Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылатын заңбұзушылықтар



бет5/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
дәріс кешені (2)
Сыбайлас жемқорлыққа жатқызылатын заңбұзушылықтар
Сыбайлас жемқорлық логикалық ауқымына қоғамдық-қауіпті әрекеттердің біртекті түрлері кіретін көпқұрылымды және көпдеңгейлі мазмұндағы құбылыс боп табылады.
Құзырлы халықаралық ұйымдар жүргізген зерттеулер нәттжесіне сәйкес, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлықтың басты түрлері мыналар:
а) мемлекеттік басқарудағы сыбайлас жемқорлық; в) іскерлік белсенділікті жүзеге асыру барысындағы, яғни, ұлттық және халықаралық бизнестегі сыбайлас жемқорлық; с) жоғарғы эшалондардағы саяси, әкімшілік және қаржылық салалардағы сыбайлас жемқорлық.
Сыбайлас жемқорлықтың көптеген нақтылы тұрпаты бар: парақорлық, фаворитизм, непотизм (тамыр-таныстық) , протекционизм, лоббизм, қоғамдық ресурстар мен қорларды заңсыз бөлу мен қайта бөлісушілік, заңсыз жекешелендіру; саяси құрылымдарды (партиялар және т.б.) заңсыз қолдау және қаржыландыру; бопсалау, жеңілдіктері бар кре- диттер, тапсырыстар беру, қоғамдық ресурстарға қол жеткізу үшін жеке байланыстарды пайдалану және басқалар.
Бұрынғы кеңестік мемлекеттерде қазір лауазымды басшыларды сатып алудың дәстүрлі түрлерімен қатар жаңалары да қолданылады: шетелдерге бару шығындарын көтеру, жеңілдіктері бар кредиттер, түрліше кызметтер көрсету, мемлекеттік аппараттағы жұмыстан босатылғаннан кейін жалақысы жоғары қызмет беру, коммерциялық құрылымдар кеңестерінің немесе тең құрылтайшылардың құрамына қосу.
Айтылғандарды жинақтай келгенде, сыбайлас жемқорлықпен байланысты заңбұзушылықтар мыналарды қамтитынын белгілеуге болады: a) заттық, басқа да игіліктер мен артықшылықтар ұсыну және оларды қабылдау түрінде жасалатын сыбылайстық жемқорлық заңбүзушылықтар; б) сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын және оны қамтамасыз ететін құқық бұзушылықтар (қызметтік өкілеттіліктерді қызмет мүддесіне қайшы қолдану, билікті асыра пайдалану және т.б.). Бандай құқық бұзу- шылықтар әртүрлі қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, азаматтық-құқықтық тәртіп сипаттарына ие.
Жемқорлық мінез-әрекеттердің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына, қоғам мен мемлекеттің заңды мүдделеріне қол сұғатын, неғұрлым қауіпті түрпаттарына мемлекеттік қарсы тұрудың ең өткір формасы сыбайлас жемқорлыққарсы қылмыстық саясат. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық саясатты, соның ішінде коррупциялық қылмыстар мониторингін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстық саясат субъектілерінің құзіретін сәтімен шектеуді, сыбайлас жемқорлықтың неғүрлым қауіпті көріністеріне қарсы күресті ресурстық тұрғыдан қамтамасыз етуді, сыбылайстық жемқорлық қылмыстар үшін қылмыстық қудалау заңдылығының кепілдемесін жасауды нәтижелі іске асыру бұндай қылмыстардың толайым тізімін бекітпейінші мүмкін емес.
Сыбайластық жемқорлық қылмыстардың сипаттамаларына мыналар жатады:
1) ол (сыбайлас жемқорлық) әртүрлі қылмыстарға жатқызылатын қылмыстарды қамтиды;
2) адамдардың белгісіз тобының мүдделеріне жиі қол сұғады (құрбандықтың анонимдігі (жасырындығы);
3) құпиялылықты қатты сақтайды;
4) ұйымдасқан қылмыспен тығыз байланысты. Сыбайластық жемқорлық қылмыстарды анықтауға қатысты мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің ережелерін ескеру қажет.
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар ретінде мемлекеттік немесе соған теңестірілген қызмет атқаратын адамдардың өз қызмет бабын одан өзі үшін де, өзге біреулер үшін де мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз жолмен алу мақсатында пайдаланатын, қасақана қылмыстық, жазаға лайық әрекеттер саналады. Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарға, сонымен қатар, айтылған адамдарға аталған игіліктер мен артықшылықтарды жеке және заңды тұлғалардың ұсынуы арқылы сатып алуға бағытталған қасақана қылмыстық, жазаға лайық әрекеттерді де жатқызуға болады.
Сонымен, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыс субъектілері қатарына мемлекеттік немесе оларға теңестірілген қызметтерді атқаруына өкілеттілік берілген адамдар, сондай-ак, лауазымды адамдарды сатып алу үшін оларға заңсыз түрде мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке адамдар жатқызылады.
Қылмыстық кодекстің 307-бабының ескертпесінде былай деп көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес, мемлекеттік функцияларды атқаруына өкілеттілік берілген лауазымды басшыларға Парламент пен мәслихаттар депутаттары, соттар және барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
2. Мемлекеттік функцияларды атқаруына өкілеттілік берілген адамдарға мыналар теңестіріледі:
1) жергілікті өзін-өзі басқару орындарына сайланған адамдар;
2) заңмен белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретінде тіркелген азаматтар, Қазақстан Республикасы Парламенті мен мәслихаттар депутаттары, сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау орындарының мүшелері;
3) еңбекақылары Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті есебінен төленетін, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында түрақты және уақытша жұмыс істейтін қызметшілер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі отыз бес пайыздан кем емес ұйымдарда басқарушылық функциялар атҡаратын адамдар.
3. Лауазымды басшылар ретінде ұдайы, уақытша немесе арнаулы өкілеттілік бойынша билік өкілінің функциясын атқаратын немесе мемлекеттік орындарда, жергілікті өзін-өзі басқару орындарында, сондай- ақ, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарында ұйымдастырушылық басқарушылық немесе әкімшілік-шаруашылық қызметтер атқаратын адамдар мойындалады.
4. Жауапты мемлекеттік қызмет істейтін адамдар ретінде тікелей мемлкеттің функциясын және мемлекеттік орындардың өкілеттіліктерін орын дау үшін Қазақстан Республикасы Конституциясы, конституциялық және басқа да заңдар бойынша бекітіліп, тағайындалатын адамдар, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәй- кес, мемлекеттік қызметшілердің саяси қызметтерін атқаратын адамдар түсініледі.
Мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды алу (ұсыну) ретінде қылмыс субъектісіне жататын адамның мүмкін болатын барлық қызметтер төлеміне жататын, бодаусыз (қайтарымсыз) қабылдау (ұсынуы) немесе меншікке артықша құқық беретін жеңілдіктерді заңсыз пайдалану, құрылыс, жөндеу жұмыстарының өндірісі, шипажайлық немесе туристік жолдамалар, жол жүру билеттерін ұсыну, жеңілдік шарттарының несие немесе кредиттер беру және т.б.-ларды түсіну керек. " Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа жатқызылған қылмыстардың нақты тізбесі Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 41-бабының ескертпесінде белгіленген. Онда коррупциялық қылмыстар ретінде төмендегідей құжаттарды қарастырылған қылмыстар танылады: 176-баптың г) тармағы: "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету", 193-баптың, 3-бөлік, а) тармағы: "Заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру", 209-баптың, 3- бөлік, а) тармағы: "Экономикалық контрабанда", 3-бөлік; 307-бап: "Қыз- мет өкілеттігін теріс пайдалану"; 308-баптың в) тармағы: "Билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану", 4-бөлік; 310-бап: "Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу"; 311-бап: "Пара алу"; 312-бап: Пара беру"; 313- бап: "Парақорлыққа делдал болу"; 314-бап: "Қызметтік жалғандық жасау"; 315-бап: "Қызметтегі әрекетсіздік"; 380-бап: "Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі".
Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарды субъектілері лауазымды басшылар боп табылатын басқа қылмыстардан ажырата білу керек. Және бұл тұста сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстардың мақсаты - лауазымды басшылардың өз қызмет бабын өздері үшін де, өзгелер үшін де заңсыз жолмен мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында, өзге біреулердің мүддесіне қарай пайдалану арқылы заңға қайшы әрекеттерді жасауы боп табылатынын ескеру қажет.
Сол себепті, жоғарыда аталған жағдайлар кездеспеген тұстарда қызмет бабын мөлшерден артық теріс пайдалану, билікте немесе қызметтік өкілеттіліктерде асыра сілтеу, қызметтегі әрекетсіздік тәрізді және басқа да мемлекеттік қызметке қарсы қылмыстар сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмысқа жатпайды.
Лауазымды басшылардың "өз қызмет бабын пайдалану" белгісі бойынша жіктелетін басқа қылмыстары да олардың айтылған мүліктік игіліктер мен пайдаларды басқа біреулерден емес, басынан материалдық пайда табу мақсатымен өз әрекетінің нәтижесінде табатындығынан, сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмысқа жатпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет