УДК 378.018.43
Delphi программалау ортасында Криптографиялық әдістерді пайдалану
к.п.н., ст.преподаватель Алиева А.О.
Северо-Казахстанский государственный университет им. М. Козыбаева
Қазақстан Республикасында жаңа информациялық технологияның дамыған ғасырында компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін мемлекеттік және коммерциялық мекемелер, жоғарғы оқу орындары және т. б. көптеген салалар жоқ деп айтсақ та болады.
Қазіргі кезде құжаттың бұзылып кетпеуі және заңсыз пайдаланушылардан информацияны қорғау үшін оны арнайы тәсілмен басқа форматта жазып, сақтап қойған дұрыс. Мұндай тәсілдер жеткілікті, мысалы, архивтеу, шифрлап жазу,т.б. Шифрлап жазудың көптеген тәсілдері бар. Берілген құжатта кездескен әріптерді алфавиттің сәйкес келесі әрпімен алмастыру. Осы сияқты, информацияны жасырын түрде шифрлап жазу - криптография деп аталады. Криптография информацияны қорғау теориясында кеңінен пайдаланылады. Шифрлаудың ең қарапайымы - әріптерді олардың кеңейтілген ASCII кодымен алмастыру. [1]
Криптография есебі. "Біз студенттерміз" сөйлемін кеңейтілген ASCII кодымен шифрлау:
Б
|
і
|
з
|
|
с
|
т
|
у
|
д
|
е
|
н
|
т
|
т
|
е
|
р
|
м
|
і
|
з
|
129
|
105
|
167
|
32
|
225
|
226
|
227
|
164
|
165
|
173
|
226
|
226
|
165
|
224
|
172
|
105
|
167
|
Ақпаратты қорғаудың көпшілік амалдары криптографиялық шифрлерді және шифрлеу – шифрді шешу процедураларын қолданады. ГОСТ28147 – 89 стандартына сәйкес шифрді былай түсінуге болады. Бірнеше кері өзгерістердің көптеген ашық мәліметтерді көптеген шифрленген мәліметтерге байланысты тапсырылған кілт пен криптографиялық алгоритімнің өзгеруі.
Кілт - бұл мәліметтің криптографиялық алгоритімнің өзгеруінің кейбір параметірінің нақты жасырын шамасы. Берілген алгоритм үшін тек қана бір нұсқасын таңдау керек.[2]
Шифрдің негізгі қасиеті криптотұрақты болып табылады, оның тұрақтылығын криптоанализ әдісі анықтайды. Әдетте бұл қасиет шифрді шешу үшін қажетті уақыттың интервалымен анықталады.
Криптографикалық ақпаратты қорғау үшін қолданылатын шифрлерге мына шарттар қойылады:
-
Криптотұрақтының толықтылығы.
-
Шифрлеу және шифрді шешу процедураларының қарапайымдылығы.
-
Шифрлеу арқылы мәліметтің аздығы.
-
Шифрлеудің кішігірім қателіктерін сезбеу және тағы басқа.
Осы шарттар мыналарға жауап береді.
-
Орын ауыстыру шифрі.
-
Алмастыру шифрі
-
Гаммирлік шифрлеу.
-
Шифрлер, шифрленген мәліметтердің аналитикалық өзгерістерінен құрылған.
Орын ауыстыру шифрі – шифрленетің мәтіннің символын анықталған ереже бойынша осы мәліметтің ішінде бірнеше блоктың аумағында орын ауыстырады. Блоктың керекті ұзындығында, орын ауыстыру жүргізіліп жатқан кезде және қиын қайталанбас тәртіпте орын ауыстыру керекті шифрдің тұрақтылығына жетуге болады.
Алмасу шифрі – шифрленетің мәтіннің символы сол немесе басқа алфавиттің символдарымен алмастырылады. Олар алдын ала келісілген ауыстыру схемасын пайдаланады.
Гаммирлік шифрлеу – шифрленетің мәтіннің символы кез келген бірінен кейін бірі қатарласқан кездейсоқ символдарды жинайды. Оны шифрдің гаммасы деп аталады. Шифрдің тұрақтылығы шифрдің гамма бөлігінің қайталанбайтын негізгі ұзындығымен анықталады. ЭЕМ арқылы шифрдің шексіз гаммасын табуға болады. Сондықтан автоматтандырылған жүйеде мәліметтерді шифрлегенде негізгі тәсілдердің бірі болып табылады.
К риптографиялық әдістерді пайдаланып құжаттарды шифрлау және дешифрлауда Delphi программалау ортасын қолданып программалық пакет дайындау. [3], [4]
1 сурет- Шифрлау әдістері
Программаға қойылатын талаптар:
-
Әдістер тізімі берілу керек
-
Әр әдіске өзіне қатысты формасы болуы шарт
-
Шифрлау және дешифрлау керек.
-
Электронды пошта арқылы жіберілуі қажет.
2 сурет – Ауыстыру
Форманың жоғарғы бөлігінде:
-
Outlook
-
Қосымша (Дополнительно)
-
Программа жайлы (О программе)
-
Көмек (Справка)
Форманың жоғарғы бөлігінде:
-
ашу (открыть);
-
файл құру (создть файл);
-
шифрлау (шифровть);
-
дешифрлау (дешифровать)
-
шығу (выход).
Шифрлап болған файлды электронды Outlook поштасы арқылы тиесілі мекемелерге жіберуге болады.
Сонымен Криптографиялық әдістерді пайдаланып құжаттарды шифрлау және дешифрлаудың бірнеше әдістеріне мысал келтірілді және Delphi программалау ортасын қолданып программалық пакет жасалынды.
-
Ященко В.В. Криптография, которая раньше была. М.: Наука.
-
Грушо А.А. Тимонина Е.Е. Теоретические основы защиты информации. М.Агенство «Яхтсмен» 1996.
-
В. В. Фаронов. Delphi 6. Учебный курс. М. 2001
-
О. Камардинов, X. Жантелi DELPHI 5-6. Оқу құралы. Шымкент, 2002
Достарыңызбен бөлісу: |