Дәріс Кіріспе. Алғашқы ұғымдар, нүкте, жазықтықтағы түзулер мен бұрыштар Жоспар



бет5/9
Дата31.01.2022
өлшемі1.9 Mb.
#454961
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Лекция 1 эм

Бұрышты өлшеу

Егер бұрыштың қабырғалары түзу құраса онда мұндай бұрыш жазық бұрыш деп аталады.

Өзінің сыбайлас бұрышына тең бұрыш тік бұрыш деп, тік бұрыштан кіші бұрыш сүйір бұрыш, ал тік бұрыштан үлкен, жазық бұрыштан кіші бұрыш доғал бұрыш деп аталады. Доғал бұрыш - шамасы тікбұрыштан үлкен, бірақ жазық бұрыштан кіші бұрыш.

. Бұрыштың өлшем бірлігіне тік бұрыштың 1/90 үлесі алынады, ол градус деп аталады. 1 градус= немесе 1 градус=0,0175 радиан.

Сондай-ақ, бұрыштың тағы бір өлшем бірлігі — радиан.

1 радиан= 57,296 градусқа.

Бұрыштар кейде бір нүктенің төңірегінде сәуленің бастапқы қалыптан белгілі бір қалыпқа бұрылу (айналу) өлшемі ретінде де қарастырылады. Бұл жағдайда бұрыш бұрылу бағытына сәйкес оң не теріс мән алады.

Әр түрлі геометриялық жүйелерде “Бұрыш” ұғымы жазық фигура ретінде де, сандық шама ретінде де қолданылады және бұрыш арнаулы жолмен анықталады. Мысалы, қиылысу нүктесінде белгілі бір жанамалары бар қисықтардың арасындағы бұрыш деп осы жанамалар арасындағы бұрышты айтса, түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш деп түзу мен сол түзудің жазықтықтағы тікбұрышты проекциясы арасындағы бұрышты айтады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет