В072 «Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығы бойынша білім алатын 2 курс ФӨТ22-031қ тобы студентінің
«Дәрілік препараттардың өндірісіне кіріспе»
оқу практикасы бойынша жасаған
ЕСЕБІ
Практиканың өткізілетін орны: ЖШС « Рауза-АДЕ»
Практиканың ұзақтығы: 05.02.2024 ж. – 26.04.2024 ж.
Студент: Төленді Д.А. Қолы: _________ күні _____________
Тобы: ФӨТ22-013қ
Мекеме бойынша оқу практикасына жауапты тұлға:
Бағалау______________ қолы_____________күні _________________
Оқу практикасына университеттен жауапты тұлғалар: Ибадуллаева Ғ.С., Елекен Г.К., Адилова К.Ж.
Оқу практикасының нәтижесі бойынша комиссия шешімі
Баға қолы күні __________
Алматы, 2024
Есеп
Мен Төленді Д.А. 05. 02. 2024 – 26.04.2024 аралығында өндірістік практикадан өттім. Біз, тақырыптық жоспарларға сәйкес өндірістік тәжірибені жақсы меңгере білдік. GMP стандарттары бар фармацевтикалық компанияларға 20.02.2024 ж бастап бардық. Әр компанияға барған сайын ең бірінші, қауіпсіздік техникасымен және ережелерді түсіндірді. ЖШС «Рауза-АДЕ» атты компаниялардың тәжірибеге жауапты жетекшілері күнтізбелік тақырыптарға сәйкес түсіндірме сабақтарын жүргізді. Және де компания қай салада жұмыс жасайтынын, өндірістің жүру барыстарын, дайын өнімдерін бізге көрсетті. Жетекшілердің бізге берген түсіндірме жұмыстары арқылы өзімізге өте пайдалы деректерді жадымызға сақтадық. Себебі, өндіріс орындарымен таныса отырып, олардың GMP стандарттарына сай екендігіне және жұмыс істеу принциптеріне байланысты көптеген мағлұматтар алдық. Өндіріс бөлмелерін көріп, таныстық. Оқу практикасы кезінде біз көптеген тақырыптарды қозғадық:
• GMP принциптеріне сәйкес фармацевтикалық өндірісті ұйымдастыру принциптерімен танысу. Технологиялық процесс және оның құрамдас бөліктерін зерттеу.
• Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымымен танысу.
• Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе брифинг өткізу. Ғылыми-зерттеу бөлімінің және СҚД (сапаны бақылау бөлімі) жұмысымен танысу.
• Қатты дәрілік заттардың өндірісімен танысу.
• Сұйық дәрілік заттардың өндірісімен таныстыру.
• Жұмсақ дәрілік формалардың өндірісімен танысу.
• Галенді препараттардың өндірісімен танысу.
• Медициналық мақсаттағы бұйымдарды шығаратын саланың жұмысымен таныстыру.
Практика өз ойымдағыдай шықты және түсінікті болды деп сенімді айта аламын.
27.02.2024 «Подготовка воды на промышленном производстве» тақырыбында өткен лекцияда суды дайындау әдістері, негізгі қадамдар бойынша ақпараттар алдық. Лектор Караубаева А. А
12.03.2024 «Фармация өндірісі және технологиясы. Дәрілік заттар» Лектор Устенова Г. О. Дәрілік заттар және оның түрлері жайлы ақпарат алдық.
09.04.2024 «Тұндырмалар өндірістің технологиялық сатылары және жалпы ерекшеліктері» тақырыбындағы мастер класс өтті. Дәрілік заттарды өндіруде таптырмайтын құрамдастардың бірі болып табылатын, сонымен қатар жеке дәрі ретінде қолданылатын тұнбалармен және олардың жалпы сипаттамасымен таныстық.
16.04.2024 «Государственный закуп ЛС в РК и их логистика» тақырыбында өте қызықты ақпараттар алдық. Лектор Сабитов А.С
Қорыта айтқанда, бұл практика әр студентке өте тиімді болды деп ойлаймын. Өндірістегі қарапайым техника қауіпсіздік ережелерінен бастап, еліміздегі ірі өндірістердің жұмыс барысымен де таныс болдық. Болашақта осы оқу практикасын ескере отырып, үлкен жұмысты бітіреміз деп ойлаймын. Практика барысында көп жаңа заттарды үйрендік, мамандығымызға байланысты өте қажетті мәліметтермен танысқанда, одан әрмең мамандығымызға қызықтық. Осымен практика аяқталды.
Достарыңызбен бөлісу: |