Дәріс 14. Ағаш элементтерінің қосылуы. Қосылыстардың негізгі түрлері, бөлу принципі



бет2/2
Дата05.12.2023
өлшемі470.5 Kb.
#485529
1   2
Лекция 14 2

Сыналар механикалық жұмысшы қосылыстардың ең көп таралған түрі болып табылады. Сына деп ағаш элементтерін өзара қозғалуын болтыртпау үшін қолданылатын иілетін сырықты айтады.
Сыналар цилиндрлік және пластиналы болып бөлінеді (сурет 15,3). Цилиндрлік сыналар - олар тұтас немесе бос қималы сырықтар (болттар, шегелер, бұранда және т.б.). Оларды болаттан, пластмассадан және қатты ағаш түрінен жасайды (қайың, емен). Сыналы қосылыстар қозғалуға жұмыс істейді (сыналар майысады, ал қатынасатын ағаш мыжылады).



Сурет 15,3. Сына арқылы қосу.
а- сынанның жұмыс істеу сұлбасы; б- сына түрлері; в- сына қосылыстары.
Цилиндрлік сыналарды алдын ала тесілген ұяларына орнатады. Ұя диаметрі сына диаметріне тең немесе кішірек етіп алады. Екі немесе үш брусты қосу үшін пластиналы сыналарды қолданады, оларды арнайы дайындалған ұяларға орнатады (сурет 15,4). Сыналардың және ұяларының өлшемдерін, орнату араларын нормалар бойынша қабылдау қажет. Пластиналардағы талшықтар бағыты қосылатын жазықтыққа перпендикуляр бағытта болу керек. Сына орнату түзу немесе шахмат бағытта болуы мүмкін.


Сурет15,4. Пластиналы сына арқылы қосу.


Шегелер де сына сияқты қозғалуға қарсылық ету үшін жұмыс істейді. Шеге диаметрі 6мм-ден аспайды, сондықтан олардың көтергіштігі күш бағытына және талшықтардың бағытына байланысты болмайды.
Шеге өстері араларының минималды шамасы 15dгв болу керек. Орналасу бағыты түзу, қисық немесе шахматты түрде болуы мүмкін.
Шегелер сыналарға қарағанда тығыз байланыс береді. Ең басты кемшілік- ұзақ жүктеме салдарынан орнына ауысады.


Сурет 15,5. Шеге жұмысы ерекшелігі.

lвыд= lгв- δ-2-1,5dгв


(4.7)



dгв–шеге диаметрі
lгв –ұзындығы.


Металлды темір пластинкалар (МЗП), 1-2мм цинктелген болаттан жасалған жазық бетті, бір жағында әртүрлі ұзындықты тістері бар пластиналарды айтады. Оларды элементтің екі жағынан қояды (сурет 15,6). Орнату арнайы пресстеу құрылғысымен жүргізіледі.


Сурет 15,6. МЗП арқылы қосу.
МЗП-мен қосылған конструкциялардың көтергіштігін ұялардағы ағаштың мыжылуы немесе тістердің майысу дәрежесіне қарап сынайды. Керегелі конструкцияларда қолданыс тапқан.

Желімдеу арқылы қосу қосылыстың ең тиімді және ең прогрессивті түрі болып табылады (сурет 15,7). Оның арқасында әртүрлі формалы желімделген конструкцияларды алуға болады (арқалық, аркалар, рамалар). Конструкцияларды жұқа ағаш материалдарды және фанераны желімдеу арқылы алады. Суға төзімді синтетикалық желімдерді қолданады (фенолды, фенол-резоцинді). Желімделген ағаш конструкцияларды зауыттарда дайындап құрылыс алаңына полиэтиленді қаптарға оралған күйде әкеледі.


Сурет 15,7. Зауыдта жасалған желімді қосылыстар.


Кертіктер деп қысылған элементтің басқа элементпен әсерлесуі ешқандай қосымша құрылғысыз жүретін қосылыс. 
Сурет 15,8. Маңдайлы кертік.
Керегелі конструкциялардың түйіндерінде қолданады (фермалар, мұнаралар)(сурет 15,8). Жаншылуды болдырмау үшін қосымша байланыстырғыштарды орнатады – болттар, қамыттар, топсалар. Бұл байланыстырғыштар тек қана тістің жаншылуы кезінде жұмыс істеп созылған жақты уақытша ұстап қалуы қажет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет