның шығу тегi мен жынысты сұрыптау” зерттеуiнде болды, онда адамның жануардан пайда болғанының көптеген дәлелдемелерiн көрсеттi. Осыған айқас тозаңдануына күрделi бейiмделiгiнiң болатынын анықтады. «Өсiмдiктердiң өздiгiнен және айқас тозаңдануы» еңбегiнде (1876) айқас тозаңдану өте қолайлы, өйткенi өнiмдi ұрпақ бередi деп жазды. Жорғалаушы өсiмдiктер мысалында өсiмдiктердiң табиғи сұрыптауын сипаттап жазды. (1876-1888). Ч.Дарвин еңбектерi бiздiң елiмiзде бiрнеше рет басылып шығарылды. СССР-де 1935-1959 жылдары Ч.Дарвиннiң шығармаларының толық жинағы 9 томда жарық көрдi.
Петербургтың Ғылым Академиясының шет ел мүшесi (1867 жылдан берi), Берлиндiк Ғылым Академиясының мүшесi (1878 жылдан берi), Париж Ғылым Акакдемиясының мүшесi (1878 жылдан берi), көптеген ғылыми қоғамның құрметтi мүшесi, көптеген университеттердiң құрметтi докторы. Лондондық Король қоғамының Г.Копли атындағы Медальдiң (1864) иегерi.
Достарыңызбен бөлісу: |