Дәріс № Химиялық және радиациялық қауіпсіздік



бет1/6
Дата01.11.2023
өлшемі60.29 Kb.
#482144
  1   2   3   4   5   6
Дәріс Химиялық және Радиациялық қауіпсіздік

Дәріс № 3. Химиялық және радиациялық қауіпсіздік



Радиация - бұл жеке бөлшектердің энергияны кеңістікке шығаруға немесе таратуға қабілетті. Мұндай энергияның күші өте күшті және заттарға әсер етеді, нәтижесінде әртүрлі зарядтары бар жаңа иондар пайда болады.
Табиғатта атомдарының ядролары өздігінен басқа элементтердің ядроларына айналатын химиялық элементтердің белгілі бір саны бар. Бұл трансформация иондаушы сәуле деп аталатын сәулеленумен бірге жүреді. Ал ыдырау құбылысы радиоактивтілік деп аталады.
Радиоактивтілік дегеніміз - Иондаушы сәулеленуді шығаратын заттар мен нысандардың қасиеті, яғни олар радиация көзіне айналады.
Радиациялық ластанудың көздері
Радиациялық қауіптердің әсерлері шыққан тегі бойынша табиғи және антропогенді болып бөлінеді.
Табиғи факторларға қазба рудалары, күн сәулесі, ғарыштық радиация.
Ал антропогендікке мысал радиациялық өндіруге және қолдануға, атом энергиясын өндіруге және ядролық қаруын сынауға байланысты жұмыстар жатады.
Сонымен адам өміріне өте қауіпті радиациялық антропогендік әсерлер адамзаттың мына іс-әрекетімен тығыз байланысты:
• Атом өнеркәсібі (Чернобыль авариясы)
• Ядролық жарылыстар (Семей полигоны)
• Медицина (рентген) мен ғылым (әртүрлі радиоактивті элементтермен тәжірибе жасау)
Радиация түрлері
Радиоактивтілікпен ластану радиоактивті үрдіс кезінде химиялық элемент атомдарының ядроға айналуынан болады: альфа – ыдырау, бета – ыдырау, электронды қамту, атомдық ядроны спонтандық (өздігінен) болу. Барлық радиоактивті сәулеленудің маңызды бір қасиеті олар өздері тарайтын электрлі бейтарап молекуланың сәулеленуін тудырады. Ең көп сәулеленуді шығару қасиетіне альфа – бөлшек ие. Сәулелену болғанда альфа – бөлшек энергиясы тез азаяды. Белгілі қашықтықтан өткеннен кейін альфа – бөлшек өзінің тіршілігін тоқтатады. Қуаттылығының көп бөлігін жоғалтқаннан кейін ол екі электронды өзіне тартып алады және гелийдің бейтарап атомы болады. Альфа – сәулелену адам үшін де, басқа да кез – келген тірі организм үшін де қандайда бір қауіп тудырады.
Зат арқылы өту кезінде сәулелену қабілетіне бета – бөлшекте ие, алайда ол едәуір аз. Бета – бөлшек өзінің қуаттылығын баяу жоғалтатындықтан, оның ауадағы және басқа материалдардағы еркін жүріс ұзындығы едәуір көп. Бета – бөлшектің едәуір бөлігі әртүрлі радиоактивті изотоптарда ауада 3-5 м жүреді. Тығыз заттарда айтарлықтай аз болады (суда, ағаштарда, организм ұлпаларында 1000 рет). Бұған қарамастан бета – сәулелену адам үшін қауіпті, әсіресе радиоактивті зат терінің ашық жеріне түскенде.
Альфа – ыдырау және бета – ыдырау, ереже бойынша, гамма сәулесімен қоса жүреді. Ол жарық жылдамдығының кеңістігімен жайылатын өте үлкен жиіліктегі электромагнита тербеліске ие; ядро түрінде жеке мөлшерде түседі ол гамма – квант немесе фотондар деп аталады. Гамма – кванттар өте үлкен түсу қабілетгілігіне ие. Әртүрлі материалдармен гамма – сәулеленудің әлсіздену сипапамасы үшін жартылай әлсіздену (d 1/2) қабатының кеңдігі қолданылады. Бұл гамма – сәулеленудің қуатын екі есеге әлсірететін материалдың сондай қабаттағы қалыңдығы. Жартылай әлсіз қабат материалдарды қорғау қасиетінің сипаттамалық шарасы болып табылады.
Адамдардың ионды сәулеленумен зақымдану қауіптілігінің дәрежесі ренгентте өлшенетін (Р) экснозиционды сәулелену мөлшерімен (Д) анықтталады. Радиоактивті сәулеленудің қарқындылығы (Р) сәулелену мөлшерінің күштілігімен бағаланады. Сәулелену мөлшерінің қуаттылығы доза жиналуы жылдамдығын сипаттайды және рентгенде бір сағат (Р/с), милли – рентгендерде бір сағат (мР/с) немесе микрорентгендерде бір сағат (мкР/ с) көрсетіледі.
Халықаралық бірлік жүйесінде СИ экспозиционды сәулелену мөлшері кулонда килограмға (Кл/'кг) өлшенеді және оның күштілігі кулонда секундына килограмға (Кл/кгс) өлшенеді. 1 кг ауада иондау нәтижесінде 1 Кл тең бір бөлгідегі барлық иондардың жиынтық электрондық заряды, 1кг ауада түзілетін кулон килограмның экспозиционды мөлшерімен тең.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет