ДӘРІС №16
Тақырыбы: Алдыңғы дөңгелекті реттеу диагностикадан өткізу.
Теориялық мәлңметтер
Тұтқамен басқарудың техникалық жағдайы, алдыңғы дөңгелектерді орнату бұрыштары және қозғалыс қауіпсіздігі
Пайдалану барысында тұтқамен басқару бөлшектері тозады, олардың кейбіреулерінің жақтауға бекітілуі бұзылады, деформация – геометриялық пішінінің қисаюы жүреді.
Тұтқамен басқару бөлшектерінің тозу жоғарылығы, уақытында майланбау, тұрған жерінде дөңгелектерін жиі бұру, ауыр зардап әкелетін ЖКО тудыратын жаман жолдарда жоғарғы жылдамдықпен, уақытылы немесе дұрыс жөндеместен жүргізу салдары.
Бөлшектердің тозу және дұрыс жөнделмеу нәтижесінде тұтқамен басқаруда үйкеліс күшінің шамасы өзгереді. Осы тұтқа дөңгелегіндегі күш шамасы (ілінген алдыңғы дөңгелектерде) 30-80 бастап 150-200 Н дейін өсуі мүмкін. Бұрамдықтың тіркесуін дұрыс келтірмеу үйкеліс күшін 0,3-0,4 Н-ға, бұрамдық мойынтіректерін дұрыс орналастырмау 0,2-0,3 Н-ға, тұтқа тартымының шарнирлерін тарту 0,4-0,5 Н-ға және төлкелердегі шүберенді тығыз орнату 0,3-1,0 Н-ға ұлғайтуы мүмкін.
Тұтқа дөңгелегінің жалпы люфтын оның құраушы элементтері бойынша таратуда келесі: тартым шарнирлары бөлшектерінің тозуы люфты - 4º-қа, көл-денең тұтқа тартымының серіппесінің сынуы - 10-20º -қа, бұрылыс иінтірегінің босауы - 10-15º-қа, шүберен мен оның төлкесінің тозуы 3-4º-қа ұлғайтады.
Басқарылатын дөңгелектерді дұрыс орнату: тік сызықты қозғалыста дөңгелектердің тұрақтылығын; бұрылуға кететін күштің азаюын, шиналардың тозу жылдамдығын азайтуды; отын шығынын төмендетуді қамтамасыз ететіні белгілі.
Е дөңгелектерінің түйіспелігі - бұл, горизонталь жазықтықта өлшеп алын-ған, екі дөңгелектің де «тік» күйде болған кезінде олардың центрі арқылы өтетін С және D ара қашықтығының айырмасы (3.1-суретті қар.). Дөңгелектер-дің түйіспелігін дөңгелектерге жүксіз және 30 кгс дейін жүкпен өлшейді.
Алдыңғы дөңгелектерінің түйіспелік бұрышының шамасы автомобиль маркасына қарай 0 –ден 1º дейін құбылады. Дөңгелектердің оптималдық түйіспелігі олардың дұрыс тербелуін және шиналардың минимум тозуын қамтамасыз етеді.
3.1-сурет – Түйіспелікті өлшеу сұлбасы (үстіңгі көрінісі)
Шина бұжыр табанының сыртқы жағының ұлғайған тозуы дөңгелектердің шектен тыс түйіспелігін көрсетеді; керісінше, бұжыр табанының ішкі жағының тозуы алдыңғы дөңгелектердің жеткіліксіз түйіспелігінің куәсі, КИ-650, И-401, И-402 сызғышы, сондай-ақ КИ-4872 роликтік динамикалық текше қолданылады.
Дөңгелектің протекторының тозуын диагностикалау.
1.Автокөлікті тегіс жерге орналастырып, қозғалтқышты өшіру.
2.Алдыңды дөңгелектерді шешіп алу.
3. Шиналадың протекторның тозуын өлшеу.
Тозу түрлері.
Покрышканың екі шеті тозған
|
Қысымы төмен
|
Шина қысымын қалыпты жағдайға келтіру.
|
Тозу доңгелектің ортасында
|
Қысымы жоғары
|
Трещины
|
Қысымы төмен
|
Тозу бір жағында
|
Нарушена установка поперечного наклона оси поворота
|
Дөңгелектерді дұрыстап орнату
|
Қиғаш тозу
|
Нарушена установка схождения колес
|
Реттеу
|
Износ пятнами
|
Дөңгелек балансировкадан өтпеген
|
Отбалансировать колесо
|
Достарыңызбен бөлісу: |