Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларының ерекшеліктері



бет7/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
дәріс кешені (2)
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру шараларының ерекшеліктері
Сыбайлас жемқорлық - өзінен-өзі пайда болатын құбылыс, әлеуметтік өмір укладының қойнауында бұғып жатады, мәдени-этникалық және аумақтық шекараларды мойындамайды. Сыбайлас жемкорлықты жою немесе оны жедел мақсатты бағдарлама негізінде әлеуметтік тұрғыдан елеусіз деңгейге дейін тез де тұрақты түрде азайту мүмкін болмауда.
Әлемдік тәжірибеде, сонымен қатар, нарықтық механизмдердің сыбайлас жемқорлық және ұйымдасқан қылмыспен күрестегі өзіндік жеткілікті мәні негізделген жоқ. Орныққан нарықтық қатынастары бар елдерде ұйымдасқан қылмыспен, сыбайлас жемқорлықпен күрес әлденеше онжылдықтар бойы жүргізіліп келеді. Алайда бұл құбылыстар қолданылып отырған шаралардың арқасында тежелсе де, өмір сүруін жалғаcтырып және дамып келеді. Айтылмыш елдерде тиісті құқықтық нұсқаулар үнемі жетілдіріліп, толықтырылып отырады және олар міндетті түрде қатандана түседі, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыстарды әшкерелеу тарапындағы оперативтік-ізкесушілік, қылмыстық- процессуалдық, бақылаушылық-қаржылық және өзге де қосымша шаралар енгізіліп отырады.
Сонымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үнемі мемлекеттің тұрақты функциясы және бүкіл қоғамның ұдайы алаңы болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың жайылуы мен өз-өзінен пайда болуын шектеудің ұзақ тарихи болашаққа есептелген жалпыұлттық тұрақты негіздері қалануы керек.
Сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайы, оған бақылау жасаудың және онымен күресудің тиімділігі түрғысынан келгенде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың ортақ шарттарына мыналар жатады: шенеуніктердің толық үстемдігін мейлінше шектеу, олардың функцияларын формальдық- тіркеушілікке тоқайластыру; бюрократияның экономиканы, білім беру, денсаулық сақтау салаларын, ғылымды, мәдениетті және т.б.-ды "реттеудегі" құқықтарын қатаң шектеу; барлық деңгейдегі бюрократтын аппаратты азайту; бизнестің және жеке тұлғаның тәуелсіздігін күшейту; соттың (қазылардың) тәуелсіздігі мен беделін көтеру; азаматтық қоғам қалыптастыру; шенеуніктердің (мемқызметшілердің) жауапкершілігін арттыра отырып, сонымен бірге жалақысын көтеру; олардың жұмыстарының ашықтығын қамтамасыз ету; сыбайлас жемқорлықты азайту бағытында нақты саяси жігердің болуы.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлықпен күрес ҚР-нын "Сыбайлас күрес туралы" 5-бабында баяндалған төмендегідей басты қағидаттарға негізделеді;
1) заң мен сот алдында баршаның теңдігі;
2) мемлекеттік жұмыстарының айкын жүмыс тәртібінің реттелуін, зандылығы мен жариялылығын, оны мемлекеттік және бакылаулы камтамыз ету;
3) мемлекеттік аппараттың құрылымын, жүмыс пен заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен мүллелерін қорғайтын мәселелерді шешу процедурасын жетілдіру;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-қүқықтық, ұйымдастырушылык-баскарушылык жүйелерін корғаулың басымдығы;
5) лауазымды және мемлекеттік функцияларды өкілеттік берілген адамларлын, сондай-ақ, оларға тенестірілгендірлін құқықтары мен бостандықтарын шектеуге болатындығын мойындау;
6) жеке және заңды тұлғалардың аяқасты етілген құқықтары мен заңды мүдделерін калпына келтіру, заңбұзушылыктардын зиянды салдарларын жою және олардың алдын алу;
7) коррупшиялық заңбұзушылыктармен күресте көмектескен азаматтардың жеке басы қауіпсіздігін камтамасыз ету;
8) мемлекеттік функцияларды атқаруына өкілеттік берілген адамдардын, сондай-ақ, оларға тенестірілгендердің құқықтары мен бостандықтарын мемлекет тарапынан қорғау, оларға өздерінің және отасыларының лайықты тұрмыс денгейін камтамасыз ететін еңбекақы (акшамай) және жеңілдіктер белгілеу;
9) кәсіпкерлік қызметтер жасайтын жеке және заңды тұлғаларға кәсіпкерлік қызметтерді мемлекеттік реттеу өкілеттіліктерін, сондай-ак, оны бақылауды ресми тапсыруға жол бермеу;
10) сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстарды аныктау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында оперативтік-ізкесушілік және басқа жұмыстарды іске асыру, сондай-ак, заңға қайшы жолмен жиналған ақшалай қаражат пен баска да мүліктерді заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнаулы каржылық бақылау шараларын заңда карастырылған тәртіппен қолдану;
11) белгілі бір адамдар тобына кәсіпкерлік жұмыспен, соның ішінде басшылық жасаушы субъектілердің баскару органдарындағы ақша төленетін қызметтермен айналысуына тыйым салу, бірақ егер бұндай қызмет заңнамалық тұрғыдан бекітілген қызметтік міндеттемелеріе карастырылған жағдайларда оған рұқсат етіледі. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күрестің басты бағыты оның алдын алу, яғни, оның себептері мен Шарттарына ықпал жасау болуы керектігін ескерген жөн.
7. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік саясаттың бір бөлігі бола отырып, төмендегідей міндеттерді орындауға бағытталған шараларды қамтуы тиіс:
- сыбайлас жемқорлықпен күресті оның барлық деңгейінде ұйымдастыру;
- сыбайлас жемқорлыққа қолайлы жағдайлар мен шарттар алаңын тарылту;
- сыбылайс жемқорлық әрекеттерді анықтаудың және оған қолданылатын жазалардың ықтималдылығын арттыру;
- лауазымды басшының сыбайлас жемқорлық мотивтеріне ықпал етуі;
-сыбайлас жемқорлықтың барлық түріне деген қоғамдық қарсылық ахуалын қалыптастыру.
Әңгіме мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты практика жүзінде іске асыру ісіндегі ымырасыз саяси жігері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік құрылымдардың азаматтық қоғаммен тығыз бірлестікте жұмыс істеуі жөнінде болуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қағидаттары - сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат субъектілерінің әріптестігі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары мен сыбайлас же бастауларының басымдығы; сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат шараларының жасалуын іске асыртпау және оған бақылау орнату функцияларын біріктіруге жол бермеу.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың мақсаты сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен заңды мүдделерін сыбайлас жемқорлықпен байланысты қатерлерден, әсерлер мен салдарлардан қорғауды төмендегідей шаралар қолдану арқылы қамтамасыз ету боп табылады.
Заңнама саласында:
1. Экономикалық-криминологиялық сараптау жұмыстарына, оларда әсіресе экономикалық және коррупциялық қылмыстардың жасалуына тікелей немесе жанама түрде мүмкіндік беретін ахуалды (ақтаңдақтарды, ерекше жағдайларды және басқа кемшіліктерді) болдырмау мақсатында, криминологиялық жақтан мәнді заңнамалық және басқа құқықтық актілердің жобаларын енгізу.
2. Заңнамада сыбайлас жемқорлықтың көрініс берген жаңа формалары, әккі және бүркемеленген коррупциялық технологиялар үшін жауапкершілік белгілеу.
3. Әкімшілік процедуралар туралы заңнаманы дамыту.
4. Қолданыстағы заңнамаға төмендегідей бағыттар бойынша ревизия жүргізу:
- қолданыстағы заңнамадағы кереғарлықтарды жою, өйткені, бұның бәрі бассыздық пен сыбайлас жемқорлық үшін мүмкіндік тудырады;
- қолданыстағы зандардағы көптеген босаң нормаларыы жою.
Атқарушы билік саласында:
5. Билікке қоғамдық бақылау орнату мақсатымен билік иелерінің жос- парлары, шешімдері мен әрекеттері туралы халықты ақпараттандыру. Ха лықтың ақпарат алу мүмкіндіктері билік иелерінің ол ақпаратты жеткізуге заңда карастырылған міндеттілігімен және бұл міндеттерін орындамағаны үшін қолданылатын бұлжымас санкциялармен камтамасыз етілуі тиіс.
6. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстарын және олардың қабылдаған шешімдерін жаңа демократиялық формалар бойынша әлеуметтік - құқықтық бақылауды дамыту. Әлеуметтік-құқықтық бақылауды репрессиялық жұмыс ретінде қарастыруға болмайды. Оған құрамдас қылмыстық - құқықтық бөлік кіретін болса да, бұл - криминологиялық, ескертпелік бақылау. Қоғам адамның берік негізді құқықтарын қатаң сақтау барысында елдегі әлеуметтік-экономикалық және саяси үдерістерді айқын әлеуметтік- құқықтық бақылаудың күрделі міндеттерін шешудің қағидаттарын қалыптастыруы тиіс.
7. Лауазымды басшылардың қаражат пен мүлікті қарауына алу сала- сындағы жеке жауапкершілігін енгізу.
Экономика және қаржы саласында:
8. Шенеуніктердің шешім қабылдауы барысындағы "өз қалауы" өрісін күрт кеңейтетін бюджеттік қаражат дефицитін жоятын нақты және іске асырылатын бюджеттерге көшу.
9. Экономиканың көлеңкелі аймағын азайту мақсатымен салықтық заңнаманы жетілдіру.
10. Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи түрпаттарын ендіру.
11.экономикалық-коррупциялық қылмыстарға лауазымды басшылардың экономикалық маңызы зор (жекешелендіру, акциялау, аукциондар өткізу және т. б. туралы) шешімдерді қабылдауының ашықтығын (жариялылығын) қатаң түрде енгізу арқылы ықпал ету.
Әлеуметтік салада:
12. Әлеуметтік қызметтердің кейбіреулерін коммерцияландыру, бұл салада бәсекелестікті ендіру.
13. Әлеуметтік төлемдерді азаматтардың шенеуніктер қалауына тәуелсіздігін азайтатын, сөйтіп, төмендегі сыбайлас жемқорлықты шектейтін қолма-қол ақшасыз төлем айналымының электрондық құралдары көмегімен іске асырудың заманауи әдістерін қолдану тәжірибесін кеңейту.
14. Шешімдерді, әлеуметтік міндеттердің кейбірін азаматтық қоғам ин- ституттарына ресми тапсыру (ресурстарды жұмсауды мемлекеттік бақылауда ұстай отырып). Сөйткен жағдайда үш бірдей маңызды міндет бірден шешіледі: төмендегі сыбайлас жемқорлық шектеледі, мемлекеттің әлеуметтік функцияларын іске асырудың тиімділігі артады, қоғамның билікке сенімі өседі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет