Дәріс 1.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жоспар: 2. Бұлттық есептеулердің негізгі ұғымдары мен ерекшеліктері Негізгі түсініктер: бұлтты есептеулер, бұлты сервистер, бұлтты серверлер Бұлт – компьютерлік ресурстарға қол жеткізудің жаңа моделі. Бұлттық есептеулер ұғымы Джозеф Карл Робнет Ликлайдермен (J.C.R.Licklider) 1970 жылы, ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) әзірлеуге жауапты болған кезінде енгізілген болатын. Ликлайдер идеясы бойынша әрбір адам желіге деректерді алу үшін ғана емес, сонымен қатар программалар жүктеуге қабілетті болатынына негізделген еді. Басқа ғалым Джон Маккарти (JohnMcCarthy) есептеуіш қуаттар пайдаланушыларға қызмет (сервис) ретінде ұсынылатынын айтқан болатын. - Бұлт – компьютерлік ресурстарға қол жеткізудің жаңа моделі. Бұлттық есептеулер ұғымы Джозеф Карл Робнет Ликлайдермен (J.C.R.Licklider) 1970 жылы, ARPANET (Advanced Research Projects Agency Network) әзірлеуге жауапты болған кезінде енгізілген болатын. Ликлайдер идеясы бойынша әрбір адам желіге деректерді алу үшін ғана емес, сонымен қатар программалар жүктеуге қабілетті болатынына негізделген еді. Басқа ғалым Джон Маккарти (JohnMcCarthy) есептеуіш қуаттар пайдаланушыларға қызмет (сервис) ретінде ұсынылатынын айтқан болатын.
Осы ретте бұлтты технологиялардың дамуы 90-шы жылдарға дейін тоқтатылды. Оның дамуына бірқатар факторлар ықпал етті: • Интернет желісінің қарқынды дамуы, атап айтқанда өткізу қабілеті. Дегенмен 90-жылдардың басында бұлтты технологиялардың жаһандық серпіні болған жоқ, алайда Интернеттің өзінің "жеделдету" фактісі технологияның тезірек дамуына түрткі болды. • 1999 жылы өз қосымшасына сайт арқылы қол жеткізуді жүзеге асырған Salesforce.com компаниясы пайда болды. Бұл компания "сервис түріндегі программалық қамтама" (SaaS) қағидасымен өз программалық қамтамасын ұсынған компаниялардың біріншісі болды.
Достарыңызбен бөлісу: |