Дәріс 2. Жер пішіні жəне оның өлшемдері туралы жалпы түсінік
Жердің жалпы пішіні үшін, ойша материктер астынан жүргізілген, тыныш жағдайдағы мұхит деңгейінің бетін (жазықтығын) түсінеміз. Мұндай жазықтықты деңгей бет деп атайды да, осы жазықтықтан құралған денені геоид дейді. Геоид біздің түсінігіміздегі математикалық пішіндердің ешқайсысымен дəл келмейді, бірақ оның бір жетістігі (қасиеті) бар, ол – өзінің кез келген нүктесінде, осы нүкте арқылы түсірілген тіктеуіш сызыққа перпендикуляр болады.
Геодезияда көптеген инженерлік есептерді шығаруда, геоид бетін эллипсоидтың айналуынан пайда болатын (жердің кіші осі айналасында) бет ретінде қабылдайды. Жер денесі ішінде, эллипсоид белгілі шамаларымен анықтала орналасып, геоид пішініне барынша жақындай түседі де, оны референц-эллипсоид деп атайды. Жер эллипсоиды келесі шамалармен өрнектеледі: а – үлкен жарты ось; в – кіші жарты ось жəне a – полярлық қысылым ( a a − b α = ).
Жер эллипсоидының шамалары соңғы рет, үлкен дəлдікпен Ресей ғалымдары Ф. Н. Красовский, А. А. Изотовтардың басқаруымен астрономо-геодезиялық жəне гравиметриялық бақылау негізінде 1942 жылы анықталған. Осы ізденіс жұмыстарының нəтижесінде а=6 378 245 м: в=6 356 863 м; a=1:298,3. Жер эллипсоидының қысыңқылығына қарап, үлкен дəлдікті керек етпейтін жұмыстарда, Жер пішінін радиусы 6371,11 метр шар ретінде қабылдауға болады.
Жалпы Мемлекеттік тірек торлары
Кеңістікте (жер бетінде) пландық жəне биіктік орналасулары геодезиялық жолмен анықталып, тірек қосындарынан тұратын, кең байтақ еліміздің барлық территориясын қамтитын геодезиялық торлар – Мемлекеттік геодезиялық торды құрайды. Бұл Мемлекеттік геодезиялық тор пландық жəне биіктік болып екіге бөлінеді.
Пландық геодезиялық торлар триангуляция, трилатератция, полигонометрия жəне осы əдістердің құрама түрлерімен құрылады.
Биіктік геодезиялық торлар геометриялық нивелирлеу əдісімен құрылып, Мемлекеттік нивелирлік торды құрайды. Пландық жəне биіктік торлар дəлдігіне байланысты төрт класқа бөлінеді.
Тригонометриялық формулаларды пайдаланып АС жəне ВС қабырғаларының ұзындықтарын есептейді. ВС қабырғасының ұзындығы, іргелес ішкі бұрыштары өлшенетін ВСД үшбұрышын 8 шешуде қолданылуы мүмкін. Соңында, үшбұрыштар тізбегінің барлығы математикалық өңдеуден өтеді.
ТМД елдерінің барлық территорияларын қамтитын Мемлекеттік триангуляциялық тор төрт класқа бөлінеді.
1-класты триангуляциялық тор Жердің пішінін жəне өлшемдерін анықтау, ғылыми жұмыстар жəне кең байтақ территориямызда бірыңғай координаталар жүйесін дамыту үшін құрылады да, келесі деңгейдегі триангуляциялық торлар класын құрудың негізі болып есептеледі. Геодезиялық тор периметрі 800-1000 шақырымдық полигон, пішіні үшбұрышты немесе полигонометриялық тізбектер ретінде мүмкіндігінше меридиандар мен параллельдердің ұзынабойымен құрылады. Тізбектер ішіндегі қабырғалар ұзындығы 20 шқ кем болмауы керек.
2-класты триангуляциялық тор 1-класты триангуляциялық полигондар ішін толтыратын үшбұрышты, тізбек торлардан тұрады. 2-класты триангуляция тор қабырғаларының ұзындықтары 7 – 20 шқ дейін болуы мүмкін. 2-класстық триангуляциялық торлар 3 жəне 4-класты торларды құруға негіз болады.
3 жəне 4 класты триангуляция тор қабырғаларының ұзындықтары ретімен 5-8 шқ жəне 2-5 шқ болып келетін торлар тізбегін құрайды да, өзінен дəлдігі жоғары триангуляциялық тор қосындарымен түйісіп жатады. Құрылыс орындарында, өндіріс жəне ірі гидроқұрылымдардың алаңдарында құрылатын триангуляциялық торларды құрудың əртүрлі тəсімдері болуы мүмкін, ал олардың қабырға ұзындықтары 0,5-5 шақырымнан аспайтын тізбектерден тұрады.
Трилатерация – триангуляциялық əдістермен құрылады да, өзгешелігі – олардың бұрыштары емес, əр үшбұрыштың барлық қабырғаларының ұзындықтары жоғары дəлдікті арақашықтық өлшегіштермен (сəуле, лазерлік, радио-қашықтық өлшегіштер) өлшенеді.
Полигонометрия əдісінде, геодезиялық торларды қисық сызықты жүрістермен құрады да, оны полигонометриялық жүріс деп атайды. Полигонометриялық жүрістерде қабырғаларының ұзындықтарын жəне жүріс бағытымен бұрыштарын өлшейді.
I жəне II класты нивелирлік торлар топографиялық түсірістер мен инженерлік-геодезиялық жұмыстардың негізі болып есептеледі. I класты нивелирлік торды темір жəне автомобильдік 9 жолдар бойымен тұйық полигон немесе жеке жүрістер ретінде құрады. II класты нивелирлік торды, I класты торлардың қосындары арасында жүргізеді, ал олар болмаған жағдайда жеке жүріс ретінде құрады.
III класты нивелирлеу, I жəне II класты Мемлекеттік торды дамыту үшін оның ішінде жүргізіледі де, ол топографиялық түсірістердің биіктік негізі болып есептеледі жəне əртүрлі инженерлік есептерді шығаруда пайдаланылады.
IV класты нивелирлеу III класты нивелирлеу торын жиілету үшін құрылады жəне инженерлік-геодезиялық есептерді шығаруда кеңінен қолданылады. Нивелирлік жүрістер өзінен класы жоғары нивелирлік торлар қосындарымен түйісіп отырады немесе өз бетімен тұйық полигон құрайды.
ТМД елдерінде нүктелер (маркалар жəне реперлер) биіктігі Кронштад футштогінің нөлдік деңгейінен бастап есептеледі. Футшток деп Кронштадтағы Айналма канал (Обводной канал) жағасына гранитпен бекітілген мыс тақтаға сызылған шкаланы айтады.
Достарыңызбен бөлісу: |