Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері



бет4/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
дәріс кешені (2)
Тірек сөздер: сыбайлас жемқорлық, мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адамгершілік мәдениет, сыбайлас жемқорлық мінез-құлық себептері.


Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар

  1. Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы мен негізгі белгілері.

  2. Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері.

  3. Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері.

  4. Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары.

  5. «Сыбайлас жемқорлық», «парақорлық», «қызметтік жағдайын асыра пайдалану» ұғымдары: олардың айырмашылықтары мен ұқсастығы.

  6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық уәждемесі.

  7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана және оның қазіргі жағдайлардағы ерекшеліктері.

  8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің өзара байланысы

2 – тақырып. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары және сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі, механизмдері



  1. Сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі және механизмдері

  2. Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылатын заң бұзушылықтар

  3. Сыбайлас жемқорлықтың детерминациясының спецификациясы



Сыбайлас жемқорлықтың жіктелуі және механизмдері
Сыбайлас жемқорлықтың түрліше көрініс беретіндігін ескере отырып, соған сәйкес жіктелу жүйелеріне көңіл аудару қажет. Әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықты саяси және экономикалық деп бөліп көрсетеді. Саяси жемқорлықтың дамуы елде бақылаудан тыс саяси ахуалдың қалыптасуына әкеп соғуы мүмкін және демократиялық институттар мен биліктің түрлі бұтақтарының балансына қатер төндіреді. Экономи- калық коррупция нарықтық институттардың тиімділігі мен мемлекеттің реттеушілік қызметінің тиімділігін төмендетеді.
Сонымен қатар, "элитарлық" және "төменгі" сыбалас жемқорлық түрлеріне де жіктеледі. "Элитарлық" сыбайластын жемқорлықты ерекшеліктері: оны жасайтын субъектілердің әлеуметтік жағдайының жоғарылығы; олардың әрекеттерінің биік интеллектуалды амалдармен іске асырылуы; орасан зор заттық, тәни және моральдық залалы ("бағасы қымбат" шешімдерді - заңдар формулаларын, мемтапсырыстарды, меншік тұрпатын өзгерту және т. с. с. шешімдер қабылдауда кездеседі); аса мұқият жасырылған озбырлықтар.
Екіншісі шенеуніктер мен азаматтардың ортаңғы және төменгі деңгейлерінде таралған және олардың арасындағы ұдайы, ескішілдікке негізделген (айыппұлдар, тіркелулер және т.б.) байланыстармен етене. Сыбайлас жемқорлықты келісімге екі жағы да мүдделі топтар көбінесе бір мемлекеттік ұйымда болады. Мысалы, шенеуніктің параны өз бастығына бұның сыбайлас жемқорлықты әрекетін жасырып-жабуы үшін бергені де әдетте "тік сызықты" аталатын сыбайлас жемқорлық боп табылады. Ол әдетте жоғарғы мен төменгі сыбайлас жемқорлықтар арасындағы көпір қызметін атқарады. Бұл сыбайлас жемқорлықтың бөлшектелген актілер кезеңінен тамыры берік, ұйымдасқан формалар кезеңіне өтуін білдіретіндіктен де, өте ерекше қауіпті.
Мамандар сонымен қатар мемлекеттік емес ұйымдардағы сыбайлас жемқорлықты атайды. Коммерциялық немесе қоғамдық ұйымның қызметкері де өзіне тиесілі емес ресурстарды пайдалануы мүмкін; ол да өз ұйымының жарғылық міндеттерін орындауға тиісті; өзіне парда табатын екінші тараптың пайдасы үшін, ұйымның мүдделеріне нұқсан келтіретін әрекеттер арқ- ылы баюға оның да мүмкіндігі бар.
Жалпы үрдістерге байланысты халықаралық ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық айрықшаланады. Халықаралық ұйымаардағы бюрократшылдық өз елдерінің қоғамдық ұйымдары тарапынан бақыланатын ұлттық ұйымдармен салыстырғанда оншалықты қатты тексерінмейді. Соның бәрі сыбайлас жемқорлыққа жол ашады, оның үстіне сыбайлас жемқорлықтық келісімге келушілер халықаралық ұйымдардың жұмыс ерекшеліктеріне байланысты бастарын тәуекел қатерге әлдеқайда азырақ тігеді.
Сөйтіп, халықаралық экономикалық байланыстарда сыбайлас жемқор лық шетелдік капитал қатысатын кәсіпорындардың құрылуы, инвестициялық жобалар және мемлекеттік меншікті жекешелендіру, өнімді бөлу мәселелерін басқа да түрде шешу барысында көрініс береді.
Зерттеушілер сыбайлас жемқорлықтың дамуының шартты географиялық атаулармен аталатын төмендегідей үш түрлі моделін атап көрсетеді. Ол модельдер сыбайлас жемқорлықтың жүйелі құбылысқа, яғни, саяси құрылым мен бүкіл қоғамдық өмірдің ажырағысыз бөлігіне айналуын сипаттайды.
Азиялық модель: сыбайлас жемқорлық - мемлекеттің жұмысымен байланысты әдеттегі және қоғамда қабылдауға жарамды мәдени және эконо- микалық құбылыс.
Африкалық модель: билік өзара келісжен басты экономикалық кландар тобына сатылады және саяси әдіс-тәсілдер арқылы олардың сенімді өмір сүрулерін қамтамасыз етеді.
Латынамерикалық модель: сыбайлас жемқорлықтың бетімен кетушілігі экономиканың көлеңкелі және қылмыстық секторларының мемлекетпен барабар күш-қуатқа жетуіне мүмкіндік береді. Билік "мемлекет ішінде мемлекет" құрған мафиямен тікелей бетпе-бет келіп қалған болып шығады. Ұдайы саяси тұрақсыздық сыбайлас жемқорлықпен күрес толқынында диктатура орнату мүмкіндігін өсіреді.
Сыбайлас жемқорлық механизмдеріне әдетте мыналарды жатқызады;
a) мемлекеттік немесе басқа қызметтегі адам заңсыз түрде беделі немесе сонымен байланысты мүмкіндіктеріне сүйеніп, өз қызметтік өкілеттіктерін немесе қызметтерін жеке және заңды түлғаларға, топтарға (соның ішінде ұйымдасқан қылмыстық құрылымдарға) "сататын", ал "сатып алушы" мемлекеттік немесе басқа құрылымды өз мақсатына баюға, артықшылыртарды заң жүзінде ресімдеуге, заңда белгіленген жауапкершіліктен, әлеуметтік бақылаудан босауға және т. б. мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік алатын екіжақты келісім;
б) қызметкерлердің пара, көлденең сыйлықтар алу мақсатындағы бопсалаушылықтары;
в) қызметкерлерді өте белсенді, батыл түрде, тіпті оларға психикалық тұрғыда қатты ықпал ету арқылы сатып алу. Соңғы әдіс көбінесе әсіресе ұйымдасқан қылмысқа тән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет