Деңгейлік тапсырмалар



Дата22.05.2022
өлшемі133.43 Kb.
#458514
ЖХМ-812 Сәрсет Назерке


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Деңгейлік тапсырмалар
Орындаған: Сәрсет Н
Қабылдаған:аға оқ. Берді Д
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы дегеніміз - оқушының туа біткен ақыл-ой қабілетінің жеке даму жан-жақтылығына негізделген білім беру жүйесі. Деңгейлеп оқыту оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділіне баса назар аударылады.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасайды. Әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Деңгейлеп –саралап оқыту технологиясында жұмыс міндеті 3 деңгейлік қосымша шығармашылық деңгей талаптарынан тұрады.
Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға мүмкіндік бар. Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі: оқушылардың сабақ үрдісінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізе алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені білетінін, нені меңгергенін, нені меңгермегенін біледі, соның нәтижесінде оқушыларда намыс оты оянып, басқалардан қалып қоймауды ойлап өз мүмкіндігіне қарай дайындық жасайды, әрі тырысады.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі. Деңгейлік әдістің маңыздылығы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу - танымдық құзіреттілігі қалыптасады.
Осы тұрғыдан алғанда, өзім сабақ беретін сыныпта «Әліппе» пәнінде дыбыстарды меңгерту барысында осы деңгейлік тапсырмаларды жиі қолданамын. Осы арқылы оқушылардың өз деңгейіне сай білім алуларын, сауаттылықтарын арттыруды көздеймін. Төменде осындай бір сабақ жоспарын ұсынып отырмын.
Үй тапсырмасын беруде білім деңгейін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар жүйесін жасау. Деңгейлік бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді.
І оқушы деңгейі
ІІ алгоритмдік деңгей
ІІІ эвристикалық деңгей
ІV шығармашылық деңгей Оқу процесін жобалау технологиясы 1.Жоспарлау (Күнтізбелік жоспар)
2.Сабақ жоспары (күнделікті сабақтың жоспары)
3.Күнделікті тапсырмалар жүйесі
4.Бағалау жүйесі
5.Диагностикалық карта
6.Оқушының даму мониторингі
Бағалау: І, ІІ, ІІІ деңгейлер бойынша
Күнделікті тапсырмалар жүйесі:
1.Математикалық диктант
2.ауызша тапсырмалар
3.оқулықтан А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар 4.тест жұмысы
5.топшамалар (деңгейлік тапсырмаларымен) 6.шығармашылық тапсырмалар (кері есептер құрастыру,оны шығару, регата, олимпиада есептері)
7.топпен жұмысқа арналған тапсырмалар 8.жұппен жұмысқа арналған тапсырмалар 9.тізбектеп орындауға арналған тапсырмалар
10. есепті шығару алгоритмдерін құрастыру тапсырмалары
1 деңгейлердің тапсырмаларына төмендегідей талаптар қойылады:
I–деңгейдегі тапсырмаларға:
    • жаттап алуға лайықталған болуы керек;
    • алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап, пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс;
    • тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы керек;
    • өтіп кеткен материалдарды реттеуге және жүйелеуге берілген тапсырмалар. Бұлар өзгертілген жағдайлардағы тапсырмалар, яғни бұрынғы тапсырмаларға ұқсас, бірақ оларды орындау үшін алғашқы алған білімдерін түрлендіріп пайдалану қажет.
    • оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар. Оларда біздің ұлттық ерекшеліктеріміз ескеріліп, танымдық және үйретімділік маңызы болуы қажет болады.

II – деңгейдегі тапсырмаларға :
III – деңгейдегі тапсырмаларға :
    • танымдық – іздену (эвристикалық) түрдегі тапсырмаларды орындау барысында оқушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген алғашқы қарапайым білімдерін жетілдіріп , тереңдетумен қатар, ол тағы да жаңа білімді меңгеріп, өзі үшін жаңалық ашуы тиіс;
    • әртүрлі әдіс, тәсілдермен орындалатын тапсырмалар Оқыту әдістері Оқыту түрлері Оқыту құралдары Оқыту мазмұны Оқытудың мақсаты
    • оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қиялы мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін бомаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділігін байқататын дүние жасап шығуына негізделген, өздігімен құрастыру және оны өздігімен шығаруға бағытталған, ой қорытуға арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар.

Деңгейлік тапсырмалар
І деңгей
1.10 моль күкірттің массасы?
А)32 г В) 3,2 г С) 320 г Д) 10 г Е) 16 г
2.КСІО3 қосылысындағы хлордың Т.Д. қандай?
А)+5 В) +3 С) +1 Д) +7 Е) -1
3.Массасы 112 г кальций оксидін алуға болатын кальций массасы:
А) 20 г В) 40 г С) 60 г. Д) 80 г Е) 100 г
4.300г 12%-тік ас тұзы ерітіндісін дайындауға қажет тұз массасы
А) 12 г В) 24 г С) 36 г. Д) 120 г Е) 36,5 г
5.13 г. Мырыш пен 24,5 г күкірт қышқылы әрекеттескенде түзілетін сутектің (қ.ж.) көлемі:
А) 4,48 л В) 44,8 л С) 32,4 л Д)2,24 л Е) 11,2 л
ІІ – деңгей
1.Р.Т. жаз:
АІ → АІ2О3 → АІСІ3 → АІ(ОН)3 → NaAlO2
2.Электрондық баланс әдісі арқылы теңестір:
Са+НNО3 → Са(NО3)2+N2+Н2О
ІІІ-деңгей
1.Құрамында 15% қоспасы бар 786 т магетитті (Fe3O4) толық тотықсыздандыру үшін, егер темірдің шығымдылығы 92% болса, қанша көміртек жұмсалған?
2.78 г жез (Сu+Zn) тұз қышқылынан 13,44 л (қ.ж.) газды ығыстырады. Құймадағы мыстың м.ү. есепте.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет