Делбегетей ауылдық округі әкімі А. Акемиеваның Делбегетей ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері



Дата03.07.2016
өлшемі19.59 Kb.
#175499
Делбегетей ауылдық округі әкімі А. Акемиеваның Делбегетей ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының

орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері
Жыл сайынғы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы біздің бүгінгі өміріміздің мазмұнды айнасындай болып, тұрмысымызбен үндесіп, қоғамның ең басты құжаты, ең ықпалды жетекші күші сапасында қалыптасты. Ел оның жариялануын әрқашан күтеді, Жолдау жобаларымен өз үміттерін жалғастырады. «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жолдауы елдің экономикалық әлеуетін қуаттандыруға, халықтың тұрмысын көтеруге, мемлекетіміздің мүмкіндігі мен дүниежүзілік экономикалық үдерістердің соңында емес, алдында жүруді көздейді. «Нұрлы жол» аталуында да терең сыр жатыр. Ұлттың ұлы дәстүрінен нәр алып тұр. Қазақтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының бүгіннен болашаққа тартқан қан тамыры. Жолдаудың мазмұны да, мағынасы да кең, әр адамның жүрегіне жылы, жақын. Біздің еліміз дүниежүзілік қоғамдастықтың толыққанды мүшесі, сол арқылы әлемде болып жатқан қарама-қайшылы экономикалық дағдарыстан шет қала алмайтынымыз ескертіледі. Сол сын-қатерлердің шарпуына ілігіп кетпеу жолдарын табу үшін әрекетсіз болмауымызға екпін беріліп тұр. Қазақстан дауылдың алдын алуға қабілетті, қуатты мемлекет екендігі айшықталып, ғаламдық дағдарысқа ұшырамаудың қазақстандық жолы, жаңа ұзақ мерзімді әрі тиімді жоба ұсынылып отыр. 2015 жылдан бастап қаржының көп мөлшері қөліктік, энергетикалық, индустриялдық және әлеуметтік инфроқұрылымдарды, шағын және орта бизнесті бағыттауға жұмсалады.

Біздің округіміз мал шаруашылығымен айналасуда. «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы аясында «Ахметжан» шаруа қожалығына электр желілері тартылды, ветеринарлық пункттің жанынан ветеринарлық дәріхана ашылды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Мақсат», «Естай», «Ақтайлақ» шаруа қожалықтары 48 млн.500 мың теңге қаражат алды.

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша екі жанұяға көмек көрсетіліп отыр.

18 жасқа толмаған балаларға арналған жәрдемақыны 4 жанұя алып отыр.

Алдыңғы кездесуде электрик штаты ашылса деп және су ұңғымалары жөнделсе деп ұсыныс талаптар түскен. Электрик штаты ашылды. Құдыққа 4 млн теңге бөлінді, Шар қаласындағы «Горводхоз» ЖШС-і Өскемен қаласындағы «Инсалтком» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, жұмыс басталды, бірақ аяқталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспар бойынша орындалуда, округте сыбайлас жемқорлыққа қатысты тәртіп бұзушылық болған жоқ.

2015 жылға округ бойынша жоспарланған іс-шаралар:



  1. Ауыл көшелерін тазалау, оның жобалық сметасы жасалып, экономика және бюджетті жоспарлау бөліміне тапсырылды.

  2. Әкімдік ғимаратын жөндеуден өткізіп, электрокотел орнату.

  3. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығына орай саябақтағы ескерткішке жөндеу жұмыстарын жүргізу.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет