Дәріс 1. ҰЛттық табыс: Өндіру, БӨлу және тұтыну игіліктер нарығындағы макроэкономикалық теңдестік. Тұтыну және жинақтау



бет1/6
Дата30.11.2022
өлшемі0.82 Mb.
#466151
  1   2   3   4   5   6
ММТ дәріс 11


Дәріс 11. Ұлттық табыс: өндіру, бөлу және тұтыну Жанат Мырзабек


ДӘРІС 11. ҰЛТТЫҚ ТАБЫС: ӨНДІРУ, БӨЛУ ЖӘНЕ ТҰТЫНУ
1 Игіліктер нарығындағы макроэкономикалық теңдестік. Тұтыну және жинақтау

Экономикалық теорияның зерттеу әдістерінің ішінде тепе-теңдікті талдау әдісі аса маңызды. Тепе-теңдік жағдайлар микроэкономикалық деңгейде өзара байланысты нарықтардағы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі арқылы қарастырылса, макроэкономикалық деңгейде түрлі макроэкономикалық теңдестіктер арқылы талданады. Макроэкономикалық теңдестіктерді өткен тақырыптарда жиынтық шығындар мен жиынтық табыстардың теңдестігі (шеңберлі айналым үлгіcі), AD-AS үлгілері бойынша қарастырғанбыз.


Ресурстардың толық жұмысбастылығы жағдайындағы макроэкономикалық теңдестік мәселесіне классикалық және кейнсиандық мектептер өкілдерінің көзқарастары әр түрлі болып келеді.
Классикалық экономикалық теорияның өкілдері жалпы экономикалық теңдестік үлгісін қысқа мерзімді кезеңдегі жетілген бәсекелестік жағдайында қарастырған. Аталмыш үлгі Жан-Батист Сейдің «Нарықтар заңына» негізделіп құрастырылған. Сей заңы бойынша тауарлар ұсынысы өзінің жеке сұранысын қалыптастырады. Яғни, әрбір өндірілген тауар автоматты түрде өз құнына тең табысты қалыптастырады. Демек, экономикада қанша тауар өндірілсе, оны сатып алуға қажетті дәл сонша табыс қалыптасады.
Үйшаруашылығы табысының бір бөлігін ғана тұтынып, қалған бөлігін жинақтайтындығын (ҚБТ = С + S /2.14-формула/), мұннан С = ҚБТ – S) ескерер болсақ, жиынтық сұраныстың жинақтың сомасына тең шамаға қысқаратынын көреміз. Нәтижесінде, тұтынылатын табыстың қысқаруы салдарынан сатылмай қалған өнім көлемінің (артық тауар қорларының) өсуі және жиынтық сұраныстың қысқаруымен байланысты жұмысбастылық қысқарады және жалпы экономикалық теңдестік бұзылады.
Бірақ, классикалық бағыттың өкілдері толық жұмысбастылық кезінде табыстар мен шығындардың теңдестігі автоматты түрде қамтамасыз етіледі деп көрсетеді. Бұған уәж ретінде олар пайыздық мөлшерлеме, жалақы, баға деңгейі секілді икемді шамалар ақша, еңбек және игіліктер нарықтарында теңдестікті қамтамасыз ететіндігін айтады. Нақтырақ айтар болсақ:

  • икемді пайыздық мөлшерлеме инвестициялық құралдарға сұраныс пен ұсыныстың теңдестігін қамтамасыз етеді;

  • икемді жалақы еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсынысты тез арада теңдестіреді, нәтижесінде мәжбүрлі жұмыссыздық ұзақ уақытқа созылмайды;

  • икемді бағалар игіліктер нарығында жедел теңдестік орната отырып, игіліктердің артық өндірілуінің немесе тапшылығының ұзақ уақытқа орын алуына мүмкіндік бермейді;

  • айналымдағы ақша массасының өзгеруі тауарлар мен қызметтердің нақты ағынына емес, тек атаулы шамаларға (атаулы ЖІӨ-ге, атаулы еңбекақыға және т.б.) ғана ықпал етеді.

Демек, классикалық мектеп өкілдерінің пайымдауынша жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігі (AD = AS) жағдайында, ұлттық өндірістің көлемі өзінің әлуетті көлеміне тең (Ү = Ү*) болады.
Бірақ, мұндай пікірдің дұрыстығын ХХ ғасырдың басындағы «Ұлы тоқырау» кезіндегі ұзақ уақытқа созылған макроэкономикалық тұрақсыздық (теңсіздік жоққа шығарады. Сол кездері Дж. Кейнс түрлі кезеңдердегі тұрақсыздықтарды зерттей отырып, мемлекетпен реттелмейтін экономикада ресурстардың толық жұмысбастылығының тек кездейсоқ орын алуы мүмкін екендігін айтады. Дж. Кейнс өзінің зерттеулері арқылы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың теңдестігі жағдайында, ресурстардың толымсыз жұмысбастылығы орын алатындығын, яғни ұлттық өндірістің көлемі өзінің әлуетті көлеміне тең болмайтындығын (Ү < Ү*) дәлелдеп көрсетеді (1-сызба).







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет