Дәріс №5. Функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері



Дата22.12.2023
өлшемі18.16 Kb.
#487597
Дәріс №5 (1)


Дәріс №5. Функционалды-мағыналық сөйлеу түрлері
Танымның эмпирикалық (қарапайым) және теориялық деңгейлері мәтіннің арнайы ерекшеліктерін көрсетеді. Ең алдымен, олар фактілерді белгілеп тіркеуші типінде және дәлелдеуші типінде болуы мүмкін. Бұл типтердің әрқайсысы мәтінде әр түрлі тілдік формада немесе мазмұндау тәсілінде жүзеге асады. Фактілерді тіркеуші мәтіндерде мазмұндау тәсілдері суреттеу, баяндау (мінездеме-суреттеу, хабарлама-баяндау). Дәлелдеуші мәтіндерде мазмұндау тәсілдері-пайымдау (анықтама-түсіндіру, қорытынды-пайымдау). Бұл мәтіндердегі мазмұндау тәсілдерінің негізгі үш түрі: суреттеу, баяндау, пайымдау.
Сөйлеудің функционалдық-мағыналық типін қатысым моделі деп те айтуға болады. Мәтіннің түзілу тәсілін анықтауда алдымен қатысым моделі таңдалады, яғни сөйлеу актінің маңызды белгілері ескерілуі, себебі олардың жинақтығы модельді қалыптастырады.
Сөйлеу актінің маңызды белгілеріне мыналар жатады:

  1. Қатысымды мақсат ету;

  2. Қатысымның пәні (мазмұны);

  3. Қатысым жүзеге асатын жағдайдың белгілері;

  4. Қатысымға қатысатындарға әлеуметтік мінездеме.

Осы белгілердің жиынтығы тілдесу жағдайының жүйесін жасайды. Ал тілдесу жағдайының типі қатысымның нақты моделін анықтайды. Әрбір тілдесу жағдайы типінің шеңберінде олардың мәтінде жүзеге асуының стандартты формасы қалыптасады. Тілдесудің қалыпты көшірмесі пайда болады. Ол өз ретінде мәтіннің тілдік ұйымдастырылу нормасында бейнеленеді.
Мәтін белгілі бір қатысымдық міндетті орындауға көмектесетін форманың сипатына ие болады. Мәтін стандартқа сәйкес болған сайын, оның белгілері айқынырақ көрінеді, формасы да алдын ала болжанады. Демек, мәтіндегі мазмұндау типін авторлық интенция, мақсат анықтайды, ал мәтін типін яғни тілдік форманы анықтайды.
Сонымен, мәтін белгілі бір қатыстық интенцияны (мақсат-міндетті) жүзеге асырады:

  1. Хабарлау (суреттеу);

  2. Әңгімелеу, бейнелеу (баяндау);

  3. Салыстыру, резюме жасау, қорытындылау (анықтама, түсіндіру);

  4. Негіздеу, дәлелдеу, жоққа шығару, әшкерелеу (аргумент келтіру, пайымдау);

  5. Өтіну, бұйыру (нұсқаулық);

Мәтіннің мақсатын сәйкес тұтас мәтіннің немесе оның үзіндісінің мазмұнын баяндау тәсілі туралы айтуға болады. (Мысалы, математикада-пайымдау, ботаникада-суреттеу, тарихта-баяндау). Кез-келген мәтінде түрлі мазмұндау тәсілдері аралас келеді. Мәтінде мазмұндау тәсілінің тек бір формасы ғана басымырақ қолданылады.
Тілдің функционалдық-мағыналық типі мәтін шеңберінде ойлау мен қатысымның категориясына сәйкес келеді.
Суреттеу заттың белгілерін, қасиеттерін санамалайды; баяндау-оқиғаларды өту мезгіліне сәйкес әңгімелейді; пайымдау-құбылысты немесе затты зерттеу олардың ішкі қасиеттерін ашу, белгілі бір жағдайларды дәлелдеу; нұсқаулық іс-әрекетке кеңес беру;
Функционалдық-мағыналық сөйлеу типін анықтаудың негізгі өлшемі – ондағы логика-мағыналық қағида мен функционалдық-синтаксистік белгілердің арақатынасын есептеу. Функционалдық мағыналық сөйлеу типін қалыптастыру мен мүшеленуін ажыратуда мәтіннің ремалық сыңарларының сипаты үлкен рөл атқарады. Мәтін типін реманың формасы мен қызметі қалыптастырады.
Г.А.Золотова заттық ремалық тректі, сапалық, статикалық-динамикалық, импессивтік, статикалық, акционалдық деп функционалдық-мағыналық сөйлеу типтерін топтастырады.
Суреттеу құрылымы. Суреттеу табиғат құбылыстарын, заттарды, кейіпкерлерді, айналаны, экспериментті, машина детальдарын және т.б.сипаттау үшін қолданылады. Суреттеудің кең таралған түрі – сапалық немесе заттық ремалар. Мұндай суреттеулерде қозғалыс жоқ, көбіне жай ғана сипаттаудан тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет