Дәріс кешені Дәріс (қысқаша конспект) тезистері


Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар



бет8/47
Дата24.04.2022
өлшемі449.45 Kb.
#456753
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47
дәріс кешені (2)
Дәрісті бекіту үшін тапсырмалар

  1. Сыбайлас жемқорлықтың дамуының тарихи аспектілері.

  2. Сыбайлас жемқорлық ұғымы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қалыптастырудың тарихи кезеңдері.

  3. Қазіргі әлемдегі сыбайлас жемқорлықтың себептері мен шарттары.

3 – тақырып. Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру





  1. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі

  2. Сингапурда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары

  3. Швецияда жұртшылықтың ақпаратқа қолжетімділігі

Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру дамыған елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының маңызды элементтерінің бірі болып саналады. Швеция, Ұлыбритания сияқты еуропалық елдерде азаматтардың ақпаратқа қолжетімдігі, құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейі және халықтың этикалық нормаларды сақтауы – мемлекеттің тұрақтылығы мен өсіп-өркендеуінің кепілі.


Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады. Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама- қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі
Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады.
Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты. Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді» [1].
2014 жылы «Transparency International» сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі. Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана Прибалтика елдері озық тұр.
Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары шақырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда превентивті-алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл сая- сатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне этикалық нормаларды оқыту жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі – «Этика және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері» оқу құралы болып табылады.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалып- тастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, ҮЕҰ және басқа- лар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізу- мен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   47




©dereksiz.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет