Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет30/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Лекция (1)

 
 
 
Дәріс №12 
Тақырыбы: Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және 
жинақтау 
Дәріс жоспары:  
1. Озат тәжірибелерді талдау 
2. Байқау әдісі 
1.Озат тәжерибелерді талдау 
Алдыңға қатарлы озат тәжірибені оқып-үйрену мен жалпылау 
бағдарламасы төмендегідей: 
1. Қарапайым түрі мұнда біз тек маңызды және нақты жағымды 
фактілерді тіркейміз.


2. Күрделі бағдарлама мұнда әр түрлі фактор салыстырылады, тағы 
олардың пайда болу себептерін ашу, студенттердің білім, іскерлік
дағдылары тексеріледі.
3. Ғылыми зерттеу бағдарламасы өте ұзақ мерзімге есептелінген, ол әр 
түрлі бағдарламадағы бірнеше рет тексерумен байланысты.
Алдыңғы қатарлы тәжірибеге қойылатын талаптар: 
а) оқу-тәрбие жұмысының нәтижелілігін арттыру; 
б) жаңашылдығы; 
в) педагогиканың ғылым талаптарына сәйкес келуі; 
г) қоғамдық даму тенденциялар, ғылымның озат идеялары сәйкес келуі; 
д) педагогика саласын кеңейту; 
е) педагогикалық үдеріс нәтижелерінің сапасын көтеру; 
ж) педагогикалық еңбектің жоғары нәтижелеріне жету; 
з) оқушыны жан-жақты дамытудың тұтас жүйесін құру; 
к) жаңа педагогикалық фактілерді ашу; 
л) жаңа педагогикалық құндылықтарды құру. 
Педагогикалық тәжірибені топтай отырып, төмендегідей түрлерін 
көрсетуге болады:
1. Сапасы бойынша: алдыңғы қатарлы, жағымды, тиімді, тиімсіз, 
рационалды теріс. 
2. Масштабы бойынша: жеке дара, типтік, топтық, ұжымдық, жалпы 
бұқаралық. 
3. Жаңалығы бойынша: жаңашылдық, шығармашылық, репродуктивті.
Педагогикадан көпке танымал үш түрлі ауызша сұрау әдістері 
қолданылады: әңгіме, сауалнама, интервью. 
Әңгіме анықтауға тиісті күні бұрын белгіленген сұрақтары бар 
ойластырылған жоспардың болуын қажет етеді. Әңгіменің мақсаты - тек бір 
ғана байқаумен ашыла қоймайтын, іс жүзіндегі материалды жинау, анықтау 
және мәселелерді нақтылау жағын көздейді. 
Зерттеу мақсаттарын көздеп қолданылған әңгімелердің барысы мен 
мазмұны протоколданады немесе жазылып алынады. 
Әңгімеден басқа интервью әдісі де кеңінен қолданылады. Интервью 
алған кезде зерттеуші бұларды белгілі бір дәйектілікте бере отырып және 
әңгімелесушінің жауаптарын жазып алып, күні бұрын белгіленген 
сұрақтарды қатаң ұстанады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет