Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқулық.-А.:1997, 313 б.
2.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Студентердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- А.:1993, 50 б.
3.Мұстафина Т.Қ. Спорттық медицина: оқу құралы.- А.: 1992, 65 б.
4.Мұстафина Т.Қ. Валеология негіздері: оқулық.- А.: 2001, 176 б.
5.Мұстафина Т.Қ., Дунаева З.Қ. Спорттық медицина (спорттық аурулар мен жарақаттар): оқу құралы. – А.: 1993, 65 б.
6.Мұстафина Т.Қ. т.б. Врачебно-педагогические наблюдения при занятиях физической культурой и спортом: учебное пособие на каз. и рус. языках. – А.: 1990, 75 с.
Қосымша әдебиеттер:
1.Ильющенко К.В. Баскетбол в Казахстане: учебное пособие по истории баскетбола Казахстана. – Алматы:, 2019
2.Баскетбол: Учебник для институтов физкультуры /под общ. ред. Ю.Н. Клещева, А.Г. Айриянца. Изд. 3-е, испр. и доп. – : «ФиС», 2015
3.Ильющенко К.В. Обучение и тренировка в баскетболе. – Алматы: «Кітап», 2016
Дәріскер ____________________
Оқытушы ______________
№13. Тақырып Спорттық сайыстарды медициналық тұрғыдан қамтамасыздандыру
Жоспар:
1. Спорттық жарыстарда жүргізілетін медициналық жұмыстың кезеңдері мен мазмұндары
2. Допинг-бақылау.
3.Әртүрлі географиялық белдеулерде өткізілетін жарыстар қарсаныңдағы және медициналық қамтамасыздандыру жұмыстары.
1.Қан жүйесі. Қан жүйесінің организмде атқаратын жұмысы сан қилы . Бірақ оның атқаратын жұмыстарын спорттық медецина толығынан оқытпайды. Бұл жерде тек оның организмді қорғау және дем алу процесіне қатысу жұмыстарымен ғана танысамыз.
Эритроциттердің кебу массасының 95 проценті оттегіні тасмалдайтын гемоглабин пигментінен тұрады.
Оның орташа ұзындығы 7,5 мкм.Дені сау еркектерді эритроциттердің мөлшері 1мл.Қанда 4.1-5.1 млн-ға , ал, әйелдер 3.7-ден 4.7 млн ға жетеді.(В.В Соколов , И.А. Грибов 1979 ж.)спортшыларрдың тыныштық жағдайында , оның мөлшері осы көрсеткіштерге тура келеді .
Эритроциттердің көлемінің ( еркектерде4,0 млн және әелдерде 3,7 млн төмендеуін)төмендеуін эритропения дейді. Ол адамның қанының аздығын көрсетеді. Кеселдің тууына эритроциттердің азаюы емес, гемоглобиннің көлемінің кемуі, оттегін тасмалддау жұмысының еашарлауы себеп болады. Жоғарыда айтып кеткендей , гемоглабин тыныс жүйесімен қатар бұлшық еттердің жұмысын қамтамасыз ететін негізгі жүйенің бірі болып есептеледі.
Эритроциттердің көбеюі- эритроцитоз ауыртпалық түскен жағдайларда сөзсіз кездесетін жағдай. Бұлшық еттердің жұмысының қызған кезінде қанның құрамындағы сұйық қандардың арасындағы қуыстарға өтіп және терменен сыртқы ортаға шығып, оның қоюлануына әкеледі. Сондықтан қанның көлемінде эритроциттердің салыстырмалы мөлшері ұлғаяды.
Еркек адамдардың қанының құрамында гемоглобиннің көлемі 130-160 г\л, ал әйелдерде 120-140 г\л жетеді. Барлық қанның көлемін біле отырып гемоглобиееің жалпы салмағын анықтауға болады. Ол еркектерде шамамен алғанда 800 гр , ал әйелдерде 600гр, тең .Спортшвлардың гемоглабиннің салмағы бұл көрсеткіштерден жоғарылау болады. (Я.М. Коц, В.О. Городецкий).
Оның көлемі жаттығушылардың шеткі қан айналу жүйесінде аздау . Ол денеге түскен шамадан тыс у ауыртпалықтардың эритроциттердің кеп бұзылуына байланысты, гемоглобиннің жетіспеушілігінен туады. Эритроциттерді тексеру барысында оның тұну жылдамдығын анықтайды.
Спортшылардың бұл көрсеткіші еркектерде сағатына 4,8 мм, ал әйелдерде сағатына 7,3мм тең келеді. Ауыртпалық көбейгенде эритроциттердің тұнуы жылдамдайды .
Организмді қорғауа қанның лейкоциттері қатысады. Қанда лейкоциттердің бірнеше түрлері кездеседі. Оларды нейтрофильдер , базофильдер, эозинофильдер, лимфоциттериен моноциттер деп краскалармен боялу қасиетіне және атқарады қызметтеріне сай бөледі. Осы клеткалардың барлығыда қанның құрамында антигендердің пайда болуына қатысады.
Лейкоциттер еркектермен әйелдердің қанында бірдей мөлшерде( 1мл 4000-8800)кездеседі.
Лейкоциттердің мөлшері тез өзгеріп тұрады. Ол жұмыс істегенде , тамақтанғанда , күнге күйген жағдайда көбейеді. Лейкозитоз –лейкоциттердің мөлшерінің ұлғаюы оргондармен ткандардың қабыеуына байланысты болуы мүмкін . Осы жайда лейкоциттер 20000дейін көбейеді.Лейкопения- лейкоциттердің азаюы шұғыла ауруларына және бауырдың зақымдануына байланысты пайда болуы мүмкін . Мысалы, бауырдың цирроз ауруына байланысты лейкопенияның шығуы.
Нейтрофильдер көлемі 10-15мкм, ядросы бар клеткалар. Қозғалғыштың және фогоциторлық(микроптар мен өлген клеткаларды өзіне сіңіру қасиеті) қасиеттеріне байланысты олар организмді қорғау жұмысын атқарады. Нейтрофильдер микроптарды уландыратын заттар бөліп, қабынудың жүруіне қатысады.
Ядроларжың пішініне қарай оларды таяқша ядролы және сегментті ядролы нейтрофильдер деп 2 түрге бөледі . Олардың қанындағы мөлшерінің ұлғаюы денеде қабынудың пайда боғандығын білдіреді. Эозинофильдер оргонизмдегі алергиялық реакцияларға қатысады. Шеткі қан айналу жүйесіндегі олардың ұлғаюы бронханың демікпе ауруына байланысты туады.
Эозинофилдер ішек құрттарына байланысты да көбейеді .Олардың көлемі 12-15 мкм.
Базофилдер ең көлемі кіші лейкоциттер .Олардың мөлшері сирек жағдайда ұлғайады. Базофилдер алергиялық реакцияларға және қанның ұйығыштығына реттеу жұмысына қатысады .
Лимфоциттердің В және Т деген түрлері болады. Олар организмнің имундық қасиетін қалыптастырып отырады. Т –лимфоциттер клеткалық иммуниттетті қамтамасыз етеді де , В-лимфоциттер гуморалдық иммунитетті реттеуге қатысады .
Лимфоцитоз спортшыларда сирек кездеседі. Көбнесе көкжөтаел, туберкулез, зоб ауруларына байланысты көрініс береді.
Манойиттер-лейкоциттердің ішіндегі ең ірі клеткалар. Олардың көлемі 15-20мкм жетеді. Олар фагоцитарлық қызмет атқарады. Моноциттер қан тамырларына еркін өтіп кете береді. Мироптарды , өлген клеткаларды ұстап өзіне сіңіреді де қорытып жібереді. Қысқа мерзімде моноцитоз жел шешек , қызылша сияқты вирусты және кейбір созылмалы ( безгек т.б) ауруларға байланысты шығады .
4 таблица лейкоциттер формуласының проценттік және обсолюттік мөлшердегі көрсеткіштері.
Лейкоциттердің түрлері Лейкоциттердің мөлшері
Денеге ауырпалық түскенде миогенді лейкоцитоз пайда болады. Миогенді лейкоцитоздың 3 түрі болады. Оның бірінші түрі ауыртпалықтың жеңіл түрінен шығады . Бұл жағдайда лейкоцитоз 1мл қанда 10-12 мыңға жетеді . Оның негізгіқұрамы лимфоциттерден тұрады, (50процентке дейін) оны лимфоцитарлық лейкоцитоз деп атайды. Миогенді лейкоцитоздың екінші түрі нейтрофиді лейкоцитоз деп аталады . Ол ұзақ және ауыр жұмыстан кейін пайда болады. Лейкойитоздың көлемі 1мл . 16-18 мыңға жетеді. Оның негізгі құрамы таяқша ядролы лейкоциттер мен нейтрофилдерден тұрады. Миогенді лейкоцитоздың үшінші түрі интоксикациялық(улану) лейкоцтоз деп аталады. Ол екі вариантта жүреді. Бірінші вариантта – жоғары лейкоцитоз ( 1мл . 35-50 мың), нейтрофилез және лимфоциттердің азаюы көрінеді .
Екінші вариант- лейкоцитоздың көлемі 1 мл 10-15 мыңға жетеді. Миогенді лейкоцитоз организмнің өте жоғары қуатын көрсетеді. Бұл лейкоцитоз жеңіл жұмыста ғана емес, сонымен қатар , ауыр жұмысқа байланысты да пайда болады.
Нейтрофилді және индоксикациялық лейкоцитоз оранизмнің қажып шаршағандығын көрсетеді.
Тробоциттер – өте майда қанның клеткалары, қанның тоқтауына үлкен әсерін тигізеді
Тромбоциттердің мөлшері 1 мл қанда 180000-нан 320000 дейін жетеді .
Тробоцитопения (тромбоциттердің азаюы) гемофилия ауруының бір белгісі .
Тромбоцитоздың жеңіл түрі организмнің қуатының өзгеруіне және қабынуға байланысты туады.
Эндокриндік жүйе Эндокриндік жүйеге ішкі секреция бездері жатады . Олар гипофиз, эпифиз, қалқан, ұйқы , жыныс және бүйір үсті бездері жатады. Ішкі бездер организмнің жұмысын реттеуге қатысады. Эндокриндік бездер ғана биологиялық активті заттар- гармондар бөледі. Гармондар нерв импульстарымен бірге нейрогуморалды реттеу жүйесіне кіреді. Олар эндокринді жүйеде атқаратын қызметтеріне байланысты әртүрлі сатыға бөлінеді. Оның ең жоғарғы сатысында гипоталамус орналасқан . Ол гипофиздің жұмысын реттейтін активті заттар бөледі. Ал гипофиз болса ішкі секреция бездерін реттейтін гармонды қанға шығарады. Сонымен қатар , гармондардың қандағы көлемінің шамадан тыс артуы ішкі секреция бездерінің жұмысын төмендетуге әсерін тигізеді. Эндокриндік Оргондар ішкі оргондармен жүйелерді түгелдей өз басқаруында ұстайды . Гармондардың әсерінен бір мезгілде бірнеше оргондар мен жүйелердің қызметі өзгерезі. Оның себебі гармондар қан арқылы таралып , барлық оргондарға жеткізіледі. Гармондардың әсерінің ерекшелігі оргондарда оларды қабылдайтын рецепторлардың болуында, әрбір рецептор жеке гармондарға ғана сезгіштік білдіреді.
Рецепторлар өте күрделі белоктардан құралады. Олар клеткалардың мембранасының жанында орналасады. Оның белоктарының құрылысы гармондармен байланысуға бейімделген Эндокриндік органдар организмнің сұранысына байланысты гармондарды бөлуді реттеп отыоады . Тыныштық жағдайда гармондардың бөлінуі өте төмен, сондықтан олардың қандағы көлемі аз болады. Көптеген гармондар үшін белгілі бір бөліну жүйесі қалыптасқан ( гидрокортизон мен саматоропин).
Тамақтағанда (инсулин , глюкогон), дененің ортадағы жағдайының өзгергенінде (альдестерон), гармондар да қандағы көлемін өзгертеді. Дене тәрбиесі жаттығулары организмдегі зат алмасу жұмысын өзгерте отырып , эндокриндік жүйеге де әсерін тигізеді. Мидың қозғалыс орталығынан және бұлшық еттерден шыққан импульстер симпатоадреналиндік жүйенің жұмысын жандандыады. Ол инсулиннің ,ренненнің ұйқы, безі полипептидінің қанға көбірек бөлініп шығуына, ау- гипаталмус арқылы саматодрапин, кортикотропин , пролактин, тереотрапин гармондарының жандануына себеп болады.
Денесі шыныан адамдардың ауыртпалыққа гармон бөлу арқылы қайтаратын жауабы, шынықпаған адамдарджан өзгеше келеді.
Денеге түскен ауыртпалыққа бірінші болып бүйрек үсті бездерінің жұмысы қызады. Олар қанға адреналин, народнералин гармондарын бөледі. Осы гармондарды бөлу арқылы жүрек пен қан айналу (жүректің соғысы жылдамдайды,бұлшық еттердің жиырылуы күшкйеді ) тыныс алу( брохолардың қуысы кеңейеді) тереңдеп, май мен гликогеннің қорытылуы жылдамдап, мидың жұмысы күшейеді. Сонымен адреналин мен народнералин бірнеше оргондармен жүйелердің жұмысын жандандырады екен . Спортшыларда катехоламиндер қандағы көлемінің артуы жарыс барысында және жарыстың басталуы қарсаңында байқалады.
Оның үлкен жандандырушылық қасиеті бар . Бірақ шамадан тыс қосушылық оргганизмді қажытуы мүмкін . Дене шынықтыру жаттығуллары қанда гидрокортизонның көлемінің артуына себеп болады.
Ұзаққа созылған қауырт жұмысқа байланысты бұлшық еттердің жұмысын қорекпен қамтамасыз етуге,, зат алмасуды реттейтін гармондардың маңызы жоғарылайды. Белок , май және угеводтардың алмасуын инсулин , глюкоген, самототропин гармондары реттейді.
Қанның құрамындағы гармондардың өзгеруі спортшылардың организмінде жиі кездеседі және тез қалыпқа келіп отытады. Олардың көлемінің ұзақ уақытқа өзгеруі, байыпты тексеуді қажет етеді.
Эндокриндік бездердің аурулары қатерлі ісіктердің , бездердің іріңдеуінен ,қорегінің нашарлауынан туады.
Олардың ішінде қант диаб еті( ұйқы безінің зақымдауынан) , ЗОБ( қалқанша безінің зақымдануынан ), акрометалия мен гегантизм ( гипофиздің зақымдануынан), гипер- және гипокортицизм ( бүйрек үсті безінің зақымдануынан ) жиі кездеседі.
Эндокриндік ауруларды зерттеу қанның қысымын өлшеу ,ЭКГ , рентгенография ,қанның құраммындағы гармондардың көлемін өлшеу және зәрдің құрамындағы метоболиттерді анықтау арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар , хромотография , спектрофотометрия , радиоиммунды және иммуноферменттік сынақтар эндокриндік жүйенің ауруын бастапқы дәрежесінен анықтауға көмектеседі.
Қандағы гармондардың көлемін зерттеу допингтерді анықтауға да көмектеседі.Допингтерді қабылдау спорттық этиканы ғана бұзу емес, сонымен қатар өз еркімен денсаулыққа зиян тигізу болып есептеледі.
5. таб. Спортшыларда жиі кездесетін эндокриндік аурулардың белгілері
Аурулар Негізгі даму механизмі Аурулардың көрііністері
Қант диабеті Ұйқы безіінің инсулие гармонының жеткіліксіздігі Қанның құрамында қанттың шамадан тыс артуы және зәрдің құрамында пайда болуы,шөлдеу, теріде, бүйректі, кезде іріңді жаралардың шығуы
Териотаксикоз ауруы Қалқанша бездің тероксин, терииодтиронин гармондарының шамадан тыс артуы Артықтау, зоб., бадырақ көздік, тахиакардия, ыстыққа шыдамсыздық, саусақтардың дірілі , негізі зат алмасу көрсеткішінің өсуі
Акромегалия Гемофиздің самототропин гармонының артып кетуі Аяқ пен қолдың шамадан тыс ұзаруы, жақтың өсіп кетуі
Гигантизм Гипофиздің самотропин гармонының артып кетуі Шамадан тыс ұзын бойлық ,аяқтар мен қолдардың ұзаруы
Гиперкортицизм Бүйрек үсті безінің гидрокортизон гармонының артып кетуі Май басу , әсіресе , іштің кеуденің май басуы, беттің ісуі, бұқа мойындылық , қанның қысымы жоғарылап , қанда қанттың көбеюі
Гипокортицизм Бүйрек үсті безінің гидрокартизон гармонының жеткіліксіздігі Азу , қараю, іш өту ,қан қысымының төмендеуі, шаршау, қанда қанттың мөлшерінен азаюы
Феохромоцитома Бүйрек үсті безінің адреналин және нарадреналин гармондарының артуы Қан қысымының жоғарылауы, жүректің қатты соғуы, бастың ауруы, тершеңңдік, азу, қанда қант мөлшерінің артуы
Ас қорыту жүйесі
Асты физикалық және химиялық жолмен қорыту өте күрделі жұмыс . Ол ас қорыту жүйесінде ауыз қуысы , асқазан 12 елі ішекғ аш және тоқ ішектер , тік ішек, ұйқы безі, бауыр мен өттің қатысуы арқылы жүзеге асырылады.Ас қорыту жүйесін тексеру спортшылардың жалпы денсаулығын анықтау үшін керек . Ас қорыту жұмысы асқазанның қабынуы , асқазанның және 12 елі ішектің жарасы, гепатиттер, пенкреатит ауруына байланысты нашарлайды .
Ас қорыту жүйесінің органдарының жағдайын клиникалық, лабороториялық әдістермен және медециналық аспаптар қолдану арқылы тексереді. Қазіргі кезде оргондардың морфологиясын биопсия жасау арқылы да тексереді.
Спортшының жағдайын білу үшін оның шағымдарын сұрастырып , тәбетін , тамақтану ережесін және тамақтың қуаттылығын анықтайды. Сырттай қарап тісінің , иегінің және тілінің жағдайын , терісі мен көздің ағының түсін байқайды. Ішінің пішініне қарап , өзгерістеріне баға береді. Пальпация жасап іштің ауыратын жерлерін анықтайды. Бауыр мен көк бауырдың тығыздығы н, қырларының тегістігін , көлемін есептейді.
Аускультацияның көмегімен ішектердегі газдың қозғалысын , перистальтикасын анықтайды .Ас қорыту жүйесінің секрециясын анықтау үшін асқазан мен 12 елі ішектен және өттің қабынан алынған секреттерді тексереді.
Ауруды анықтауда рентгеноскопиялық , эндоскопиялық , цитологиялық және гисталогиялық әдістердің маңызы үлкен.
Ас қорыту жүйесінің аурулары спортшылардың көрсеткіштеріне аса үлкен әсерін тигізе қоймайды. Шұғыл гастрит ауруы бұзылған аспен уланудан пайда болады. Ол қауырт басталып , төс шеміршегінің астында қатты сыздаған ауыру , жүрек айну , іш өту белгілерімен көрініс береді. Тіл қабатықалыңдап , кебіңкі болады. Аурудың жалпы жағдайы , дененің кебуінен және элементтердің азаюынан нашарлай түседі. Созылмалы гастрит ас қорыту жүйесінде ең жиі кездесетін ауру. Ол спортшыларда шамадан тыс шаршаудан және тамақтанудың ережесінің бұзылуынан туады . Спортшы тәбетінің нашарлағанына , қышқыл кекіріктің , асқазанның кебуінің шеміршегінің астында сыздаған ауыруының пайда болуына шағым айтады.
Емдеу кәдімгі дәрі- дәрмекктермен жүргізіледі . Оның барысында спортшы жаттығуға қатыса алмайды . Асқазанның кебуінің және 12 елі ішектің жарасы созылмалы қайта қозатын аурулардың қатарына жатады. Оның пайда болуына спортшылардың орталық нерв жүйесінің қажуы , гомональді жүйенің жұмысының шамадан тыс жандануы себеп болады.
Тамақтанғаннан кейін бірден немесе 20-30минут өткен соң төстің шеміршегінің астында сыздаған ауру пайда болып 1,5-2 сағатқа дейін созылады . Жүрегі айнып , құсып, кей кезде іш кеуіп кетеді .Аурудың тәбеті өзгеріске ұшырамайды . Олар өте ашуланшақ және көңіл күйі тез өзгергіш болады. Бұл жағдайда адамға спортпен айналысуға болмайды. Спортшыларды тексерген кезде олар оң қабырғасының астындағы сыздаған ауруға шағым айтады.
Бауырдың сыздауы ұзақ және ауыр жаттығулардан кейін пайда болады. Сыздау өте күшті және бірден басталуы мүмкін. Кейде олар жауырынның астына, оң иыққа беріледі. Оң қабырғасының астының сыздап ауруы жаттығуды тоқтатқаннан кейін толық кетуі мүмкін . Сонымен қатар, спортшыларда бас ауру, бас айналу, ауамен кекіру, іштің өтуі сияқты аурудың белгілері пайда болады. Анықтап тексерген кезде көп спортшылардың бауырының ұлғайғандығы байқалады.
Бауырдың осылайша өзгерістерге ұшырауы ғылымға әлі белгісіз. Көп ғалымдар оны бауырдың қанға шамадан тыс Толып ісіінуінен, ал кейбіреулері бауырдың қан айналуының жеткіліксіздігінен деп топшылайды. Электронды микроскоппен спортшының бауырының морфологиясын зерттегенде, оның кейбір себептері ертеде ауырған сары аурудан, ал екінші бір себебі бауырдың шамадан тыс жұмыс істеуіне байланысты туатын қоректің және оттегінің жеткіліксіздігінен екендігі анықталды. Бауырдың ауруының алдын алу жолына тамақтану ережесін бұлжытпай сақтау. жаттығудың организм шашамасына тура келуі және салиқалы өмір салтын сақтау. Ауруды емдеу барысында спортшыны жаттығудан босату керек.
Зәр ығару жүйесінің негізгі органы бүйрек. Оның салмағы ересек адамдарда 120-дан 200 гр –ға дейін , ұзындығы 10-14 см, ені 50-6 см, қалыңдығы 3-4см –ге жетеді. Бүйректер Х ІІ кеуде және үш жоғарғы белдің омыртқаларының тұсында орналасқан. Олардың орналасу жағдайы жасына, жынысына, дене қүрылысына байланысты. Әдепкіде оң жақ бүрек сол жақтағыдан 2-3 см төменірек орналасады да оның төбесі ХІ қабырғаға жетпейді. Зәр шығару жолы зәр тұтікшесі, қуық және зәр шығару каналынан құралады. Зәрмен бірге барлық организмге жат улы заттар шығарылып отырады. Қалыпты жағдайда зәр сарғыш келген мөлдір, өзіндік салмағы 1015-1020 арасындағы сұйықтық.Оны химиялық құрамы тұрақсыз. Микроскопиялық тексеру барысында зәрдің құрамында физиологиялық элементтермен қатар ( эпителий клетеалары, лейкоциттер, тұздар) потологиялық ( этроциттер мен целиндрлер)элементтерде кездеседі.
Зерттеу барысында, спортшылардың қалыпты жағдайындағы зәрінің құрамы, жаттықпаған адамның зәрінің құрамымен толық сәйкес келетіні анықталды. Сонымен қатар, үлкен ауыртпалықтарға байланысты спортшылардың зәрінде белоктар ( протеинурия), қан(гемотурия)пайда болуы мүмкін.
6. таб. Спортшыларда жаттығудан кейін зәрде пайда болатын өзгерістер
(Барлық тексерілгендерді процентпен есептегенде алынған Клейменнің көрсеткіштері). Спортпен айналысу түрі
Зәрдің өзгеру түрлері Бокс Күрес Баскетбол Хоккей
Протеинурия 67 40 78 63
Эротроциттер 65 48 71 70
Лейкоциттер 57 79 86 40
Цилиндрлер 24 44 57 47
Зәрдің өзгеру шамасы мен дәрежесі жаттығудың тығыздығына, ұзақтығына және спортшының шынығу дәрежесіне байланысты. Жаттығудың көлемі спортшының шамасынан артық болған жағдайда зәрдің құрамының өзгерәстері күштірек білінеді. Зәрдің құрамының толық қалыппен келуі жаттығудан кейін 24 сағатқа созылады. Кейбір шамадан тыс ауыртпалықтан соң зәрдің құрамының қалыпқа келуі 48-ден 72 сағатқа дейін созылуы мүмкін.
Жарыстан соң және жаттығудан кейін байқалатын зәр құрамындағы өзгерісті физиологиялық өзгеріс деп қарау керек .
Бірақ оның себебі, жаттығу барысындағы бүйрек қыртысының қанмен қамтамасыз етілуінің нашаолауынан пайда болатындығынан естен шығармаған абзал. Тыныштық жағдайда анықталатын зәрдегі потологиялық өзгерістер бүйректегі аурудың белгісі деп есептелінеді. Бүректің аурулары кез келген белдің ,қабырғалардың, бүйректердің тікелей және жанама зақымдарынан болуы мүмкін. Бүйректің тікелей зақымдары соққыдан, қысымнан шайқалудан, ал, жанама зақымдар – дененің қатты сілкінуінен, іштің және белдің бұлшық еттерінің қатты тартылуынан пайда болады.Бұл жағдайда бүйректің орнынан қозғалып омыртқа жотасына ұрылуы, бүйректердің бір-бірімен соғысуы және олардың қабының жыртылуы байқалады.
Спртшыларда бүйрек ауруларының ішінен шұғыл және созылмалы нефрит, бүйректе тас пайда болуы, цистит аурулары жиі кездеседі. Бүйрек ауруларының басталуының алдында баспа, тұмау, бронхит сияқты шүғыл инфекциялар жүріп, олардың негізгі себебі болуы ықтимал. Бүйрек ауруларының басты қоздырғышы гемолитикалық стрептококк болып есептеледі. Спортшылардың бүйрек ауруы денесінің суыққа шалдығуынан да болады. Шұғыл гломерулонефрит ісіктерімен, зәр шығарудың бұзылуымен, зәрдің құрамының өзгеруімен (гематурия, олигурия, протейнурия) және қан қысымының көтерілуімен жүреді. Көп жағдайда ауру толығынан жазылып кетеді.Шұғыл глонерулонофрит пен ауырған спортшы дәрігердің диспансерлік бақылауында болуы керек.
Созылмалы диффузиялы глонерулонефрит уақтылы және толық емделмеген шұғыл гломерулонефриттен туады. Оның жасырын ісіктен, белоктың немесе ісікпен қан қысымының көтерілуі арқылы жүректің түрлері бар. Оның барысы бүйректің жұмысының жеткіліксіздігінің тууына байланысты болады. Сондықтан созылмалы гломеруонефрит ауруымен ауырған адамдарға спортпен айналысуға болмайды. Бүйректе тас байлау ауруы қанның қышқылдылық пен сілтілік көрсеткіштеріеің ара қатынасының өзгеруінен туады. Кей кезде ауру ешқандай белгісіз немесе белде баяу және қатты сыздап ауруы пайда болуымен жүреді. Зәрдің құрамында қанның пайда болуы да мүмкін.Бүйректе сыздаған ауру ауыртпалық көтергенде, селкілдегенде шығады. Бүйрегіне тас байлаған адамға спортпен айналысуға болмайды.
Гемоглобинурия – (зәрдің құрамында эритроциттердің пайда болуы) қатты қажығанда, суықтағанда туады.
Многлобинурия – (зәрмен бірге бұлшық еттердің пигменттерінің бөлінуі ) өте ауыр паталогия деп есептелінеді. Ол бұлшық еттердің мыжылуынан, жүректің инфаркт ауруынан, уланғанда шығуы мүмкін. Оның қосымша себептеріне дененің ісуі, күйюі, операция газдармен улану жатады. Миоглобинурияның ең ауыр белгісі зәрдің шықпай қалуы. Оны емдеу үшін жасанды бүйрек аппаратын қолданады. Зәр шығару жүйесінің организмдегі атқаратын ролін есепке ала отырып, оның патологиясын ертерек нықтаудың мақызы үлкен.
Достарыңызбен бөлісу: |