Дәріс Параметрлі критерийлер



бет1/5
Дата10.12.2023
өлшемі438.5 Kb.
#486080
  1   2   3   4   5

Дәріс 8. Параметрлі критерийлер


Биологияда параметрлі критерийлер жиі қолданылады, олардың бірнеше түрлері бар. Олардың арасынан іріктемелік статистикалардың бас жиындағы параметрлеріне сәйкестігін және екі түрлі іріктемелердің арифметикалық орта көрсеткіштері арасындағы айырмашылықтың сенімділігін бағалауда Стьюденттің t-критерийі, ал дисперсияны бағалауда (бірнеше арифметикалық орталарды салыстыруда) Фишердің F-критерийі қолданылады. Төменде аталған критерийлерді қолдану арқылы биологиялық бағалау жұмыстары жеке қарастырылады.


Cтьюденттің t -критерийі




Үлестірімі қалыпты іріктеменің орта шамасының өзінің бас жиындағы параметріне сәйкестігін яғни олардың айырымының сенімділігін бағалау үшін Гаусс–Лаплас формуласын қолданудың өзіндік қиындығы бар, өйткені формуланың құрамына бас

жиынның
xбас
және
σбас
параметрлері енеді, ал олардың шамасын

есептеу басым көпшілік жағдайда мүмкін болмайды, сондықтан

статистикалық бағалауда іріктемелік
x және
ірікт.
σірікт.

көрсеткіштерін пайдалануға тура келеді. Іріктемелік көрсеткіштің статистикалық қателігі, сонымен байланысқан мөлшерленген ауытқудың (t) шамасы іріктеменің көлеміне кері пропорциональды. Демек, іріктеме көлемінің t мәніне әсерін жоққа шығару керек. Осы жағдайларды ескере отырып, ағылшын математигі В. Госсет (псевдонимі – Стьюдент) 1908 жылы мөлшерленген ауытқудың үлестірім заңын ұсынды.
Іріктеме бойынша зерттелген белгінің негізгі сипаттамаларының бас жиындағы өздерінің параметрлеріне сәйкестік деңгейлерін білу үшін эмпиризмдік сенімділік критерийін есептеу керек. Сенімділік критерийінің теориялық (кестелік немесе стандарттық) мәндері Стьюдент критерийі деп аталады (10- кесте).
Сенімділік критерийінің шамасын есептеу үшін биометриялық көрсеткіштің өзінің қателігіне қатынасы алынады:


t x , t x , t x , т. б.

m

Cv

m
x x σ mσ Cv




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет