Дәріс №13 аршу және үйінді жасау жұмыстары



бет1/2
Дата23.11.2023
өлшемі0.82 Mb.
#484288
  1   2
ДӘРІС 13


Дәріс № 13 АРШУ ЖӘНЕ ҮЙІНДІ ЖАСАУ ЖҰМЫСТАРЫ

Аршу жұмыстары кен сілемін жауып жатқан үстіңгі тау жыныстарынан тазартып, оған жол ашуға бағытталған. Аршу ісінің шамасы, яғни алынатын бос тау жыныстар көлемі кеннің жату тереңдігіне тікелей байланысты. Тереңдік артқан сайын аршу коэффициентінің мәні өсе береді. Бұл ашық кен қазу жұмыстарының қиындай түскені, яғни кен қазудың қымбаттай бастауының көрсеткіші. Аршу коэффициентінің мәні белгілі бір деңгейге кенішті ашық тәсілмен өндіру жерасты кен жұмысынан қымбатқа түседі. Кен қазудың техникалық жобасын ашық және жерасты жұмыстарының арақатынасын шектесу коэффициенті негізінде бағдарлайды.


Аршу жұмысы аяқталған кен сілемінің бөлігінде қазу жұмысы басталады. Аршу мен кен қазып алуда атқарылатын негізгі жұмыс үдерістері бірдей. Себебі кен сілемі және оның үстінде жатқан бос тау жыныстары, көбіне, бекемділігі әр түрлі негізгі тау жыныстарын бірақ қатты қия тас түрінде кездеседі. Ашық кен қазу әдісінің өндірістік жұмыс үдерістері - шыңтастардың ұсақтап қопсыту, ұсақталған жыныс массасын тиеу және тасымалдау жұмыстары. Осы жұмыстардың бәрі де өнімділігі жоғары қуатты жабдықтар және түрлі механизмдермен толық қамтамасыз етілген.
Ұңғыма бұрғылау. Қатты тау жыныстарын белгілі шамада ұсақтау үшін атылғыш заттар пайдаланылады. Карьерде ұңғымалық оқтамдарды жаппай аттыру түрі кеңінен өріс алған, ал шпурлермен (1) аттыру сирек қолданылады. Мұнымен қатар кенүңгірлік (миналық) оқтамдармен (3) ұсақтау әдісі арагідік қолданылады. Сондықтан да кен негізгі бұрғылау жұмысында әр түрлі диаметрлі ұңғыма тесуге бағытталған. Карьерде ұңғыма бұрғытісті (шарошка), айналсоқ, бұрмасоқ тәсілдерімен бұрғыланады. Ұңғымаларды отпен (термобұрғы) ұңғу тәсілі де қолданылады.
Металды кенді ұсатқанда кеңінен қолданылатын бұрғы- тісті бұрғылау тәсілі: 2 СБШ-200,2 СБШ-200Н, 2 СБШ-250, СБШ-250МН және СБШ 320 маркалы станоктар және олардың жақсартылған түрлері пайдаланылады.
Бұрмасоқ станоктары магмалы жыныстарды ұсақтарда жиі қолданылады. Бұл станоктар бұрғытісті бұрғылау қондырғыларына қарағанда әрі жеңіл, әрі құрылымдық конструкциялы тұрғыдан қарапайым келеді. Сондықтан да мұны тасымалдау оңай, әрі басқару онша қиындық тудырмайтындықтан онымен жұмыс жасау ыңғайлы. Бұл станоктармен көлбеу ұңғыма бұрғылауға да болады. Алайда, бұл станоктармен жарықшақты жыныстарды бұрғылау тиімсіз.
Ұңғыманы отпен тесу тау жынысын жоғары температурада қыздырып бұзуға негізделген. Мұнымен қатты кварц жыныстарын бұрғылағанда бұрғытісті және бұрмасоқ станоктарын қолданудан тиімді. Сондықтан да кварцты темір кенін отпен бұрғылау кеңінен қолдау тапты.
Ұңғыма тесудің ендігі бір тәсілі айналымды бұрғылау. Бұл бекемдігі орташа (f<10) және жұмсақ жыныстарды ұсақтарда қолданылады. Ұңғыма кенжарында (забойда) ұсақ жыныс түйіршіктерін тысқа шығарып тұратын шүмек орнатылғандықтан, кейде бұл шүмекті бұрғылау дейді. ТМД елдері өнеркәсібі жасайтын шүмекті бұрғы станогі мыналар: БСН, СБР-125, СБР-160, СБР-200 және СВБ-2М. Мұның ішінде кеңінен қолданылған СВБ-211 станогі.
Тиеу жұмыстары. Қопсытылған тау жыныстары дерлік экскаваторлармен тиеледі (3.4, 3.5-суреттер). Экскаваторлар бір шөмішті (а) және көп шөмішті (б) болып келеді. Бір шөмішті экскаваторларға механикалық тура және кері шөмішті, сондай-ақ драглайын (ә) экскаваторлары аршу кен қазу және үйінді жұмыстарында қолданылады (3.4-сурет). Жұмсақ жыныстар алдын ала қопсытусыз-ақ экскаватор шөмішімен алынып тиеледі. Әдетте, экскаватор кертпеш қанатынан - кенжардан (3.2-сурет, 6) бастап немесе оның орта тұсында тұрып кертпештен қайталап ену тәсілімен жұмыс атқарады.



3.4-сурет. Карьер экскаваторының қолданысы: а - механикалық күректі; ә - арқандық шөмішті (драглайн ); б — шынжырлық көпшөмішті; в - роторлық


экскаватор

Драглайн көбіне аршу жұмысында пайдаланылады. Шөміш сыйымдылығы 4-тен 100 м3 драглайн жынысты 40-100 м қашықтыққа төге береді.


Көп шөмішті экскаваторлар (б) жұмыс жабдықтарына қарай шынжырлы және роторлы (в) болып бөлінеді. Шынжырлы көп шөмішті экскаватор кертпешті бойлай жүріп жұмыс атқарады. Шөміштерінің сыйымдылығына қарай: шағын қуатты (шөміш сыйымдылығы - 0,3 м ); орташа қуатты (0,6 м3 дейін); қуатты (1,0 м3 дейін) және өте қуатты (1,0 м3-ден көп) болып бөлінеді. Карьерде қол- данылатын орташа және қуатты экскаваторлар рельс бойымен жылжиды. Ал қуаты шағын, шөмішті жылан- бауыр экскаваторлар құм қазу және қосалқы кен жұмыстарында қолданылады. Өнімділігі жоғары болғанмен шынжырлы экскаваторлар жыныстардың фнзика-механикалық қасиеттерін талғайды, әрі ауа райының барлық жағдайында жұмыс істеуі қиынға соғады. Осыған байланысты экскаваторлардың бұл түрі кен қазуда кеңінен қолдау тапқан жоқ.



3.5-сурет. Карьер экскаватпорлары: а - біршөмішті; ә - шынжырлы көпшөмішті; б - роторлы экскаватор




Кен өндірісінде кеңінен қолданып кеткен көп шөмішті роторлы экскаваторлардың жұмысшы мүшесі деп саналатын днаметрі 18 м-ден 25 м-ге дейін жететін ротор дөңгелегіне әрқайсысының сыйымдылығы 0,04-ке тең 6-12 шөміш бекітіледі. Бір шөміштің көлемі - 4 м3. Ротор дөңгелегі айналган кезде ондағы әр шөміш жынысты қырши алып отырады. Роторлы экскаваторлар бекемділігі орташа және жұмсақ бос тау - жынысын аршу үшін және бекемділігі сондай болатын кенді, көбіне көмірді қазып алуға пайдаланылады. Мұндайда оның өнімділігі шөміш сыйымдылығы және оның санына байланысты, сағатына 3000-20000 м3 жетеді.

3.6-сурет. Карьер жабдықтары: а - өзітүсіргі; ә - жартылай тіркемелі автокөліктер; б — СБШ тектес бұргы станогі; в — ұсақтағыш қырғыш ( бульдозер )


ТМД елдерінеде ортақ өнеркәсіп роторлы экскаватордың бірнеше түрін (РГ-400Д, ЭРШР-52250, т.б.) шығарады. Мәселен, Екібастұзда роторлы экскаватордың бірнеше түрі қолданылады.


Тау жынысын уату және тасымалдау құралдары. Кенді ашық тәсілмен қазып алуда тасымалдау үдерісі барлық кен қазу ісінің пәрменділігіне ықпал етеді. Карьерде қолданылатын барлық механизмдер мен жабдықтардың іс нәтижесі тасымалдау құралдарды таңдап алып, еңбекті дұрыс ұйымдастыруға тікелей байланысты. Карьердің басты көлік түрі: теміржол, автомобиль және конвейер. Тасымалдаудың арқанды және гидравликалық (су) түрі сирек қолданылады. Ашық кен қазу жњмыстарында бос тау жынысын жылжыта төгу үшін үйінді - көлік көпір, кертпеиіті (консоль) үйінді жасағыштар да пайдаланылады. Соңғы кезде бірнеше тасымалдық жабдықтарынан тұратын тасудың құрамды түрі де қолданыла бастады.
Қазылған бос жыныстарды теміржолмен тасымалдау ірі карьерлерде кеңінен қолданылады. Теміржол көлігі жеке өзі және басқа тасымалдық құралдар түрімен ара лас қолданыла береді. Бұл үшін тіркемелі электровоздар кеңінен пайдаланылады. Кейінгі кезде карьерде тепловоздар да іске қосылды.
Жүк көтергіштігі 27, 40, 75, әсіресе, 100 тоннадан асатын алып самосвалдардың өндіріске енгізілуіне байланысты карьердің тасымалдық жұмысына автокөлікті қолдануға жаңа бағыт берді. Бұрын автокөлікті шағын және орта қуаты карьерлерде пайдаланушы еді. Қазір КрАЗ, әсіресе, БелАЗ текті алып автосамосвалдар карьердің басты көлігіне айналды. Мұнымен қатар тау жыныстарын тасу үшін тіркемелі, жартылай тіркемелі дөңгелекті және трактор тартқыларын (тягачтар) да пайдаланады. Тіркемелі сүйреткіш автопойызбен жыныс тасу үшін МАЗ-529 және БелАЗ-540 машиналары қолданылады.
Жер қойнауының тұрақты, яғни қиятасты жынысы деп дараланатын бос тау жыныстары мен металдық кендер (бейкендер) көбіне атылғыш заттар (а.з.) уатылып барып карьер көлігіне тиеліп тасылады. Ол үшін карьер кемерлері көбіне СБШ тәрізді қашаутісті (шарошты) бұрғы станоктарымен ұңғымалар бұрғыланып, сосын ол а.з. толтырылып атылады. Уатылған тау жынысы (кен) 3.4, а және 3.5, а суреттерінде көрсетілгендей біршөмішті ЭКГ тектес шөмішінің сыйымдылығы 3-5 м3 болатын экскаваторлармен тиеледі. Кемердегі шашылған кен тастарын жинақтау және жол ашу тәрізді операциялар бульдозер-қопарғыш жабдықтарын қолданып іске асы- рады.
Ашық кен жұмыстарында конвейер көліктері де кеңінен қолданылады. Электр энергиясын аз мөлшерде жұмсайтын, әрі толассыз тасымалдаудың бұл түрі көлбеу бұрышы 18° аспайтын жағдайда жұмыс істейді. Таспалы конвейер көлігін аршу жұмысында қолдану пәрменді. Кен жұмысының өсуіне байланысты және кен қазу тереңдігі артқан сайын тасымалдау жұмыстарында да конвейерді пайдалану кең өріс алып келеді.
Жұмсақ және сусымалы кенбайлықты қазуда ашық кен жұмыстық негізгі кен-көліктік жабдықтары ретінде сырмалар мен бульдозерлер қырғыштары қолданылады. Олар жұмыс түріне қарай ерекшеленеді. Мәселен, сырманың жұмысшы шөміші, ал бульдозердің қырғыш- тісі жұмыс кезінде үстіңгі қыртысы қырнай сырып апарып төгеді, тасымалдайды. Сондықтан да бұларды жер- қазғыш-тасымалдаушы машиналар тобына жатқызады.
Үйінді жұмыстары. Кен қазудың ашық тәсілін қолданғанда алдымен кен сілемін жауып жатқан бос тау жыныстары алынады. Аршу кезінде алынған бос тау жыныстары арнаулы жерге жеткізіліп, белгілі тәртіппен төгіліп орналастырылады, яғни үйінді жасалынады. Сондықтан да аршу ісі мен үйінді жұмыстары байланыстырыла атқарылады. Мәселен көмір тіліктерінде де 1 м3 аршу жынысының өзіндік құнының 12-15%, ал темір кеннің 1 т қазу құнының 15%-і үйінді жұмыстарына тиеді. Жалпы ашық кен жұмыстары бойынша аршу шығынының 20-30%-ы үйінді жұмыстарына жұмсалады. Себебі, аршылатын бос тау жыныстарының көлемі қазылатын кеннен әлденеше есе асып түседі. Металды карьерлерде жыл сайын атқарылатын үйінді жұмыстар көлемі ондаған, мындаған, жүздеген миллион текше метрге жетуі осыдан. Сондықтан да карьердің техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту шаралары қарастырылғанда үйінді жасаудың технологиялық кешенін таңдау ерекше маңызға ие болады.



3.7-сурет.Үйінді жасау бағыты: а - параллелъдік; ә -жайпақ; б - алқа-қотанды


Үйінді жасау кешендеріне аршу жыныстарын тасып жеткізу, төгілген жынысты жаймалау және бұған теміржол көлігін пайдаланғанда жол торабын (рельсті) аударып салып отыру үдерістері кіреді. Сөйтіп, үйінді жұмыстары оны жасау технологиялық кешендерінің операциялық жиынтығынан тұрады.


Орналастыру ретіне қарай үйінді ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі үйінді карьер нұсқасының ішінде, кені алынған бос кеңістікке тау жыныстарын төгу арқылы жасалынады. Егер аршудан алынған жыныстардың карьер нұсқасының сыртында жатқан арнаулы жерге жеткізіліп, жайғастырылар болса, онда мұны сыртқы үйінді деп атайды.



3.8-сурет. Экскаваторлық үйінді


Ішкі үйіндіні жасау экономикалық тұрғыдан тиімді болғанымен, көп жағдайда оған мүмкіндік болмай қалады. Жайпақ, жазық кен сілемдерін қазатын ірі карьерде аршылатын бос тау жыныстары жұмсақ болып келсе, онда аршу ісіне көп шөмішті экскаваторларды пайдаланып, бос тау жыныстары жыланбауыр немесе рельспен жылжитын екі таянышты көпірмен ішкі үйіндіге төгіледі. Мұндай көпір таянышының арақашықтығы 300- 350 м-ге жетеді, ал өнімділігі сағатына 500-3500 м2 болады.


Сыртқы үйінді жер бедеріне қарай карьерге таяу жерге орналастырылады. Мұндайда шатқал, құз, терең, сай, тау бөктерін пайдалану тиімді. Себебі ылдиға қарай бос тау жыныстарын тасымалдау көлік шығынын азайтуға себебін тигізеді. Ашық кен өндіру практикасында үйінді жасаудың үш түрлі сызбасы қолданылады (3.7-сурет). Олар: тарауық (веерлі) (ә), параллелъді (а), қисық сызық ты немесе қотанды (б). Параллельдік, тарауық сызба түрі қолданылғанда үйінді жасау барысында жұмыс қанаты бірте-бірте тарыла береді. Бұған керісінше, қисық сызықты үйінді жасау сызбасы пайдаланылғанда үйінді жасау дами келе ауқымы ұлғайып, өрісі кеңейіп алқа-қотанды үйіндіге айналады.
Қолданылатын кен жабдықтарына қарай үйінді соқалық, экскаваторлық және бульдозерлік болып бөлінеді. Бұлардың қатарына гидромеханикалық үйіндіні де қосуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет