Дәріс конспектілері (тезистері) уе-10-21 фр 03



бет1/73
Дата18.05.2022
өлшемі0.79 Mb.
#457070
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73
Дәріс


«Cырдария» университеті

Дәріс конспектілері (тезистері) УЕ-10-21 ФР 03

88 беттің -беті



«Сырдария» университеті
«Филология және гуманитарлық білім» факультеті
«Білім беру технологиялары» » кафедрасы


ДӘРІС КОНСПЕКТІЛЕРІ (ТЕЗИСТЕРІ)

Модульдің коды, атауы: ATOPsi Арттерапия және отбасы психологиясы


Пәннің коды, атауы: OРsi 1210 Отбасы психологиясы


Жетісай, 2021

Құрастырған: философия докторы(PhD) Атабекова Б.


Дәріс конспектілері (тезистері) кафедраның мәжілісінде талқыланған.

Хаттама №__ ___ _____ 202___жыл


Кафедра меңгерушісі, п.ғ.д., профессор ___________________ Аяшев О.А.




1. Дәріс тақырыбы: Отбасылық дағдарыс психологиясы
Дәріс жоспары:
1.Отбасы психологиясына жалпы түсінік.
2.Отбасы психологиясының құрылымы, қызметі.
3.Отбасының құрылым жүйесі.
Дәрістің мазмұны:
1.Отбасы психологиясына жалпы түсінік.
Отбасы психологиясы- салыстырмалы түрде ғылым мен тәжірибеде жас аймақ. Отбасы институтының тарихи уақыты-XIXғ., оның негізін салған социологтар мен антропологтер болды. Негізінен даму кезеңдерін топтық, жұптық, патриархалды, моногамды деп құрастырды. Отбасы нақты өмірлік құндылықтарды, түсініктерді, қоғаммен өзара қатынаста бағыттар бірлігін білдіретін адамдар бірлестігі немесе мәдени бірлестік болып табылады.
Батыс елдерінде xx ғасырдың 50-жылдарынан бастап отбасы жүйесінің ықпалы кең көлемде қарастырылып, таныла бастады.(К.Бернард, Р. Хилл, М. Андольфи,Р. Корралс).
Отбасы теориясын алғаш ұсынған Людвиг фон Берталанфи: «Отбасы дегеніміз-қарапайым мөлшердегі отбасы мүшелері ғана емес, барлығының белгілі өзара қатынастағы торабы. Отбасы жағдайын түсіну үшін ондағы мүшелердің әр қайсысын жеке талдауға қоса отбасы жүйесін бүтіндей талдау қажеттілігі туындайды».
Отбасы-адамның эмоциясы, уайымы,көзқарасы, қатынасымен байланысты емес, ол феномен.Отбасы феноменінің бір жолы-оның құрылымы, тарихи уақыт талабына сай өзгеруі және бір отбасының өмірлік циклінің логикалық түсіндірілуі.
Отбасы психотерапиясында нобельдік сыйлықтың иегері Верджиния Сатир отбасы деген түсінікке бірнеше кілтті сөздерді ұсынған: отбасы қуаты, отбасы қызметі, отбасы шекарасы. Оның тұжырымдамасы бойынша отбасы әсері төмендегідей:
1.Отбасы-біз одан өсіп шықтық, күнделікті мінез- құлқымыз бен ұстанымыздан көрінеді.
2.Отбасы –жүйе, ол тепе- теңдікке негізделген отбасы мүшелеріне берілген, тыйым салынған рөлдер (жеке қажеттіліктерге байланысты отбасы мүшелерінде қақтығыс туындайды).
3. Отбасы- өзіндік бағалау, мінез- құлықта қорғану пайда болады.
4.Отбасы-күш жеке белсенді өмір сүруге жетелейді.
5.Отбасы-процесс, жеке басты жетілдіруге мүмкіндік береді.
6. Отбасы-өзгеру, ол бірнеше кезеңнен тұрады.
Отбасы- неке негізінде немесе қан жағынан туыстас шағын топ , олар өзара көмек көрсету, жауапкершілік алу және тұрмыстық жалпылыққа байланысады.
Р. Хиллдің көзқарасынша, отбасы жүйесі келесідей белгілерден тұрады:
1.Отбасы мүшелері бір- біріне тәуелді өмір сүреді, егер біреуінің мінез- құлқы өзгерсе, онда ол барлығынада бірдей әсер ететін болады.
2.Отбасы- біршама тығыз, шектеле орналасқан бірлік.
3.Отбасы- сыртқы факторға байланысты міндеттерді атқаратын және ішкі қажеттілікті қанағаттана өтейтін бірлік болып табылады.
Отбасы гомеостазы- отбасы жағдайы мен қорғану сезіміндегі тұрақтылықты болжау жүйесі.Айтылған ойлардың басын қоссақ, отбасы дегеніміз қоғамдағы жоғары тәртіпті бүтіндей жүйемен басқа да ашық жүйелермен өзара әрекеті белсенді, трансформация мен эволюциялық даму жүйесі.
Отбасы жүйесін біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, себебі оның өз алдына құрылымы мен қасиеті бар.Оған енетін белгілер:
-өзара тәуелділік: жүйеде жеке элементтердің өзара әсері;
-холизм: жүйедегі жеке элементтер біріге отырып, бүтіндік сипатқа еніп, алғашқы жекелік сипаттан жаңа қасиетті меңгереді;
-құрылымдық ұйымдастыру:құрылымдық элементтердің алғашқы басымдылық шамасына-отбасы құрылымы, рөлдері, отбасы ішілік қатынас бірлігі кіреді;
-арнайы ішкі процестер (циркулярлы, спираль тәрізді, үздіксіздігі);
-динамикалы немесе дамуға қабілеттілігі;
-өзіндік ұйымдастыру қабілеті: бүтіндік сипатта қалу талпынысы, отбасы ішілік күштің болуы;
-гомеостаз және даму диалектикасы.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет