Дәріс №1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу: мәні, негізгі сипаттамасы. Ғылыми іс-әрекеттегі зерттеу Дәріс жоспары



Pdf көрінісі
бет36/39
Дата25.09.2024
өлшемі0.54 Mb.
#504009
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Лекция (1)

4. Әдебиеттерді оқып үйрену 
 
Әдебиеттерді оқып үйрену кезінде зерттеуші тек оқу техникасын емес, 
сонымен бірге материалды жазу техникасына да көңіл аудару керек. 
Жұмыстың осы екі түрі бір-бірімен тығыз байланысты. Оқу түрлі жазу түрін 
де негіздейді 
Жүгірте оқу – әдебиеттерді оқып үйренудің тиімді тәсілдері. Соның 
нәтижесінде оқу мүмкіндігі едәуір кеңейеді.
Оқудың кез-келген тәсілінде жазудың қысқаша түсінік, жоспар, 
көшірме тәрізді түрлері қолданылуы мүмкін. Түсіндірмеде кітаптың немесе 
мақалалардың негізгі мазмұны мен мәндері көрсетіледі. Кітаптардағы немесе 
мақалалардағы негізгі қаралатын сұрақтарды белгілеу қажет болғанда 
жоспарды пайдаланады. 
Дәйектемелер мен жазбалар - зерттеушінің идеялары мен 
қорытындыларын негіздеуге және сыни талдау жасауға пайдаланылады. 
Сондықтан көшіру кезінде автордың ойын дұрыс меңгеріп, нақты 
материалдарды қатесіз жазған дұрыс. 
Тезистер - кітаптағы немесе мақаладағы негізгі тұжырымдардың, 
ойлардың, қорытындылардың жиынтығы. Оны автор немесе зерттеушінің 
пікірімен береді. 
Конспектілеу – әдебиетті терең және мұқият талдаудың құралы. 
Бүкіл кітапты немесе жекелеген тарауларды оқып болғаннан кейін 
процес барысында белгіленген тұстарды қайта қарап, аса маңызды тұстарды 
ерекшелеген жөн. Жазбаның қайталанбағанын назарға алу керек. Жұмыс 
осындай реттпен ұйымдастырылса, конспектілеу айтарлықтай жеңілденеді 
және жемісті болады. 
5. Ғылым тілі 
Ғылыми-зерттеу жұмысына кіріскен кезде, біріншіден ғалымдардың 
карым-қатынастарында қолданылатын ғылыми тілді құрған жөн. Ғылым тілі 


ерекше және ғылыммен бірге пайда болып дамиды, сонымен қатар әрбір 
нақты ғылымның ерекшеліктеріне байланысты.
Ғылымның объектісі болып объективті өмірдің әр түрлі жақтары мен 
құбылыстары табылады.
Ғылыми танымның тілі дегеніміз - қалыптасқан тіл, яғни алғашқы 
белгілер (алфавит және формула, дәлелдер құрудың логикалық-
семантикалық ережелері). Ғылыми тілдің ерекшелігін ескере отырып, 
келесідей екі жағдайды естен шығармаған жөн: біріншіден, ғылыми тілдің 
пайда болуының көзі мен шарты қарапайым тіл. Оның қолайлылығы мен 
әмбебаптығы ғылымның ұғымдық аппаратының дамуына мүмкіндік береді. 
Екіншіден, ғылыми тіл ғалымдар үшін үнемді әрі қолайлы, ол ең соңында 
қарапайым тілге аударылуы керек, өйткені ғылыми зерттеу нәтижелері 
ғылыми мәліметтерді пайдаланушылардың кең шеңберіне түсініксіз болып 
қалуы мүмкін. 
Ғылыми мәтін үшін мағыналы аяқталу, тұтастық және байланыстылық 
тән. 
Логикалық 
байланыстарды 
көрсетудің 
маңызды 
құралы 

байланыстардың арнайы фунционалды-синтаксистік құралдары.
Ой дамуының бірізділігін көрсету үшін: басында, бәрінен бұрын, содан 
кейін, біріншіден, екіншіден, олай болса, сонымен және т.б. сөздерді 
пайдалану керек. Қарама-қайшылықтар: дәл осы, осындай, аталған, 
көрсетілген және т.б. сөздермен беріледі; «Шындығында» немесе 
«дұрысында» деген сөз арқылы одан кейінгі сөздердің дәлелдеуді 
білдіретіндігін оқушы адам бірден түсінеді; «бір жағынан», «керісінше» 
сөздері оқушы адамды қарама-қайшылықты қабылауға дайындайды; 
«немесе» - түсіндіруді білдіреді; «қорғауға кірісейік» сөзі рубриканың 
кіріспесінің орнын баса алады. «Мысаладар келтіру», «талдаудың көрсетуі 
бойынша», «алынған мәліметтердің негізінде», «бұдан барып», сөздерін 
ойдың арасын байланыстыру үшін қолданады. Артықшылықты көрсету үшін 
«артықшылығы», «кемшілігі» сөздері қолданылады. 
Ғылыми прозаның ерекшелігі экпрессияның жоқ болуы. Анықталатын 
сөзге тән белгілерді констатациялау бағалаудың басым формасы. 
Сондықтан көптеген сын есімдер терминологияның бөлігі болып табылады. 
Кейбір сын есімдер есімдіктердің орнын басады. Мысалы, «келесідей» 
деген сын есім «мынандай» деген есімдіктің орнын басады, әдетте заттың 
тұрақты қасиетін көрсететін форма «қарастырылған мәселе» деп емес, 
«қарастырылатын мәселе» деп жазылады. Ғылыми сөйлеу қатаң логикалық 
бірізділікпен ерекшеленеді, ол күрделі аргументтерді пайдалану мен 
себеп-салдарлық катынастарды анықтауды талап етеді. 
Баяндаудың объективтілігі - жазбаша ғылыми тілдің негізгі стильді түрі 
болып табылады. 
Жазбаша ғылыми тілдің стилі жақсыз монолог болып табылады. 
Сондықтан да баяндау әдетте үшінші жақта жүреді. «Мен» сөзінің орнына 
«біз» сөзі қолданылады. 
Сілтемелер - материалды баяндау кезінде ғылыми жұмыстың авторы 
мәлімет көзіне сілтеме жасайды, бұл өзінің қорытындыларын не өзге ғылыми 


шығарманы сыни талдауын дәлелдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін цитата 
келтіріледі. Ғалымдар келтірген нақты фактілерге сілтеме келтіріледі. Мәтін 
ішіндегі сілтемелер негізгі мәтіннің бөлігі болып табылады және 
сілтеменің көп бөлігі негізгі мәтінге енген кезде қолданылады. Ғылыми 
жұмыстың негізгі мәтініндегі әдебиет көздерін бейнелеуге байланысты 
бірнеше тәсілдері бар. Осы мақсат үшін көбінесе әдебиет тізімінде 
көрсетілген мәлімет көзінің реттік нөмірі қолданылады. Ғылыми жұмыстың 
мәтінінде бұл нөмірлер жақшаға алынады. Мысалы. М.П.Ерастов (45). 
Сілтемелер беттің соңында жазылады және сілтемелер оқу 
барысында қажет болған жағдайда, мәтін ішіне оларды ендіру мүмкін 
болмаған жағдайда қолданылады. Сілтеме бет соңына қойылады, олар негізгі 
мәтіннен тұтас сызық арқылы ажыратылады. Сілтеме мен мәтінді 
байланыстыру үшін сілтеменің белгілері жұлдызша не сандар (арабша) 
арқылы көрсетіледі, Сілтеме белгісі автор ойы біткен жерге қойылады. 
Сілтемелер бірізділікпен нөмірленеді. Әрбір жаңа бетте сілтеме жаңадан 
басталады. 
Идея - көзқарастар, теориялар жүйесіндегі жағдайды анықтайды. 
Концепция - қандай да бір нәрсеге деген көзқарастардың жүйесі, 
зерттеудің мақсат, міндеттері анықталған кездегі негізгі ой және оны іске 
асырудың жолдары көрсетіледі. 
Кілттік сөздер - ғылыми құжаттың мазмұны немесе оның бөлімдерін 
толық және ерекше сипаттайтын сөздер мен сөзтіркестер. 
Ғылыми теория - шындықтың тікелей емес, идеалды бейнесін 
бейнелейтін абстрактылы ұғымдар мен пікірлердің жүйесі. 
Ғылыми баяндама - басылып шыққан немесе аудиторияда оқылатын 
ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструктивтік жұмыстарды баяндаудан 
тұратып ғылыми құжат. 
Принцип - қандай да бір теория, ілім немесе ғылымдағы негізгі, 
бастапқы жағдай. 
Теория – ілім, идеялар не принциптер жүйесі. Ғылымды не оның 
бөлімдерін құратын жалпыланған жағдайлардың жиынтығы. 
Ғылым тілі ретінде жасанды тілдер нәтижелі қолданылады. Жасанды 
тілде сөздер және олардың арасында толық сәйкестік болмайды. Бір ғана сөз 
бірнеше мағынаны беруі мүмкін. Ақпараттық-ізденіс жүйесінде ұғым 
терминдердің мағыналық мазмұны біржақты ғана сипатқа ие болуы керек, 
керісінше болған жағдайда олар өздерінің қызметтерін атқарудан қалады. 
Жасанды тіл қалыптасқан және онда көпмағыналы сөздер болмайды. 
Педагогикадағы ғылыми ұғымдарды жаңарту, анықтау үрдісі үздіксіз 
жүреді. Бүгінгі күні оның лексиконында бұрыннан қалыптасқан өзінің 
терминдері бар:
1) ветеран-терминдер, олар педагогикада ертеден мойындалған және 
жан-жақты теориялық, әдіснамалық, қолданбалы, тарихи бейнеге ие болған 
кұбылыстарды бейнелейді;


2) жаңа-терминдер - бұл педагогикалық процестер мен құбылыстар 
туралы ғылыми мәліметтердің шектелген қорын бейнелейтін жаңа 
терминдер. 
Ғылыми ұғымдар жүйесіндегі педагогикалық зерттеу нәтижелерін 
бейнелеу тәсілдерін қарастырайық. Тәсілдердің бірі: педагогикалық ғылым 
тіліне жаңа ұғымдар ендіру. Педагогикалық жаңалық фактісі айқын болған 
кезде оны белгілі бір терминмен белгілеу қажеттігі туындайды. Бастапқы 
кезеңде жұмыс терминдері таңдалады және ол сыналғаннан кейін өзінің 
эквиваленттілігін дәлелдейді, ол ғылыми сөздікке бекітіледі. 
Термин тілге ену үшін ол жаңа зерттеулермен байытылады. 
Педагогикалық құбылыстар мен процестердің анықтамасы, көлемі, мазмұны, 
спектрі анықталады. Педагогиканың ұғымдар қорын байыта отырып, оның 
теориясын байыту жиі бола бермейді. Ғалымдар ұсынған жаңа 
терминдердің кейбір бөліктері жалпы қабылданған педагогикалық 
лексиконның сыртында қалып қояды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет