Дәріс №1 Құрылыс материалдары өндірісіндегі автоматты жүйелер, элементтер және басқарылатын объектілер туралы жалпы мағлұматттар. Автоматты басқару жүйелерін құру принциптері және негізгі түсініктеме. Жоспар



Pdf көрінісі
Дата10.04.2023
өлшемі145.38 Kb.
#472023
1 апта дәріс



Дәріс № 1 
Құрылыс материалдары өндірісіндегі автоматты жүйелер, элементтер 
және басқарылатын объектілер туралы жалпы мағлұматттар. Автоматты 
басқару жүйелерін құру принциптері және негізгі түсініктеме. 
Жоспар. 
Кіріспе. 
1. Автоматты басқару жүйесінің жалпы құрлымы, элементтері.
2. Басқарылатын объектілердің және автоматты басқару жүйесінің 
сигналдар сипаттамалары. 
3. Микро ЭЕМ бар автоматтық басқару жүйелері 
Кіріспе. 
Кибернетика дегеніміз – басқару және байланыс жөніндегі ғылымды 
айтамыз. 
Басқару дегеніміз - кез келген жүйенің бір-бірімен ажырамайтын 
байланыстағы бөліктердің жиынтығын айтамыз. Бөліктер жиынтығын жүйе 
деп атайды.
Жүйелерді басқаратын құрылғыны реттеуші деп атайды. Реттеуші 
деген сөз латын тілінен аударғанда басқару деген ұғымды білдіреді. 
Қазіргі таңда автоматикада кеңінен автоматты басқару жүйесі 
қолданылады. Олар ауыл шаруашылылық өндірісінде технологиялық 
процестерді автоматтандыру саласында көп кездеседі.
Автоматтандыру дегеніміз ол кешенді механикаландыру және адамды 
тікелей технологиялық процесті басқару функциядан босататын сипаттаманы 
айтамыз.
Барлық техникалық объектілер басқару құрылғысымен қатар 
автоматты жүйе құрай отырып басқару теориясы деген заңмен талданады. 
Автоматты басқару теориясы дегеніміз – автоматты реттеу жүйесін 
талдауды айтамыз. 
1877 жылы автоматты басқару теориясының дамуына бірнеше орыс 
ғалымдары үлес қосқан. Олар: И.А. Вышнеградский, Н.Е. Жуковский,


В.С. Пугачев, А.М. Ляпунов және т.б. Бұл ғалымдар автоматты басқару 
машинасының құрылғыларының механизмдерінде өтетін техникалық 
процестердің математикалық теориясын жасаған. Қазіргі кезде АБТ 
басқарудың жалпы теориясын республикамызда жетілдіру негізгі мәселе 
болып отыр. 
Телемеханика 
терминологиялық 
сөз 
кеңінен 
қолданылатын 
болғандықтан оны ғылым және техника түрінде қарастыруға болады. Ол 
басқару командасын алыс қашықтықтарға таратып техникалық құрылғы 
есебінде қолданады. 
Телемеханикалық жүйенің түрлері: 
1. Телесигналдау. 
2. Телеөлшеу. 
3. Телебасқару 
4. Объектілер жағдайын хабарлағышы. 
1. 
Автоматика 
элементтері 
деп 
физикалық 
шамаларды 
түрлендіретін автоматтық жүйенің бір бөлігін атаймыз. Автоматика 
элементтерінің функциясы дегеніміз – бұл берілген физикалық 
шамалардың түрленуі.
 Автоматты жүйе өзара байланысқан және белгілі бір қызмет атқаратын 
дербес конструкциялық элементтерден тұрады, оларды автоматика 
элементтері не құралдары деп атайды. 
Элементтерді жүиеде атқаратын қызметіне қарай салыстырушы
түзетуші, қабылдаушы, жоспарлаушы, түрлендіруші және атқарушы деп 
аталады. 
Қабылдаушы элементтер немесе бастапқы түрлендіргіштер (датчиктер) 
технологиялық процестердің басқарылатын шамаларын өлшейді де, оларды 
бір физикалық шамада түрлендіреді. 
Жоспарлаушы элементтер (баптау элементтері) арқылы жүйеге 
реттелетін шаманың қажет мәні беріледі, оның нақты мәні осы берілген 
мәнге сәйкес келуі тиіс. Салыстырушы элементтер реттелетін шаманың 


берілген мәнін Х
0
нақты мәнімен салыстырады. Бұл элементтің шығысында 
алынатын сигнал Х = Х
0
– Х атқарушы элементке тікелей не күшейткіш 
арқылы беріледі. 
Түрлендіруші элементтер сигналдың пайдалануға ынғайлы түрге 
түрлендіруін және қуатын магниттік, элеметтердің және т.б. күшейткіштер 
арқылы үдеуін жүзеге асырады. 
Атқарушы элементтер басқару объектісіне берілетін басқару әсерінен 
тудырады. Олар басқару объектісіне берілетін не одан алынатын энергия 
немесе заттар санын өзгерту арқылы басқарылатын шаманы берілген мәніне 
сәйкес етіп ұстай отырады. 
Түзетуші элементтер басқару процессінің сапасын жақсарту үшін қажет. 
Автоматты жүйелерде көрсетілген негізгі элементтерден басқа қосалқы 
элементтер де болады: оларға ауыстырып қосқыш құрылғылар мен қорғау 
элементтері , сигнал (белгі) беру жабдықтары жатады. Автоматиканың негізгі 
элементтері өте көп. Солардың көмегімен бірнеше технологиялық процестер 
жүргізіледі. Олар өлшеуіш басқарушы орындаушы және қалпына келтіруші.
Осы технологиялық процестердің орындалатын функцияларының сипатына 
қарай келесі негізгі түрлерге бөлеміз: 
1. 
Датчиктер. 
2. 
Күшейткіштер. 
3. 
Стабилизаторлар. 
4. 
Релелер. 
5. 
Таратқыштар. 
6. 
Қозғалтқыштар. 
Бұдан басқа функцияларды орындау үшін қолданылатын элементтер: 
1. Түзеткіштер. 
2. Генераторлар және т.б. 
Автоматика 
элементтерінің 
орындалатын 
әрекеттеріне 
байланысты физикалық принциптері бойынша келесі элементтерге 
бөлінеді: 


1. Электротехникалық элемент. 
2. Электромашина. 
3. Электромагниттік. 
4. Феррамагниттік элемент. 
5. Жылу элементі. 
6. Электронды және радиоактивті. 


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет