Дәріс. Диэлектриктер Диэлектрлік материалдардың жіктелуі



бет1/4
Дата31.10.2022
өлшемі21.03 Kb.
#463712
  1   2   3   4
Лекция 3 Диэлектриктер


2 дәріс.  Диэлектриктер
2.1 Диэлектрлік материалдардың жіктелуі
Қолдану аймағы бойынша барлық диэлектрлік материалдарды электр изоляциялаушыға және электр конденсаторларындағы диэлектриктерге бөлуге болады.
Біріншілері электр қондырғыларының ток жүргізетін бөліктерін қоршайтын және әртүрлі электрлік потенциалдары бар бөліктерді бір-бірінен бөлетін электрлік изоляцияны жасауда қолданылады.
Екіншілері конденсатордың электрлік сиымдылығының белгілі мәнін қамтамасыз ету үшін, кейбір жағдайларда, бұл сиымдылықтың температураға және басқа факторларға тәуелділіктің белгілі түрін қамтамасыздандыру үшін қолданылады.
Электрлік қасиеттерін басқару мүмкіндігі бойынша диэлектрлік материалдарды тұрақты қасиеттері бар пассивті және активтіге бөледі (сегнетоэлектриктер, пьезоэлектриктер, пироэлектриктер, электреттер және т.б.).
Диэлектрлік материалдар агрегаттық күйі бойынша газ тәрізді, сұйық және қаттыларға бөлінеді. Ерекше топқа қатаятын материалдарды бөліп тастауға болады. Булар бастапқы күйінде сұйықтықтарға жатады, одан кейін қатаяды да пайдалану кезінде дайын күйінде қатты денелерге айналады (лактар және компаундтар).
Химиялық табиғатына сәйкес диэлектриктердің барлығы органикалық және бейорганикалыққа бөлінеді. Органикалық заттар ролін көміртек қосылыстары атқарады. Олардың құрамында, әдетте, сутек, оттек, азот, галогендер немесе басқа элементтер болады. Қалған заттар бейорганикалық деп саналады; олардың көбісінің құрамында кремний, алюминий және басқа металдар, оттек және т.б. болады.
2.2. Диэлектриктердің полярлануы
Бос электрлік зарядтары бар немесе жоқ болуына тәуелсіз кез келген затта әрқашан байланысқан зарядтар болады: атомдар қауыздарының электрондары, атомдық ядролар, иондар. Сыртқы электр өрісінің әсерінен диэлектриктің байланысқан зарядтары тепе-теңдік күйлерінен ығысады: оң зарядталғандары - өріс кернеуі (Е) векторы бағытында, теріс зарядталғандары – кері бағытта.
Нәтижесінде диэлектриктің әрбір элементарлы көлемі (dV) индуцирленген электрлік моментке (dp) ие болады.
Диэлектрикте индуцирленген электрлік моменттің (p) түзілуі полярлану құбылысына жатады. Сапалы жағынан диэлектрик полярлануының қарқындылығы полярлылықпен (Р) анықталады (dV ):
.
Полярлану – векторлы шама: оның бағыты электрлік момент бағытымен беттеседі – теріс зарядтан оң зарядқа. Электрлік момент [Кл×м], ал көлем - [м3] өлшенеді, полярлану модулінің бірлігі - [Кл/м2].
Полярланудың бірнеше түрі бар: электрондық, иондық, дипольдік және миграциялық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет